Жаңалықтар

Жыл басынан бері ерлерге қарағанда әйелдер көп жұмысқа орналасқан

Биыл жыл басынан бастап ерлерге қарағанда әйелдер көп жұмысқа орналасқан. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Ләззат Құсайынова мәлім етті Оның айтуынша, мұндай оң өзгеріс көп жылдардан бері алғаш рет байқалып отыр. 2012 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жұмыс іздеп 12 638 адам хабарласқан. Телефон соққандардың ішінде – 7 997 әйел (63%), 14-29 жас аралығындағы жастар – 6316 (59,4%). «Жыл басынан бері 5582 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде әйелдер – 3552 (63%), ерлер – 1493. Мұндай оң статистика алғаш рет байқалып отыр», - дейді Л. Құсайынова. Оның айтуынша, оң өзгеріске ықпал еткен мемлекеттік Бағдарламалардың іске асырылуы. Мысалы, шағын және орта кәсіпкерлікті, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың бір жолы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру. Бұл қазіргі кезде қарқын алып, кәсіпкерлік саласын қолдаудың тиімді механизміне айналды. Қолдау тапқан жобалар саны бұған куә бола алады. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Астана қаласының Жеделдетілген индустриалдық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі 27 335,1 млн. теңге несие портфелі сомасына 109 жоба қаралды, оның ішінде 6 746,8 млн. теңге сомаға 22 жобаға қолдау көрсетілді, барлық жобалардың басшылары әйелдер. Іске асырылатын жобалардың негізгі бөлігі азық-түлік өнімдерін (нан-тоқаш өнімдері, кондитерлік өнімдер өндірісі) шығаратын өңдеуші өнеркәсіптер – 43 жоба (43%), көлік саласы – 17%, қонақ үй бизнесі – 15%, білім беру – 11%, денсаулық сақтау саласы – 8% және басқалар – 6%. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» бағдарламасы іске асырылып жатыр, оның аясында 9 кәсіпкер әйелге 49,52 млн. теңге несие берілді. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
07.03.2013 08:12 3004

Биыл жыл басынан бастап ерлерге қарағанда әйелдер көп жұмысқа орналасқан. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Ләззат Құсайынова мәлім етті

Оның айтуынша, мұндай оң өзгеріс көп жылдардан бері алғаш рет байқалып отыр.

2012 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жұмыс іздеп 12 638 адам хабарласқан. Телефон соққандардың ішінде – 7 997 әйел (63%), 14-29 жас аралығындағы жастар – 6316 (59,4%).

«Жыл басынан бері 5582 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде әйелдер – 3552 (63%), ерлер – 1493. Мұндай оң статистика алғаш рет байқалып отыр», - дейді Л. Құсайынова.

Оның айтуынша, оң өзгеріске ықпал еткен мемлекеттік Бағдарламалардың іске асырылуы. Мысалы, шағын және орта кәсіпкерлікті, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың бір жолы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру. Бұл қазіргі кезде қарқын алып, кәсіпкерлік саласын қолдаудың тиімді механизміне айналды. Қолдау тапқан жобалар саны бұған куә бола алады.

2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Астана қаласының Жеделдетілген индустриалдық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі 27 335,1 млн. теңге несие портфелі сомасына 109 жоба қаралды, оның ішінде 6 746,8 млн. теңге сомаға 22 жобаға қолдау көрсетілді, барлық жобалардың басшылары әйелдер.

Іске асырылатын жобалардың негізгі бөлігі азық-түлік өнімдерін (нан-тоқаш өнімдері, кондитерлік өнімдер өндірісі) шығаратын өңдеуші өнеркәсіптер – 43 жоба (43%), көлік саласы – 17%, қонақ үй бизнесі – 15%, білім беру – 11%, денсаулық сақтау саласы – 8% және басқалар – 6%.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» бағдарламасы іске асырылып жатыр, оның аясында 9 кәсіпкер әйелге 49,52 млн. теңге несие берілді.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға