А.Страдиваридің 2010 жылы ұрланған скрипкасы сығандардан табылды
Осыдан үш жыл бұрын Лондон вокзалында Страдивари 1696 жылы жасаған, кәріс скрипкашысы Мин Чин Кимнің иелігіндегі аспапты ұрлап кетті. Көп ұзамай, осы ұрлыққа барған Джон Моэн және оның екі жасөспірім сыбайласы ұсталды. Алайда музыкалық аспап табылмады. Сол кезде «ұрылар Страдивари скрипкасын 100 фунт стерлингке (шамамен 22 мың теңге) сатпақшы болған» деген ақпарат та тараған болатын. 2011 жылы Д.Моэн 4,5 жылға сотталды. Ал скрипканы бүлдірмей қайтарған адамға 40 мың фунт (60 мың доллар) көлеміндегі сыйақы тағайындалған еді.
ҚазАқпарат
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады
2010 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында ұрланған А.Страдиваридің скрипкасы Болгариядан табылды.
