Жапондықтар 32-граммдық ұялы телефон жасып шықты
Willcom жаңа құрылғыны қарапайым смартфондар мен планшеттерге қосымша ретінде ұсынып отыр. Phone Strap 2 арқылы қоңыраулар шалып, электронды пошта арқылы электронды хаттамалар жолдауға болады.
Аппарат тек Жапонияда шығады. Willcom жаңа ұялы телефондардың тек шектеулі саны, яғни 12 мыңы ғана шығатынын айтты. Phone Strap 2 бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. Айта кету керек, Willcom құрылғысы Еуропа елдерінде жоқ жапондық PHS стандарттық желісіне ғана арналған. Осыған дейін де Willcom кішкентай мобильді аппараттарды сатылымға енгізген еді. Мәселен, 2011 жылы шығарылған Willcom WX03A телефоны Phone Strap 2-ден 1 ғана граммға ауыр болған екен.
Гиннестің рекордттар кітабының мәліметтеріне сәйкес әлемдегі сенсорлы экраны бар ең жеңіл телефон - sWP Nova болып табылады. Оның салмағы небары 40,3 граммды құрайды. Ал Wi-Fi бар жеңіл ұялы телефон 62,7 граммдық modu W аппараты саналады.
BAQ.kz