Әйелдердің халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Нұр Отан»ХДП «Бірлік» филиалы әйелдер қауымына тұрмыстық техника бұйымдарын сыйлыққа тартып, келе жатқан мейраммен құттықтады.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлімшесіне көп балалы аналар, мүгедек-әйелдер, жалғызілікті зейнеткер әйелдер хабарласып, материалдық көмек сұраған-ды. Осы ретте 8 наурыз мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы өкілдері әйелдерді құттықтай отырып, уәде еткен сыйлықтарын үйіне жеткізіп берді.
«Аталмыш акция біріншіден Елбасы Жолдауының негізінде жүргізіліп отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдесу назарға алынуы тиіс мәселе деген болатын. Біздің рухани, материалды көмегімізге зәру адамдарға партия әрдайым қолдау көрсетуге дайын»,-деді «Нұр Отан»ХДП «Бірлік» филиалы кеңесінің мүшесі Ғалым Жұмжаев.
Сондай-ақ, Жұмжаев бүгін 10-нан астам әйелге кір жуғыш машина, теледидар, тоңазытқыш, есту аппараты сынды сыйлықтар тартылғанын айтады.
BAQ.kz
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға