Жаңалықтар

Брест Қорғанысы

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Брест Қорғанысы — Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері жау соққысына ерлікпен тойтарыс берген КСРО-ның шекаралық шебіндегі қаїармандық соғыс қимылы. 1941 ж. 22 маусым күні қамалда 7-атқыштар батальоны, атқыштар корпусының штабтық және шаруашылық бөлімшелері, застава, шекаралық отряд, НКВД әскері және медсанбат болған. Қорғандағы адамдар саны 7 — 8 мыңнан аспаған, бірақ жау қамалды атқылай бастағанда, олардың тең жартысына жуығы алдын ала белгіленген жерге кетіп, бекіністерде шамамен 3,5 мыңдай адам ғана қалған. Қамалға қарсы гитлершілер Варшава мен Парижді алуда ерекше көзге түскен 45-жаяу әскер дивизиясын жапты. Оларға ауыр артилл. батареялары мен 1250 кг-дық фугастық жә-не 2200 кг-дық бетон жарғыш снарядтар ататын “Тор” жүйесіндегі аса қуатты артилл. қондырғылары қолдау көрсетті. Қамалға жау ұшақтары 1800 кг-дық жарықшақтық, жандырғыш және фугастық бомбалар тастады. Көп ұзамай қамал түгелдей қоршауда қалды. Алғашқы абыржушылықты пайдаланып, жаудың шабуылдаушы батальондары десанттық қайықтар мен көпір арқылы цитадельге өтті де, Тересполь қақпасын және шіркеу үйін басып алды. Қамал гарнизоны үлкен шығынға ұшырады. Қамалды қорғаушылар әрбір үй, әрбір қабат, әрбір бөлме үшін жан алып, жан берісті. Тек 24 маусымға қараған түні ғана жау Волын бекінісінің негізгі объектілерін басып алды. Тересполь объектілерін алу үшін олар тағы бір апта арпалысты. Фашистер бұл майданда отатқыштарды, уландырғыш заттарды қолданып, бекініс-жертөлелерді су астына батырды. Шілденің 20-сы күні ғана майдан шебі шығысқа, Смоленскіге қарай ауысты да, айқас толас тапты. Жау 44-атқыштар полкінің майоры П.М. Гавриловты тек 23 шілдеде жаралы күйінде ғана қолға түсірді, ал сол қанды шайқаста ерлік көрсетіп, аман қалған жауынгерлерін алып шыққан лейтенант Н. Плужников 1942 ж. 12 сәуіріне дейін басқа майдандарда соғысты. Брест қамалын қаїармандықпен қорғаған 33 ұлттың өкілдері арасында қазақстандық жауынгерлер В. Лобанов, Р. Хабибуллин, Айтбаев, И.С. Арыскин, И. Волнистов, Д. Жақыпов, Жампейісов, К. Иманқұлов, П.А. Карболин, М. Ниязов, К.Байжігітов, Ф.Д. Виволанец, С.Н. Лебедов, И.Е. Черемнов, М.И. Карслиев, А.Сабырбаев, Г.Д. Деревянко, т.б. болды. Цитадельде, Тересполь қақпалары мен орталықтағы қиян-кескі шайқаста 333-атқыштар полкінің құрамында Бейсембеков, В.Н. Горянов, С. Ушуров, В.Д. Жищенко, М.И. Кобзарев, т.б. қаїармандықпен соғысты. Брестің оңт.-шығыс бөлігін алғаш қорғаушылар арасында болған Ғ. Жұматов есімі де құрметпен аталады. 1956 ж. цитадельдегі казарманың сау қалған бөлігіне Брест қамалы қорғанысының музейі орналасқан болатын. 1971 ж. оның негізінде мемориалдық ансамбль ашылды. Бауырластар зираты оның құрамдас бір бөлігіне айналды. Зиратта қамал қорғау жолында ерлікпен шейіт болған 850 кісі жерленген. Олардың 213-інің есімі анықталған. 1965 ж. 8 маусымда Брест қамалына “Батыр-қамал” атағы берілді. П. Белан Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 11:31 5653

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Брест Қорғанысы — Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері жау соққысына ерлікпен тойтарыс берген КСРО-ның шекаралық шебіндегі қаїармандық соғыс қимылы. 1941 ж. 22 маусым күні қамалда 7-атқыштар батальоны, атқыштар корпусының штабтық және шаруашылық бөлімшелері, застава, шекаралық отряд, НКВД әскері және медсанбат болған. Қорғандағы адамдар саны 7 — 8 мыңнан аспаған, бірақ жау қамалды атқылай бастағанда, олардың тең жартысына жуығы алдын ала белгіленген жерге кетіп, бекіністерде шамамен 3,5 мыңдай адам ғана қалған. Қамалға қарсы гитлершілер Варшава мен Парижді алуда ерекше көзге түскен 45-жаяу әскер дивизиясын жапты. Оларға ауыр артилл. батареялары мен 1250 кг-дық фугастық жә-не 2200 кг-дық бетон жарғыш снарядтар ататын “Тор” жүйесіндегі аса қуатты артилл. қондырғылары қолдау көрсетті. Қамалға жау ұшақтары 1800 кг-дық жарықшақтық, жандырғыш және фугастық бомбалар тастады. Көп ұзамай қамал түгелдей қоршауда қалды. Алғашқы абыржушылықты пайдаланып, жаудың шабуылдаушы батальондары десанттық қайықтар мен көпір арқылы цитадельге өтті де, Тересполь қақпасын және шіркеу үйін басып алды. Қамал гарнизоны үлкен шығынға ұшырады. Қамалды қорғаушылар әрбір үй, әрбір қабат, әрбір бөлме үшін жан алып, жан берісті. Тек 24 маусымға қараған түні ғана жау Волын бекінісінің негізгі объектілерін басып алды. Тересполь объектілерін алу үшін олар тағы бір апта арпалысты. Фашистер бұл майданда отатқыштарды, уландырғыш заттарды қолданып, бекініс-жертөлелерді су астына батырды. Шілденің 20-сы күні ғана майдан шебі шығысқа, Смоленскіге қарай ауысты да, айқас толас тапты. Жау 44-атқыштар полкінің майоры П.М. Гавриловты тек 23 шілдеде жаралы күйінде ғана қолға түсірді, ал сол қанды шайқаста ерлік көрсетіп, аман қалған жауынгерлерін алып шыққан лейтенант Н. Плужников 1942 ж. 12 сәуіріне дейін басқа майдандарда соғысты. Брест қамалын қаїармандықпен қорғаған 33 ұлттың өкілдері арасында қазақстандық жауынгерлер В. Лобанов, Р. Хабибуллин, Айтбаев, И.С. Арыскин, И. Волнистов, Д. Жақыпов, Жампейісов, К. Иманқұлов, П.А. Карболин, М. Ниязов, К.Байжігітов, Ф.Д. Виволанец, С.Н. Лебедов, И.Е. Черемнов, М.И. Карслиев, А.Сабырбаев, Г.Д. Деревянко, т.б. болды. Цитадельде, Тересполь қақпалары мен орталықтағы қиян-кескі шайқаста 333-атқыштар полкінің құрамында Бейсембеков, В.Н. Горянов, С. Ушуров, В.Д. Жищенко, М.И. Кобзарев, т.б. қаїармандықпен соғысты. Брестің оңт.-шығыс бөлігін алғаш қорғаушылар арасында болған Ғ. Жұматов есімі де құрметпен аталады. 1956 ж. цитадельдегі казарманың сау қалған бөлігіне Брест қамалы қорғанысының музейі орналасқан болатын. 1971 ж. оның негізінде мемориалдық ансамбль ашылды. Бауырластар зираты оның құрамдас бір бөлігіне айналды. Зиратта қамал қорғау жолында ерлікпен шейіт болған 850 кісі жерленген. Олардың 213-інің есімі анықталған. 1965 ж. 8 маусымда Брест қамалына “Батыр-қамал” атағы берілді.

П. Белан

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға