Жаңалықтар

Жаяу Мұса

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЖАЯУ МҰСА Байжанұлы (1835, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жасыбай көлінің маңы — 31.7.1929, сол аудандағы Далба тауы етегіндегі Ақшоқы деген жер) — әнші, ақын, композитор. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды. Ж. М. жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 ж. Қызылжарға (қазіргі Петропавл) келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Қаладағы оркестрлердің, әншілердің орындауындағы концерттерді қызыға тыңдайды. Бұл оның муз.-эстетик. талғамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ж. М-ның Ш.Уәлихановпен бірге жүруі, Ы.Алтынсариннің өлеңіне (“Кел, балалар, оқылық”) ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н. Толстой кейіпкерінің атын баласына қоюы — оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады. Ж. М. 1854 ж. Омбы қ-ндағы орыс мектебінде оқыды. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, т.б. қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады. Ж. М-ның тырнақалды туындысы “Қыздар-ай” Омбыда дүниеге келді. Ол туған ауылына сауатты азамат, муз. аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаз болып оралады. Келе ауыл өміріне қызу араласты. Ж. М. әкімдердің, би-болыстардың парақорлығын әшкерелеп, әсіресе, Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығын айтып, Омбы ген.-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, “жаяу” атандырды. Осы тұста шығарған “Ақсиса” әнінде Ж. М. — әлеум. теңсіздікке өз наразылығын білдіреді. Билігі жүріп тұрған Шормановтар әр түрлі жала жауып, 1860 ж. оны Тобылға 12 жылға жер аудартады. “Сүйіндік”, “Тұтқын зары” әндері осы кезде шыққан. Тұтқында 2 жыл болғаннан кейін өзі сұранып әскерге кетеді. Оны Литвада Орт. Азия жорығына дайындалып жатқан Г.Черняевтің отрядына жібереді. 1863 — 65 ж. Ж. М. осы отрядтың жүк батальоны құрамында Шымкент, Әулиеата (Тараз), Верный (Алматы) жорығына қатысады. Черняевтің халыққа көрсеткен зорлығына қатты наразы болып, туған ауылына оралады. Оған ата жаулары елде де тыныштық бермей, қайта қуғынға салған. Жергілікті халықтың ауыр тұрмысын, билеушілерден көрген зорлық-зомбылығын айтып түсіндіру үшін ол Санкт-Петербургке аттанады. Бірақ одан да қолдау таба алмаған соң, Латвияда, Польшада болып, соңынан Қазанға келіп аялдайды. Ж. М-ның әншілік, композиторлық өнері халық музыкасымен тығыз байланыста дамыды. Сол тұста өмір сүрген Тоқсанбай, Жанақ, Түбек, Көтеш, Жаңабай сынды ақын-жыршылардың дәстүрлерін үлгі тұтып, жаңалыққа құлаш ұрды. Ж. М-ның әлеум. теңсіздікті әшкерелейтін “Ақсиса”, “Хаулау”, “Шормановқа”, “Толғау”, “Бұзау зары”, “Тұтқын зары”, “Сүйіндік”, туған жер табиғатын суреттейтін “Баянауыл”, “Жаздың күні”, “Жазда”, “өлытау”, “Сарын”; аңшылық-саятшылық туралы “Тұрымтай”, “Қаршыға”, “Көгершін”, күлдіргі “Құлбай”, “Қазан қыздары”, махаббатты жырлайтын “Сұрша қыз”, “Шолпан”, “Сәулем қыздар”, “ГауҺар қыз”, “Ләйлім”; өмірлік серігі Сапарға арналған “Келдім, Сапар, басыңа” атты әндері бар. Сондай-ақ, ол — лирикалық сипаттағы “Қыз күйі”, “Қызбала күйі”, “Қызқарқара”, “Қамшылау” сияқты күйлердің де авторы. Ж. М-ның муз. шығарм. — халықтың әншілік-орындаушылық дәстүрі, сондай-ақ, қала әсерінен пайда болған марш, би ырғағындағы туындылар негізінде дамыды. Әндерінде диатоникалық жүйедегі ладтар басым. Ж. М. әндерінде қазақ халық әндерінде аса сирек кездесетін құбылыс — классик. музыканың формасын құрайтын ерекшеліктер “Ақсиса”, “Ескендір”, “Тұрымтай” әндерінен анық байқалады. Ж. М. — композитор, әнші ғана емес, өз әндеріне лайықтап, өлең шығарған ақын. Көптеген мысқыл өлеңдерімен қатар “Шал мен торғай”, “Бөдене мен қаншыр” атты мысалдары да бар. Ж. М. көңілге түйгендерін орысша, қазақша қағазға түсіріп отырған. Қазақ қоғамының әлеум. істеріне белсене араласып, ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосты. Ж. М-ның көптеген қолжазбалары Алматы, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мұрағаттарынан табылды. Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар — А.В. Затаевич, А.Жұбанов, Б.Г. Ерзакович, М.Лалинов; әндерін айтып берушілер — Қ.Бабақов, Қ.Байжанов, Ә. Қашаубаев, Қ.Лекеров, Ж.Елебеков және Ж. М-ның баласы Салық Мусин. Оның муз. мұрасын қазақ композиторлары опера (“Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Біржан — Сара”, “Бекет”), симфония, эстрада жанрларында пайдаланды. Ж. М. әндері қазіргі әншілердің (Е.Серкебаев, Қ.Байбосынов, т.б.) репертуарынан орын алды. Әнші бейнесі көркем шығармаларда (З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” романы) сомдалды. Павлодар обл-ның Ақсу қ-ндағы мәдени-ағарту уч-щесі және Павлодар қ-ның бір көшесі Ж. М. есімімен аталады. З. Қоспақов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
08.11.2012 11:25 9532

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЖАЯУ МҰСА Байжанұлы (1835, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жасыбай көлінің маңы — 31.7.1929, сол аудандағы Далба тауы етегіндегі Ақшоқы деген жер) — әнші, ақын, композитор. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды. Ж. М. жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 ж. Қызылжарға (қазіргі Петропавл) келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Қаладағы оркестрлердің, әншілердің орындауындағы концерттерді қызыға тыңдайды. Бұл оның муз.-эстетик. талғамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ж. М-ның Ш.Уәлихановпен бірге жүруі, Ы.Алтынсариннің өлеңіне (“Кел, балалар, оқылық”) ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н. Толстой кейіпкерінің атын баласына қоюы — оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады. Ж. М. 1854 ж. Омбы қ-ндағы орыс мектебінде оқыды. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, т.б. қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады. Ж. М-ның тырнақалды туындысы “Қыздар-ай” Омбыда дүниеге келді. Ол туған ауылына сауатты азамат, муз. аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаз болып оралады. Келе ауыл өміріне қызу араласты. Ж. М. әкімдердің, би-болыстардың парақорлығын әшкерелеп, әсіресе, Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығын айтып, Омбы ген.-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, “жаяу” атандырды. Осы тұста шығарған “Ақсиса” әнінде Ж. М. — әлеум. теңсіздікке өз наразылығын білдіреді. Билігі жүріп тұрған Шормановтар әр түрлі жала жауып, 1860 ж. оны Тобылға 12 жылға жер аудартады. “Сүйіндік”, “Тұтқын зары” әндері осы кезде шыққан. Тұтқында 2 жыл болғаннан кейін өзі сұранып әскерге кетеді. Оны Литвада Орт. Азия жорығына дайындалып жатқан Г.Черняевтің отрядына жібереді. 1863 — 65 ж. Ж. М. осы отрядтың жүк батальоны құрамында Шымкент, Әулиеата (Тараз), Верный (Алматы) жорығына қатысады. Черняевтің халыққа көрсеткен зорлығына қатты наразы болып, туған ауылына оралады. Оған ата жаулары елде де тыныштық бермей, қайта қуғынға салған. Жергілікті халықтың ауыр тұрмысын, билеушілерден көрген зорлық-зомбылығын айтып түсіндіру үшін ол Санкт-Петербургке аттанады. Бірақ одан да қолдау таба алмаған соң, Латвияда, Польшада болып, соңынан Қазанға келіп аялдайды.

Ж. М-ның әншілік, композиторлық өнері халық музыкасымен тығыз байланыста дамыды. Сол тұста өмір сүрген Тоқсанбай, Жанақ, Түбек, Көтеш, Жаңабай сынды ақын-жыршылардың дәстүрлерін үлгі тұтып, жаңалыққа құлаш ұрды. Ж. М-ның әлеум. теңсіздікті әшкерелейтін “Ақсиса”, “Хаулау”, “Шормановқа”, “Толғау”, “Бұзау зары”, “Тұтқын зары”, “Сүйіндік”, туған жер табиғатын суреттейтін “Баянауыл”, “Жаздың күні”, “Жазда”, “өлытау”, “Сарын”; аңшылық-саятшылық туралы “Тұрымтай”, “Қаршыға”, “Көгершін”, күлдіргі “Құлбай”, “Қазан қыздары”, махаббатты жырлайтын “Сұрша қыз”, “Шолпан”, “Сәулем қыздар”, “ГауҺар қыз”, “Ләйлім”; өмірлік серігі Сапарға арналған “Келдім, Сапар, басыңа” атты әндері бар. Сондай-ақ, ол — лирикалық сипаттағы “Қыз күйі”, “Қызбала күйі”, “Қызқарқара”, “Қамшылау” сияқты күйлердің де авторы. Ж. М-ның муз. шығарм. — халықтың әншілік-орындаушылық дәстүрі, сондай-ақ, қала әсерінен пайда болған марш, би ырғағындағы туындылар негізінде дамыды. Әндерінде диатоникалық жүйедегі ладтар басым. Ж. М. әндерінде қазақ халық әндерінде аса сирек кездесетін құбылыс — классик. музыканың формасын құрайтын ерекшеліктер “Ақсиса”, “Ескендір”, “Тұрымтай” әндерінен анық байқалады. Ж. М. — композитор, әнші ғана емес, өз әндеріне лайықтап, өлең шығарған ақын. Көптеген мысқыл өлеңдерімен қатар “Шал мен торғай”, “Бөдене мен қаншыр” атты мысалдары да бар. Ж. М. көңілге түйгендерін орысша, қазақша қағазға түсіріп отырған. Қазақ қоғамының әлеум. істеріне белсене араласып, ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосты. Ж. М-ның көптеген қолжазбалары Алматы, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мұрағаттарынан табылды. Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар — А.В. Затаевич, А.Жұбанов, Б.Г. Ерзакович, М.Лалинов; әндерін айтып берушілер — Қ.Бабақов, Қ.Байжанов, Ә. Қашаубаев, Қ.Лекеров, Ж.Елебеков және Ж. М-ның баласы Салық Мусин. Оның муз. мұрасын қазақ композиторлары опера (“Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Біржан — Сара”, “Бекет”), симфония, эстрада жанрларында пайдаланды. Ж. М. әндері қазіргі әншілердің (Е.Серкебаев, Қ.Байбосынов, т.б.) репертуарынан орын алды. Әнші бейнесі көркем шығармаларда (З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” романы) сомдалды. Павлодар обл-ның Ақсу қ-ндағы мәдени-ағарту уч-щесі және Павлодар қ-ның бір көшесі Ж. М. есімімен аталады.

З. Қоспақов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға