Мадина Даулетбаева жеңіске жетті (видео)
Астанада әлемнің ең үздік гроссмейстерлерінің басын қосқан шахматтан әйелдер арасындағы 4-командалық әлем чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы АҚШ-тың шахматшыларымен кездесті. Жерлестерімізден Мадина Даулетбаева америкалық Виктория Нимен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Дәл осындай есеппен Ұлттық құрама сапындағы Гүлмира Дәулетбаева қарсыласына есе жіберді. Ал, Гүлісхан Нахбаева мен Динара Садуақасова кездесулерін тең нәтижемен ақтады. Қос құрама арасындағы жалпы нәтиже 2:2. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ресейлік спортшылармен өткізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

