Жаңалықтар

Оралдық оқушылар бірыңғай мектеп формасын кимек (видео)

Оралдық оқушылар мектеп табалдырығын келесі оқу маусымында бірыңғай мектеп формасымен қарсы алмақ.  Жуырда қаладағы барлық мектептердің жарғылары қайта қаралып, онда бірыңғай форма кию міндеттелді. Қазір ұстаздар ата-аналармен бірлесіп мектеп формасының үлгілерін жасақтауға кірісті. Демеушілер арқылы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жеңілдік жасау жағы да қарастырылған. Ардагер ұстаз Сәния Өтеева – қазір ата-аналар комитетінің белсенді мүшесі. Өз немерелері оқитын білім ошағында бірыңғай мектеп формасын енгізуге бастамашы болды. Әр баланың киімі шамамен 5 мың теңгеден келеді. Сәния ӨТЕЕВА, ата-аналар комитетінің мүшесі: - №43 мектепте менің 4 немерем оқиды. Ата-аналармен келісіп, әлеуметтік жағдайлары әртүрлі болғандықтан әртүрлі киінеді. Біріңғай мектеп формасы оларды тәртіпке шақырады. Мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттайтын бірінші сынып оқушылары бюджет есебінен тегін қамтылады. Бұл – облыс көлемінде соңғы бес жылда қолға алынған игі бастама. Жалпы, бірыңғай киім үлгісі сапалы  және ыңғайлы болса, оқушылар да бас тартпайды. Әсел ҒАБДОЛ, оқушы:  - Менің ойымша бұл форманы кию өте дұрыс. Себебі өзімізге өте ыңғайлы және түсі де әдемі. Көңілімізді жақсартып, жылышырай береді. Сонымен бірге оның жакеті де бар. Егер стильдікиінгіміз келсе, арнайы форманы кие аламыз. Қазір Оралда мектеп формасын оншақты білім ошағы қолданысқа енгізген. Алайда, тәрбие мәселесі қалған мектептерде сырт қалмауы тиіс. Сол себепті қазір қалалық білім бөлімі «үздік мектеп формасының» үлгісіне байқау жариялады.  Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА, қалалық білім бөлімінің бастығы: - Бізде бүгінгі таңда 46 мектеп балаларға тәлім-тәрбие беруде. Онда 32 200-дей оқушылар бар. Сондықтан келесі 2013-2014 оқу жылына ойлаған ойымыз іске асса, мектеп оқушылары бір тәртіпке келіп, мектеп формасымен алғашқы қоңырауды қарсы алады деп ойлаймыз. Авторлар: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Мырзағалиев  
04.03.2013 06:30 3930

Оралдық оқушылар мектеп табалдырығын келесі оқу маусымында бірыңғай мектеп формасымен қарсы алмақ. 

Жуырда қаладағы барлық мектептердің жарғылары қайта қаралып, онда бірыңғай форма кию міндеттелді. Қазір ұстаздар ата-аналармен бірлесіп мектеп формасының үлгілерін жасақтауға кірісті. Демеушілер арқылы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жеңілдік жасау жағы да қарастырылған.

Ардагер ұстаз Сәния Өтеева – қазір ата-аналар комитетінің белсенді мүшесі. Өз немерелері оқитын білім ошағында бірыңғай мектеп формасын енгізуге бастамашы болды. Әр баланың киімі шамамен 5 мың теңгеден келеді.

Сәния ӨТЕЕВАата-аналар комитетінің мүшесі:

- №43 мектепте менің 4 немерем оқиды. Ата-аналармен келісіп, әлеуметтік жағдайлары әртүрлі болғандықтан әртүрлі киінеді. Біріңғай мектеп формасы оларды тәртіпке шақырады.

Мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттайтын бірінші сынып оқушылары бюджет есебінен тегін қамтылады. Бұл – облыс көлемінде соңғы бес жылда қолға алынған игі бастама. Жалпы, бірыңғай киім үлгісі сапалы  және ыңғайлы болса, оқушылар да бас тартпайды.

Әсел ҒАБДОЛ, оқушы: 

- Менің ойымша бұл форманы кию өте дұрыс. Себебі өзімізге өте ыңғайлы және түсі де әдемі. Көңілімізді жақсартып, жылышырай береді. Сонымен бірге оның жакеті де бар. Егер стильдікиінгіміз келсеарнайы форманы кие аламыз.

Қазір Оралда мектеп формасын оншақты білім ошағы қолданысқа енгізген. Алайда, тәрбие мәселесі қалған мектептерде сырт қалмауы тиіс. Сол себепті қазір қалалық білім бөлімі «үздік мектеп формасының» үлгісіне байқау жариялады. 

Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВАқалалық білім бөлімінің бастығы:

- Бізде бүгінгі таңда 46 мектеп балаларға тәлім-тәрбие беруде. Онда 32 200-дей оқушылар бар. Сондықтан келесі 2013-2014 оқу жылына ойлаған ойымыз іске асса, мектеп оқушылары бір тәртіпке келіп, мектеп формасымен алғашқы қоңырауды қарсы алады деп ойлаймыз.

Авторлар: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Мырзағалиев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға