Жаңалықтар

АҚТҚ(ВИЧ)-ға шалдыққан бала құлан таза айығып кетті

АҚШ ғалымдары туғаннан АҚТҚ дертіне шалдыққан кішкентай қызды стандартқа сәйкес дәрілер терапиясы көмегімен емдеп, құлан таза айықтырғандарын айтуда. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды. Миссисипи штатының кішкентай тұрғыны қазір небары екі жарым жаста. Бүлдіршін қыздың дәрі-дәрмек қабылдамағанына міне, бір жылдан асты. Балада ешқандай жұқпалы індет белгілері байқалмайтын көрінеді.  Ақ халаттылар АҚТҚ диагнозымен туған балаларға осы тектес терапияның қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін әлі де бірқатар тест шараларын жүргізу қажеттігін алға тартуда. Егер бүлдіршіннің ауруынан біржолата айыққаны нақтыланса, ол тарихта АҚТҚ-дан арылған екінші адам ретінде белгіленбек. Балтимордағы Джон Хопкинс Университетінің вирусологы Дебра Персод Атлантада өткен ғылыми конференцияда кішкентай қызды ауруынан айықтыруға бағытталған ем шаралардың нәтижесін ұсынды. Дәрігердің пайымдауынша, бұл оқиға балаларды ВИЧ кеселінен құтқаруға болатынының ғылыми тұрғыда дәлелдей алады. Тарихта АҚТҚ дертінен сауыққан алғашқы адам - америкалық Тимоти Рэй Браун. Ол дерттен 2007 жылы жазылған. BAQ.kz
04.03.2013 06:29 4209

АҚШ ғалымдары туғаннан АҚТҚ дертіне шалдыққан кішкентай қызды стандартқа сәйкес дәрілер терапиясы көмегімен емдеп, құлан таза айықтырғандарын айтуда. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.
Миссисипи штатының кішкентай тұрғыны қазір небары екі жарым жаста. Бүлдіршін қыздың дәрі-дәрмек қабылдамағанына міне, бір жылдан асты. Балада ешқандай жұқпалы індет белгілері байқалмайтын көрінеді. 
Ақ халаттылар АҚТҚ диагнозымен туған балаларға осы тектес терапияның қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін әлі де бірқатар тест шараларын жүргізу қажеттігін алға тартуда.
Егер бүлдіршіннің ауруынан біржолата айыққаны нақтыланса, ол тарихта АҚТҚ-дан арылған екінші адам ретінде белгіленбек.
Балтимордағы Джон Хопкинс Университетінің вирусологы Дебра Персод Атлантада өткен ғылыми конференцияда кішкентай қызды ауруынан айықтыруға бағытталған ем шаралардың нәтижесін ұсынды.
Дәрігердің пайымдауынша, бұл оқиға балаларды ВИЧ кеселінен құтқаруға болатынының ғылыми тұрғыда дәлелдей алады.
Тарихта АҚТҚ дертінен сауыққан алғашқы адам - америкалық Тимоти Рэй Браун. Ол дерттен 2007 жылы жазылған.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға