Жаңалықтар

Көппартиялылық

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Көппартиялылық – мемлекетте үш немесе одан да көп саяси партиялардың бәсекелестік жағдайында қызмет жасауына, билік институттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін партиялық-саяси жүйе сипаттамасы. Өкілдік демократия К., партиялардың сайлауға еркін қатысуы арқылы жүзеге асырылады. К. жағдайында бір де бір партия сайлау барысында көпшілік дауысқа ие болмайды, бірақ парламентте көпшілік мандат иемденеді және билік көбінесе коалициялық партияның үлесіне тиеді. Саяси плюрализм теориясы тұрғысынан К. қоғам өміріндегі әр түрлі әлеум. топтардың мақсат-мүдделерін толығымен қамтиды, сайлаушылар арасында бәсекелестікті дамытуға жол ашады. Қазіргі уақытта әлемде К. демократияның негізгі белгілерінің бірі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде К. жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демокр. партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның соц. партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның респ. (“Азат”) партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда “Алаш” ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооп. партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демокр. партиясы (1995 ж. 1 шілде), Респ. еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды. К-ты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5.1996) және “Саяси партиялар туралы” (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанда К. жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан респ. халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның агр. партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Респ. “Отан” партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), “Азамат” демокр. партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демокр. партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың екінші жартысында Қазақстанның бірлескен демокр. партиясының, Қазақстанның демокр. “Ақ жол” партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемл. органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. К. институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнауының маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. “Саяси партиялар туралы” Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның демократиялық “Ақ жол” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық “Отан” саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы қайта тіркеуден өтті. З. Гаипов, А. Қалибасұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
08.11.2012 11:24 7055

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Көппартиялылық – мемлекетте үш немесе одан да көп саяси партиялардың бәсекелестік жағдайында қызмет жасауына, билік институттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін партиялық-саяси жүйе сипаттамасы. Өкілдік демократия К., партиялардың сайлауға еркін қатысуы арқылы жүзеге асырылады. К. жағдайында бір де бір партия сайлау барысында көпшілік дауысқа ие болмайды, бірақ парламентте көпшілік мандат иемденеді және билік көбінесе коалициялық партияның үлесіне тиеді. Саяси плюрализм теориясы тұрғысынан К. қоғам өміріндегі әр түрлі әлеум. топтардың мақсат-мүдделерін толығымен қамтиды, сайлаушылар арасында бәсекелестікті дамытуға жол ашады. Қазіргі уақытта әлемде К. демократияның негізгі белгілерінің бірі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде К. жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демокр. партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның соц. партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның респ. (“Азат”) партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда “Алаш” ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооп. партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демокр. партиясы (1995 ж. 1 шілде), Респ. еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды. К-ты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5.1996) және “Саяси партиялар туралы” (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанда К. жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан респ. халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның агр. партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Респ. “Отан” партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), “Азамат” демокр. партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демокр. партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың екінші жартысында Қазақстанның бірлескен демокр. партиясының, Қазақстанның демокр. “Ақ жол” партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемл. органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. К. институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнауының маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. “Саяси партиялар туралы” Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның демократиялық “Ақ жол” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық “Отан” саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы қайта тіркеуден өтті.

З. Гаипов, А. Қалибасұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға