Жаңалықтар

Өнеркәсіп

Облыс өнеркәсібі дамыған аймақтар қатарына жатады. Фосфорит кені, қоңыр көмір, алтын, мыс, табиғи газ, құрылыс материалдары өндіріледі. Өндірістің негізгі саласы химия өнеркәсібі. Алға қойылған басымдықтар бойынша облыс экономикасын көтеруде химия, металлургия өндірісі ауқымды жетістіктерге қол жеткізіп, құрылыс жұмысына ат салысу мақсатында Мойынқұм ауданында жылына 1 миллион 200 мың тонна цемент шығаратын зауыттың құрылысы салынды Жылу, кен орындары Жамбыл Мемлекеттік аймақтық электр стансасы – Тараз қаласынан оңтүстік батысқа қарай 10 км жерде 1964-76 жылдары Талас өзенінің оң жағасына салынған. «Қазфосфат» – жеті филиалды біріктіріп отырған ірі әрі кешенді кәсіпорын. Еліміздегі фосфор қорының 72 пайызы біздің облысымыздың аумағында. «Қазфосфат» өнімінің 98 пайызы әлемнің 27 еліне экспортқа шығарылады. «Ақбақай» АҚ – алтын шығаратын кен байыту комбинаты жылыны 1000 кг-нан астам таза алтын, 300 кг-ға жуық  күміс өндіреді. Амангелді газ кені – Талас ауданы, 2003 жылы газ тұтынушылырға беріле бастады. «Сарытас» АҚ өндірістік кәсіпорны – Талас ауданы, Қаратау қаласы, 1989 жылы пайдалануға берілген. Кальцилендірілмеген сода өндіреді. «Жамбылгипс» ЖАҚ-ы – 2002 жылы қайта жабдықталып, құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс шығарады. «Техногранит KZ» ЖШС – 2008 жылы Қордай ауданында іске қосылып гранит өнімдерін шығарып, өңдейді Тамақ өнеркәсібі өнімдері Тамақ өнеркәсібі: «Қант» АҚ, Қордай ауданындағы «Фудмастер» ЖШС тағам өндірістік кәсіпорны, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС, Шу ауданындағы «KAZCom-K» ЖШС – диірмен, «Меркі қант зауыты – агроөндірістік кәсіпорын. Меркі май-ірімшік зауыты АҚ, «Бурный сүт-ірімшік зауыты» АҚ, Тараз қаласындағы «Палванов» ЖК және «Төлебай май-2007» ЖШС өсімдік майын сығып ыдысқа құятын май зауыттары, «Тараз» сервистік дайындау орталығы тағы сол сияқты өндірістік кәсіпорындары кәсіпкерлерінің іскерлігінің нәтижесінде ет, сүт өңдеу, сұйық май, ұн, нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындар мен көкөніс өсіретін жылы жайлар іске қосылған.  Облыс шығарған өнімдерінің сапасы республика көлемінде жоғары бағаланып, облыс экономикасын көтерумен қатар тұтынушылардың қызығушылығын арттырып келеді. Сонымен қатар Тараз қаласында ет өңдеу зауыты салынуда. Облыста асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау олардан өндірілетін өнімдердің сапасына  аса назар аударылып отыр. Т.Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС жаңа технологиялармен жұмыс істеу үстінде. Ірі қара мал оның ішінде түйе, жылқы, сиыр, қой өсіру шаруашылығының жаңа үлгілері қалыптастырылып қолға алынып өз нәтижелері жемісін беруде.
02.03.2013 23:27 13932

Облыс өнеркәсібі дамыған аймақтар қатарына жатады. Фосфорит кені, қоңыр көмір, алтын, мыс, табиғи газ, құрылыс материалдары өндіріледі. Өндірістің негізгі саласы химия өнеркәсібі.

Алға қойылған басымдықтар бойынша облыс экономикасын көтеруде химия, металлургия өндірісі ауқымды жетістіктерге қол жеткізіп, құрылыс жұмысына ат салысу мақсатында Мойынқұм ауданында жылына 1 миллион 200 мың тонна цемент шығаратын зауыттың құрылысы салынды

Жылу, кен орындары

  • Жамбыл Мемлекеттік аймақтық электр стансасы – Тараз қаласынан оңтүстік батысқа қарай 10 км жерде 1964-76 жылдары Талас өзенінің оң жағасына салынған.
  • «Қазфосфат» – жеті филиалды біріктіріп отырған ірі әрі кешенді кәсіпорын. Еліміздегі фосфор қорының 72 пайызы біздің облысымыздың аумағында. «Қазфосфат» өнімінің 98 пайызы әлемнің 27 еліне экспортқа шығарылады.
  • «Ақбақай» АҚ – алтын шығаратын кен байыту комбинаты жылыны 1000 кг-нан астам таза алтын, 300 кг-ға жуық  күміс өндіреді.
  • Амангелді газ кені – Талас ауданы, 2003 жылы газ тұтынушылырға беріле бастады.
  • «Сарытас» АҚ өндірістік кәсіпорны – Талас ауданы, Қаратау қаласы, 1989 жылы пайдалануға берілген. Кальцилендірілмеген сода өндіреді.
  • «Жамбылгипс» ЖАҚ-ы – 2002 жылы қайта жабдықталып, құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс шығарады.
  • «Техногранит KZ» ЖШС – 2008 жылы Қордай ауданында іске қосылып гранит өнімдерін шығарып, өңдейді

Тамақ өнеркәсібі өнімдері

Тамақ өнеркәсібі: «Қант» АҚ, Қордай ауданындағы «Фудмастер» ЖШС тағам өндірістік кәсіпорны, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС, Шу ауданындағы «KAZCom-K» ЖШС – диірмен, «Меркі қант зауыты – агроөндірістік кәсіпорын. Меркі май-ірімшік зауыты АҚ, «Бурный сүт-ірімшік зауыты» АҚ, Тараз қаласындағы «Палванов» ЖК және «Төлебай май-2007» ЖШС өсімдік майын сығып ыдысқа құятын май зауыттары, «Тараз» сервистік дайындау орталығы тағы сол сияқты өндірістік кәсіпорындары кәсіпкерлерінің іскерлігінің нәтижесінде ет, сүт өңдеу, сұйық май, ұн, нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындар мен көкөніс өсіретін жылы жайлар іске қосылған.  Облыс шығарған өнімдерінің сапасы республика көлемінде жоғары бағаланып, облыс экономикасын көтерумен қатар тұтынушылардың қызығушылығын арттырып келеді. Сонымен қатар Тараз қаласында ет өңдеу зауыты салынуда.

Облыста асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау олардан өндірілетін өнімдердің сапасына  аса назар аударылып отыр.

Т.Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС жаңа технологиялармен жұмыс істеу үстінде.

Ірі қара мал оның ішінде түйе, жылқы, сиыр, қой өсіру шаруашылығының жаңа үлгілері қалыптастырылып қолға алынып өз нәтижелері жемісін беруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға