Жаңалықтар

Облыстағы спорт жетістіктері

Облыста 20 стадион, 6 спорт кешені, балаларға және көпшілікке арналған 564 алаң жұмыс істеп тұр. 2008 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған 5 спорт мектебі түрлі бағытта қазақстанның намысын қорғайтын бүгінгі және келешектегі спорт шеберлерін дайындап жаттықтыру үстінде. Төмендегі Олимпиада жеңімпаздарын жерлестері мақтан тұтса, ізбасарлары  үлгі тұтады: 1. Евгений Зайцев – Кеңес Одағының, Еуропа чемпионы 2. Болат Ниязымбетов – Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері 3. Болат Жұмаділов – Атланта және Сидней Олимпиадаларының күміс жүлдегері  4. Ислам Байрамуков – Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері 5. Бахтияр Артаев – Афина Олимпиадасының жеңімпазы, Баркер Кубогінің иегері. Облыстағы бокс ойынының алатын өзіндік орны бар. 2006 жылы жалпы аумағы 1947  м2 болатын спорт сарайы 480 миллион теңгеге салынған. Екі қабатты ғимараттың екі ашық спорттық алаңы, заманауи үлгіде 438 орындық көрермендер залы, демалыс орны, жаттығу залы бассейнімен жан-жақты қарастырылып тұрғызылған. «Дельфин» бассейні 1976 жылы іске қосылған. 2002 жылы халықаралық су спорт федерациясының талаптары бойынша құрылысы қайта қарастырылып күрделі жөндеу жүргізілген. Көрермендер трибунасы 400 адамға арналған. Қала тұғындарының салауатты өмір қалыптастыруға ықпал жасайтын бірден-бір орын болып саналады.   Өңірден шыққан атақты спортшылар Байшақов Сейілда Икрамұлы (28.08.1950 жыл, Тараз қаласы) – футболшы. «Қайрат» футбол командасы құрамында 225 ойынға қатысқан, сонымен қатар КСРО футбол командасы құрамында да ойнаған. Балуан Шолақ (Шын аты – Нұрмағамбет, 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында туған – 1919 жылы Ақмола облысында қайтыс болған) – атақты палуан, айтыскер ақын, әнші-композитор. Жұмаділов Болат Нұретдинұлы (22.04.1973 жыл, Байзақ ауданы, Жетібай ауылы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995 жыл), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000 жыл), «Құрмет» орденімен марапатталған. Ибраймов Ермахан Сағиұлы (01.01.1972 жыл, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995 жыл), І-дәрежелі «Барс» орденінің (2000 жыл) иегері. Үшкемпіров Жақсылық (06.05.1951 жыл, Байзақ ауданы, Тегістік ауылы) – спортшы, Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасы (1980 жыл), әлем чемпионатының (1981 жыл) алтын медалін жеңіп алған. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
02.03.2013 23:18 6187

Облыста 20 стадион, 6 спорт кешені, балаларға және көпшілікке арналған 564 алаң жұмыс істеп тұр. 2008 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған 5 спорт мектебі түрлі бағытта қазақстанның намысын қорғайтын бүгінгі және келешектегі спорт шеберлерін дайындап жаттықтыру үстінде.
Төмендегі Олимпиада жеңімпаздарын жерлестері мақтан тұтса, ізбасарлары  үлгі тұтады:
1. Евгений Зайцев – Кеңес Одағының, Еуропа чемпионы
2. Болат Ниязымбетов – Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері
3. Болат Жұмаділов – Атланта және Сидней Олимпиадаларының күміс жүлдегері 
4. Ислам Байрамуков – Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері
5. Бахтияр Артаев – Афина Олимпиадасының жеңімпазы, Баркер Кубогінің иегері.

Облыстағы бокс ойынының алатын өзіндік орны бар. 2006 жылы жалпы аумағы 1947  м2 болатын спорт сарайы 480 миллион теңгеге салынған. Екі қабатты ғимараттың екі ашық спорттық алаңы, заманауи үлгіде 438 орындық көрермендер залы, демалыс орны, жаттығу залы бассейнімен жан-жақты қарастырылып тұрғызылған.

«Дельфин» бассейні 1976 жылы іске қосылған. 2002 жылы халықаралық су спорт федерациясының талаптары бойынша құрылысы қайта қарастырылып күрделі жөндеу жүргізілген. Көрермендер трибунасы 400 адамға арналған. Қала тұғындарының салауатты өмір қалыптастыруға ықпал жасайтын бірден-бір орын болып саналады.

 

Өңірден шыққан атақты спортшылар

Байшақов Сейілда Икрамұлы (28.08.1950 жыл, Тараз қаласы) – футболшы. «Қайрат» футбол командасы құрамында 225 ойынға қатысқан, сонымен қатар КСРО футбол командасы құрамында да ойнаған.

Балуан Шолақ (Шын аты – Нұрмағамбет, 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында туған – 1919 жылы Ақмола облысында қайтыс болған) – атақты палуан, айтыскер ақын, әнші-композитор.

Жұмаділов Болат Нұретдинұлы (22.04.1973 жыл, Байзақ ауданы, Жетібай ауылы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995 жыл), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000 жыл), «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ибраймов Ермахан Сағиұлы (01.01.1972 жыл, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995 жыл), І-дәрежелі «Барс» орденінің (2000 жыл) иегері.

Үшкемпіров Жақсылық (06.05.1951 жыл, Байзақ ауданы, Тегістік ауылы) – спортшы, Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасы (1980 жыл), әлем чемпионатының (1981 жыл) алтын медалін жеңіп алған. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға