Жаңалықтар

Медресе

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Медресе — дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс, т.б. елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектептері. М. тарихы Үндістандағы Дели, Калькутта, Лахор қ-ларынан басталып, Ирандағы Тегеран (Рей), Исфаһан, Тебриз; Ауғанстандағы Кабул, Герат; араб шығыс әлеміндегі  Бағдад, Александрия, Каир (Мысыр), Дамаск (Шам); Африкадағы (Мағриб) Алжир, Тунис, Триполиге дейін; Испанияда Кордоваға; Орта Азияда Бұхара, Самарқандқа және Қазан, Уфа, Семей, Орынборға дейін шығыс елдеріне кең тараған мұсылмандық ағарту ісімен тығыз байланысты. М. үшін салынған ғимараттарда шығыс елдерінің көрікті ұлттық өрнегін қолданған, ал маңдайшаларына түрлі өсиет-өнеге, ғибрат сөздер, салғызған адамның, шеберлердің аты-жөні, іргесі қаланған жылы жазылған. М. ішіндегі оқу бөлімшелері құжыра, дәрісхана деп аталған. Әрбір ірі М-де кітапханалар жұмыс істеген. Мыс., 11 ғ-дағы Бұхара М-сінде ірі кітапхана болған. Осындай ортағасырлық М-лердің зәулім ғимараттарынан мыналарды айрықша атауға болады: Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Мұнда кезінде М-мен бірге кітапхана да болған. Бұхара қ-ндағы көне М-лерге Арслан ханның бас мешіті (12 ғ.), 1119 — 20 ж. салынған Намазғақ М-сі жатады. Ірілерінің бірі — Мір Араб медресесі (1530); 1568 ж. салынған Көкелдаш М-сі, мұнда 160 құжыра мен дәрісхана бар, жалпы бұл қалада жоғары, орта, бастауыш білім беретін 100 шақты М. болған. Самарқандта 19 М. жұмыс істеген. Оның ішінде өлықбек медресесі — 1420 ж. салынған ірі М-лердің бірі. Қоқанда 37 М. болған. Наманғанда 20 М., Ташкент-те 23 М., оның ірілері — Қожа Ахрар (1490), Барақ хан (1554) М-лері. Сырдария обл-нда [Сайрам (Исфиджаб), Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт, Зеңгі Ата, т.б.] 31 М. болған. Семейде 7 М., оның үлкені — Ахмет Риза М-сі. Орынборда 10 М., олардың ішіндегі ірісі — “Хусаиния”, Уфада он шақты М. болған, ең ірісі — “ұалия” (19 ғ.). Қазанда 50 М. болды, оның кейбірі жоғ., орта, көбі төм. дәрежелі М-лер еді. Олардың ірілері — Ахундов және Апанаев М-лері, А.Әмірханов М-сі (1780). Бөкей ордасында, сондай-ақ Бакуде, Хиуада, Астраханда, Бақшасарайда (Қырымда) М-лер болған. М-лерде дәріс беретін оқытушылар “абыз”, “ахун”, “молда”, “хазірет”, онан жоғарысы “мударрис” деп аталды. Ал оқушыларды “шәкірт”, “талиб әл-илим” (ғылым ізденуші) деп атаған. М. өзінің білім беру, оқу дәрежесіне қарай төрт басқышқа бөлінеді: 1) бастауыш М., оны ибтидия деп атайды, оқу мерзімі 4 жыл; 2) рошдия, оқу мерзімі 3 жыл; 3) икдадия — жоғары оқуға дайындық, оқу мерзімі 3 жыл; 4) ғалия, мұнда жоғары білім беріледі, оқу мерзімі 3 жыл. ұалияны бітірген шәкіртке “абыз”, “молла”, “халфе” немесе “мударрис” деген атақ берілді. М-де жалпы оқу мерзімі 12 — 13 жылға созылды. Ал кейбір М-лерге түсу үшін “техзирия” атты даярлық сынып болған. Оқу пәндері М-нің сатысына байланысты белгіленген. Жоғары білім беретін М-лерде: араб тілі (лексика, этимология, синтаксис, шешендік өнер, тарих); дін, заңнама (Құранды, аят хадистерді түсіндіру, шариат); фәлсафа (логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану негіздері, ой талдау философиясы) оқылды. М-лердің бағдарламасында діни оқу жағы басым болды. М-лерде орта ғасырда тек молла, халфе ғана емес, астроном, тарихшы, лингвистер, т.б. сабақ берген. Өйткені сол кездің өзінде — Бируни, ибн Сина, әл-Фараби, Омар һайям, Науаи, Қашқари, Хорезми, өлықбек, т.б. атақты ғалымдар негізгі білімді М-лерден алған. 19 ғ. ішінде М-лерде Шығыс әдебиетінің кейбір үлгілері оқытылды. Мыс., Сопы Аллаяр (түрік-шағатай тілінде), парсы, араб тілдерінде Қожа Ахмет Иасауи, Қожа Хафиз, Физули, Бедел шығармаларын оқыған. Абай оқыған Камали қазірет М-сі діни кітаппен қатар, Фирдауси, Хафиз, Физули, Шамси, Сайхали, Науаи өлеңдерін үйреткені белгілі. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында М-лерде көне оқу жүйесін қолдайтын ағым қадимшілдікке қарсы жәдидшілдік пайда болды. Әуелде “усули жәдид” (жаңа) немесе “төте оқу” деген атпен бұл қозғалыс белгілі дәрежеде игі рөл атқарды. М-лердің оқу жүйесіне физика, математика, ана тілі, география, химия, т.б. пәндер енгізілді. Сол кездің зиялылары Гаспралы, ұ.Тоқай, ұ.Камал, Ф.Әмірхан, М.ұафури, Мамедкулизаде, А.Байтұрсынов, А.Ақмолда, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, М.Қалтаев, т.б. төте оқуды жақтады. Усули-жәдид үлгісі мен төте оқу жолының Қазақстанда іске асуы 1900 жылдың басынан әсіресе 1905 жылғы төңкерістен соң өріс алды. Қазақстанда жаңа әдіспен оқытатын жүздеген М-лер жұмыс істеді. Араб әрпіне алғаш рет реформа жасалды. М. шәкірттері түрлі қолжазба, газет, журналдар (“Садақ”, “Тарақият”, т.б.) шығарды. М. Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Қазір мұсылман шығысы елдерінің мәдени өмірінде М-нің орны ерекше. Ислам елдерінде 20 ғ-дың 60-жылдарында оқу-ағарту жүйесін қайта құруға байланысты М-лердің екі түрі қалыптасты: оқу-ағарту жүйесіне енетін зайырлы орта, жоғары оқу орындары және діни М. Дүниетанымдық М-де оқу ақысыз және бөліп оқытылады. Барлық М-лерде Құранды үйрену міндетті. М-ні бітіргендер ун-тке түсуге құқылы. КСРО-да орта діни білім беретін Мир Араб М-сі  жұмыс істеді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан кейін Орт. Азия мемлекеттерінде М-лер көптеп ашыла бастады. С. Қалиев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том 
08.11.2012 11:21 6841

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Медресе — дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс, т.б. елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектептері. М. тарихы Үндістандағы Дели, Калькутта, Лахор қ-ларынан басталып, Ирандағы Тегеран (Рей), Исфаһан, Тебриз; Ауғанстандағы Кабул, Герат; араб шығыс әлеміндегі  Бағдад, Александрия, Каир (Мысыр), Дамаск (Шам); Африкадағы (Мағриб) Алжир, Тунис, Триполиге дейін; Испанияда Кордоваға; Орта Азияда Бұхара, Самарқандқа және Қазан, Уфа, Семей, Орынборға дейін шығыс елдеріне кең тараған мұсылмандық ағарту ісімен тығыз байланысты. М. үшін салынған ғимараттарда шығыс елдерінің көрікті ұлттық өрнегін қолданған, ал маңдайшаларына түрлі өсиет-өнеге, ғибрат сөздер, салғызған адамның, шеберлердің аты-жөні, іргесі қаланған жылы жазылған. М. ішіндегі оқу бөлімшелері құжыра, дәрісхана деп аталған. Әрбір ірі М-де кітапханалар жұмыс істеген. Мыс., 11 ғ-дағы Бұхара М-сінде ірі кітапхана болған. Осындай ортағасырлық М-лердің зәулім ғимараттарынан мыналарды айрықша атауға болады: Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Мұнда кезінде М-мен бірге кітапхана да болған. Бұхара қ-ндағы көне М-лерге Арслан ханның бас мешіті (12 ғ.), 1119 — 20 ж. салынған Намазғақ М-сі жатады. Ірілерінің бірі — Мір Араб медресесі (1530); 1568 ж. салынған Көкелдаш М-сі, мұнда 160 құжыра мен дәрісхана бар, жалпы бұл қалада жоғары, орта, бастауыш білім беретін 100 шақты М. болған. Самарқандта 19 М. жұмыс істеген. Оның ішінде өлықбек медресесі — 1420 ж. салынған ірі М-лердің бірі. Қоқанда 37 М. болған. Наманғанда 20 М., Ташкент-те 23 М., оның ірілері — Қожа Ахрар (1490), Барақ хан (1554) М-лері. Сырдария обл-нда [Сайрам (Исфиджаб), Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт, Зеңгі Ата, т.б.] 31 М. болған. Семейде 7 М., оның үлкені — Ахмет Риза М-сі. Орынборда 10 М., олардың ішіндегі ірісі — “Хусаиния”, Уфада он шақты М. болған, ең ірісі — “ұалия” (19 ғ.). Қазанда 50 М. болды, оның кейбірі жоғ., орта, көбі төм. дәрежелі М-лер еді. Олардың ірілері — Ахундов және Апанаев М-лері, А.Әмірханов М-сі (1780). Бөкей ордасында, сондай-ақ Бакуде, Хиуада, Астраханда, Бақшасарайда (Қырымда) М-лер болған. М-лерде дәріс беретін оқытушылар “абыз”, “ахун”, “молда”, “хазірет”, онан жоғарысы “мударрис” деп аталды. Ал оқушыларды “шәкірт”, “талиб әл-илим” (ғылым ізденуші) деп атаған. М. өзінің білім беру, оқу дәрежесіне қарай төрт басқышқа бөлінеді: 1) бастауыш М., оны ибтидия деп атайды, оқу мерзімі 4 жыл; 2) рошдия, оқу мерзімі 3 жыл; 3) икдадия — жоғары оқуға дайындық, оқу мерзімі 3 жыл; 4) ғалия, мұнда жоғары білім беріледі, оқу мерзімі 3 жыл. ұалияны бітірген шәкіртке “абыз”, “молла”, “халфе” немесе “мударрис” деген атақ берілді. М-де жалпы оқу мерзімі 12 — 13 жылға созылды. Ал кейбір М-лерге түсу үшін “техзирия” атты даярлық сынып болған. Оқу пәндері М-нің сатысына байланысты белгіленген. Жоғары білім беретін М-лерде: араб тілі (лексика, этимология, синтаксис, шешендік өнер, тарих); дін, заңнама (Құранды, аят хадистерді түсіндіру, шариат); фәлсафа (логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану негіздері, ой талдау философиясы) оқылды. М-лердің бағдарламасында діни оқу жағы басым болды. М-лерде орта ғасырда тек молла, халфе ғана емес, астроном, тарихшы, лингвистер, т.б. сабақ берген. Өйткені сол кездің өзінде — Бируни, ибн Сина, әл-Фараби, Омар һайям, Науаи, Қашқари, Хорезми, өлықбек, т.б. атақты ғалымдар негізгі білімді М-лерден алған. 19 ғ. ішінде М-лерде Шығыс әдебиетінің кейбір үлгілері оқытылды. Мыс., Сопы Аллаяр (түрік-шағатай тілінде), парсы, араб тілдерінде Қожа Ахмет Иасауи, Қожа Хафиз, Физули, Бедел шығармаларын оқыған. Абай оқыған Камали қазірет М-сі діни кітаппен қатар, Фирдауси, Хафиз, Физули, Шамси, Сайхали, Науаи өлеңдерін үйреткені белгілі. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында М-лерде көне оқу жүйесін қолдайтын ағым қадимшілдікке қарсы жәдидшілдік пайда болды. Әуелде “усули жәдид” (жаңа) немесе “төте оқу” деген атпен бұл қозғалыс белгілі дәрежеде игі рөл атқарды. М-лердің оқу жүйесіне физика, математика, ана тілі, география, химия, т.б. пәндер енгізілді. Сол кездің зиялылары Гаспралы, ұ.Тоқай, ұ.Камал, Ф.Әмірхан, М.ұафури, Мамедкулизаде, А.Байтұрсынов, А.Ақмолда, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, М.Қалтаев, т.б. төте оқуды жақтады. Усули-жәдид үлгісі мен төте оқу жолының Қазақстанда іске асуы 1900 жылдың басынан әсіресе 1905 жылғы төңкерістен соң өріс алды. Қазақстанда жаңа әдіспен оқытатын жүздеген М-лер жұмыс істеді. Араб әрпіне алғаш рет реформа жасалды. М. шәкірттері түрлі қолжазба, газет, журналдар (“Садақ”, “Тарақият”, т.б.) шығарды. М. Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Қазір мұсылман шығысы елдерінің мәдени өмірінде М-нің орны ерекше. Ислам елдерінде 20 ғ-дың 60-жылдарында оқу-ағарту жүйесін қайта құруға байланысты М-лердің екі түрі қалыптасты: оқу-ағарту жүйесіне енетін зайырлы орта, жоғары оқу орындары және діни М. Дүниетанымдық М-де оқу ақысыз және бөліп оқытылады. Барлық М-лерде Құранды үйрену міндетті. М-ні бітіргендер ун-тке түсуге құқылы. КСРО-да орта діни білім беретін Мир Араб М-сі  жұмыс істеді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан кейін Орт. Азия мемлекеттерінде М-лер көптеп ашыла бастады.

С. Қалиев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға