Жаңалықтар

Авеста

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Авеста — ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзербайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалары жинағы. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән-ұрандардан тұрады. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәдениетіне, дініне, ауыз әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Авестаны зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис: «заратуштрашылдықтың негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын мекендеген тайпалардан шыққан» деген. Василий Бартольд, Александр Маковельский, Александр Бернштам, Әлкей Марғұлан авестаны жасауға сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары қатысқандығын айтады. Авеста – Заратуштра (грекше Зороастра) пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары. Мазмұны 2 мың жыл ішінде (біздің заманымыздан бұрынғы  3 – 1 мыңжылдықтар арасы) қалыптасқан. Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша, 1/7 бөлігі ғана біздің заманымыздың 3 ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап етілген. Көптеген ғалымдар авеста Иранда Сасани әулетінен шыққан Хосроу шаһ І тұсында жазылған деп есептейді. Шындығында ол бұл дәуірде қасиетті саналғанымен, ұмытылған тілде жазылған. Көпшілік түсіне алмағандықтан діндарлар оны сол кездегі әдеби тіл – паһлауий тіліне аударып, көп түсіндірмелер қосқан. Аударманың көлемі өте үлкен болғандықтан діндарлар күнделікті пайдалану үшін Кіші Авестаны жасады. Оған Үлкен Авестадан іріктеп алынған дұғалар кірді. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды. Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж. табылған көне Аркаим қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған. Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. 7 ғасырда арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып, көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған. Кейіннен авестаның ислам мәдениетіне, әсіресе сопылық ағымға тигізген әсері өте зор болды. Авеста сарынының кейбір арналары көне түркі эпостары мен ежелгі қазақ әдебиетінде де көрінісін тапқан. Әдебиетші ғалымдар авестадағы сарындардың Қорқыт Ата, Хұтб Хорезми, Ахмед Иүгінеки, Асан Қайғы, Бұқар, Базар жырауларға келіп ұласатындығын дәлелдеді.  
08.11.2012 11:20 19761

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Авеста — ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзербайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалары жинағы. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән-ұрандардан тұрады. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәдениетіне, дініне, ауыз әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Авестаны зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис: «заратуштрашылдықтың негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын мекендеген тайпалардан шыққан» деген. Василий Бартольд, Александр Маковельский, Александр Бернштам, Әлкей Марғұлан авестаны жасауға сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары қатысқандығын айтады.

Авеста – Заратуштра (грекше Зороастра) пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары. Мазмұны 2 мың жыл ішінде (біздің заманымыздан бұрынғы  3 – 1 мыңжылдықтар арасы) қалыптасқан. Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша, 1/7 бөлігі ғана біздің заманымыздың 3 ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап етілген. Көптеген ғалымдар авеста Иранда Сасани әулетінен шыққан Хосроу шаһ І тұсында жазылған деп есептейді. Шындығында ол бұл дәуірде қасиетті саналғанымен, ұмытылған тілде жазылған. Көпшілік түсіне алмағандықтан діндарлар оны сол кездегі әдеби тіл – паһлауий тіліне аударып, көп түсіндірмелер қосқан. Аударманың көлемі өте үлкен болғандықтан діндарлар күнделікті пайдалану үшін Кіші Авестаны жасады. Оған Үлкен Авестадан іріктеп алынған дұғалар кірді. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды. Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж. табылған көне Аркаим қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған. Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. 7 ғасырда арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып, көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған.

Кейіннен авестаның ислам мәдениетіне, әсіресе сопылық ағымға тигізген әсері өте зор болды.

Авеста сарынының кейбір арналары көне түркі эпостары мен ежелгі қазақ әдебиетінде де көрінісін тапқан. Әдебиетші ғалымдар авестадағы сарындардың Қорқыт Ата, Хұтб Хорезми, Ахмед Иүгінеки, Асан Қайғы, Бұқар, Базар жырауларға келіп ұласатындығын дәлелдеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Манас