Жаңалықтар

Музыкалық фестивальдер

2007 жылы Астана күні аясында «Астана самалы» үрлемелі аспаптар халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. 2007 жылғы жаңа жобалардың ішінде «Астана К2» халықаралық танымал әндер музыкалық фестивалі ерекше беделге ие болды, оның аясында Астана туралы әндер конкурсы өткізілді. Фестивальдың қорытындысы бойынша Астана туралы жиырма жаңа ән дүниеге келді. Қазақстан Республикасы Президентінің демеушілігімен шығармашыл жастардың халықаралық оныншы «Шабыт» фестивалі ЮНЕСКО қамқорлығымен, көп ұлтты Қазакстан халықтарының мәдениетін өзара байыту мақсатында достық пен рухани қатынастарды дамыту сипатында жиырма екі елдің қатысуымен өтті. Фестиваль классикалық музыка, халық өнері, эстрада, цирк өнері, әдебиет, журналистика, кескіндеме номинациялары бойынша өткізілді. Фестивальға жеті жүз жиырма үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Оның ішінде, алпыс бес адам Австрия, Корея, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келді. Танымал әділқазылар мүшесі құрамында Ресейден – П. Черных; Франциядан – А. Клозель, К. Богино; Австриядан – А. Либерман, М. Фернандес; Кореядан Р.Хай және баскалар болды. Қазіргі заман өнер мұражайында алматылық гобеленшілердің «Өмір өзен» көрмесі өтті. «Біздің қаланың суретшілер одағының бастауы» көрмесіне 87 кескіндеме, графика, мүсіндеме туындылары қойылды, сондай-ақ мұражайда «Белорусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина өнері» көрмесі өтті. Астанада алғаш рет «Астананың дамуы – өнердің өркендеуі» атты «Жаңа қала, жаңа ойлар, жаңа өнер» ұранымен суретшілердің Халықаралык симпозиумы өтті, мұнда мәдениет саласы бойынша Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлық лауреаты М. Шемякин (АҚШ, Ресей), Д. Галегос (АҚШ), Р. Хейтих (Германия), Р. Клейер (Голландия) және т.б. бас қосты. Қала күнін тойлау аясында «Шашу» халықаралық би фестивалі биік мәреден көрінді. Қалахалқы Ресей, Әзірбайжан, Грузия және Бразилияның би өнерін тамашалады. Әлемнің үздік залдарында: АҚШ, Италия, Австрия, Франция, Испания, Қытай, Ресей, Голландия елдеріндегі халықаралық конкурстар, фестивальдар мен қойылымдар жұмысына Астана өнер қайраткерлерін қатыстыру, шығармашылық ұжым мен орындаушы алмасу, гастрольдер секілді мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Наз» мемлекеттік халық би театры гастрольдік сапарларда болып, сапар барысында 6500-ге жуық көрермен 16 қойылымды тамашалады. «Наз» халық биі театры гастрольдік сапармен Еуропа елдерінде, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ му-зыкалық драма театры Ташкентте, Ақтау қалала-рында болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 04:39 5399

2007 жылы Астана күні аясында «Астана самалы» үрлемелі аспаптар халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. 2007 жылғы жаңа жобалардың ішінде «Астана К2» халықаралық танымал әндер музыкалық фестивалі ерекше беделге ие болды, оның аясында Астана туралы әндер конкурсы өткізілді. Фестивальдың қорытындысы бойынша Астана туралы жиырма жаңа ән дүниеге келді. Қазақстан Республикасы Президентінің демеушілігімен шығармашыл жастардың халықаралық оныншы «Шабыт» фестивалі ЮНЕСКО қамқорлығымен, көп ұлтты Қазакстан халықтарының мәдениетін өзара байыту мақсатында достық пен рухани қатынастарды дамыту сипатында жиырма екі елдің қатысуымен өтті. Фестиваль классикалық музыка, халық өнері, эстрада, цирк өнері, әдебиет, журналистика, кескіндеме номинациялары бойынша өткізілді. Фестивальға жеті жүз жиырма үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Оның ішінде, алпыс бес адам Австрия, Корея, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келді. Танымал әділқазылар мүшесі құрамында Ресейден – П. Черных; Франциядан – А. Клозель, К. Богино; Австриядан – А. Либерман, М. Фернандес; Кореядан Р.Хай және баскалар болды. Қазіргі заман өнер мұражайында алматылық гобеленшілердің «Өмір өзен» көрмесі өтті. «Біздің қаланың суретшілер одағының бастауы» көрмесіне 87 кескіндеме, графика, мүсіндеме туындылары қойылды, сондай-ақ мұражайда «Белорусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина өнері» көрмесі өтті. Астанада алғаш рет «Астананың дамуы – өнердің өркендеуі» атты «Жаңа қала, жаңа ойлар, жаңа өнер» ұранымен суретшілердің Халықаралык симпозиумы өтті, мұнда мәдениет саласы бойынша Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлық лауреаты М. Шемякин (АҚШ, Ресей), Д. Галегос (АҚШ), Р. Хейтих (Германия), Р. Клейер (Голландия) және т.б. бас қосты. Қала күнін тойлау аясында «Шашу» халықаралық би фестивалі биік мәреден көрінді. Қалахалқы Ресей, Әзірбайжан, Грузия және Бразилияның би өнерін тамашалады. Әлемнің үздік залдарында: АҚШ, Италия, Австрия, Франция, Испания, Қытай, Ресей, Голландия елдеріндегі халықаралық конкурстар, фестивальдар мен қойылымдар жұмысына Астана өнер қайраткерлерін қатыстыру, шығармашылық ұжым мен орындаушы алмасу, гастрольдер секілді мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Наз» мемлекеттік халық би театры гастрольдік сапарларда болып, сапар барысында 6500-ге жуық көрермен 16 қойылымды тамашалады. «Наз» халық биі театры гастрольдік сапармен Еуропа елдерінде, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ му-зыкалық драма театры Ташкентте, Ақтау қалала-рында болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға