Жаңалықтар

Манас

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   “Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы — халықтың бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күресі. “М-та” қырғыз халқы бастан кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс-салттың, наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов эпос туралы “...қырғыздың барлық мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының белгілі бір уақытқа тән Манас батыр айналасына топтастырылып берілген жиынтығы” деп жазды (Таңдамалы, А., 1985). “М-та” қырғыз ауыз әдебиетінің барша байлығы, алуан жанрлары табиғи үйлесім тапқан. Жыр “Манас”, “Семетей”, “Сейтек” деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Бұларда қырғыз халқының сыртқы жауға қарсы соғыстарымен қатар ел ішіндегі қайшылықтар мен тартыстар, әдет-ғұрыптар, тұрмыс-кәсіп түрлері бейнеленеді. Уәлиханов 1856 ж. Ыстықкөлге жасаған саяхаты кезінде “М-тың” бір тарауы — “Көкетайдың асын” тұңғыш рет жазып алып, орысшаға аударды. Жырдың қырғыз халқының рухани өмірінде маңызды орын алатынын және эпостық сипаттамасын алғаш сөз қылған да Уәлиханов болатын. 1862, 1869 ж. акад. В.В. Радлов  “М-тың” бірнеше нұсқасын жазып алған. Эпосты ғыл. тұрғыдан зерттеп, хатқа түсіру кеңес кезеңінде қолға алынды. “М.” эпосының 60-тан астам нұсқасы хатқа түсірілді. “М.” эпосы туралы зерттеу ісінің қалыптасып, дамуына М.Әуезов, В.М. Жирмунский, Б.Юнусалиев, А.Н. Бернштам, Ә.Марғұлан және т.б. ғалымдар мол еңбек сіңірді.  Олар жырдың шығу тегі, кейіпкерлері, манасшылардың жырды жетілдірудегі қызметі, т.б. жөнінде күрделі пікірлер айтты. Эпостағы басты тұлға — халық азаттығы үшін қажымай-талмай күресетін Манас батыр. Оның бейнесінен ерліктің, парасаттың, отаншылдықтың асқан үлгісі көрінеді. Жырда қырғыз бен қазақ халықтарының тағдырластығын суреттеуге баса назар аударылған. Қазақ батыры Көкше Манастың сенімді одақтасы, кейде серігі ретінде сипатталады. Қазақ жыршылары да “М.” жырын өз елінің батырлық эпосымен бірге жырлап келген. Мыс., халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаев “М-ты” жақсы білген, той-жиындарда айтқан. К.Әзірбаев өзінің кең тынысты жыр-дастандарында “М.” оқиғалары мен кейіпкерлері аралас келетін сюжеттерді жиі қолданған. “М-тың” ықшамдалған нұсқасы қазақ тілінде басылып шықты (1961 — 63).  Жыр негізінде дүниеге келген “Манас”, “Айшөрек” опералары, сондай-ақ бірнеше кинофильмдер бар. Бішкек қ-нда “М-тың” қаһармандары мен манасшыларға арнап мүсін ескерткіш орнатылған. ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен 1995 ж. “М.” дастанының 1000 жылдығы кеңінен атап өтілді және 2 томдық “Манас” энциклопедиясы жарық көрді (1995). Р. Бердібай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 11:19 16595

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

“Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы — халықтың бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күресі. “М-та” қырғыз халқы бастан кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс-салттың, наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов эпос туралы “...қырғыздың барлық мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының белгілі бір уақытқа тән Манас батыр айналасына топтастырылып берілген жиынтығы” деп жазды (Таңдамалы, А., 1985). “М-та” қырғыз ауыз әдебиетінің барша байлығы, алуан жанрлары табиғи үйлесім тапқан. Жыр “Манас”, “Семетей”, “Сейтек” деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Бұларда қырғыз халқының сыртқы жауға қарсы соғыстарымен қатар ел ішіндегі қайшылықтар мен тартыстар, әдет-ғұрыптар, тұрмыс-кәсіп түрлері бейнеленеді. Уәлиханов 1856 ж. Ыстықкөлге жасаған саяхаты кезінде “М-тың” бір тарауы — “Көкетайдың асын” тұңғыш рет жазып алып, орысшаға аударды. Жырдың қырғыз халқының рухани өмірінде маңызды орын алатынын және эпостық сипаттамасын алғаш сөз қылған да Уәлиханов болатын. 1862, 1869 ж. акад. В.В. Радлов  “М-тың” бірнеше нұсқасын жазып алған. Эпосты ғыл. тұрғыдан зерттеп, хатқа түсіру кеңес кезеңінде қолға алынды. “М.” эпосының 60-тан астам нұсқасы хатқа түсірілді. “М.” эпосы туралы зерттеу ісінің қалыптасып, дамуына М.Әуезов, В.М. Жирмунский, Б.Юнусалиев, А.Н. Бернштам, Ә.Марғұлан және т.б. ғалымдар мол еңбек сіңірді.  Олар жырдың шығу тегі, кейіпкерлері, манасшылардың жырды жетілдірудегі қызметі, т.б. жөнінде күрделі пікірлер айтты. Эпостағы басты тұлға — халық азаттығы үшін қажымай-талмай күресетін Манас батыр. Оның бейнесінен ерліктің, парасаттың, отаншылдықтың асқан үлгісі көрінеді. Жырда қырғыз бен қазақ халықтарының тағдырластығын суреттеуге баса назар аударылған. Қазақ батыры Көкше Манастың сенімді одақтасы, кейде серігі ретінде сипатталады. Қазақ жыршылары да “М.” жырын өз елінің батырлық эпосымен бірге жырлап келген. Мыс., халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаев “М-ты” жақсы білген, той-жиындарда айтқан. К.Әзірбаев өзінің кең тынысты жыр-дастандарында “М.” оқиғалары мен кейіпкерлері аралас келетін сюжеттерді жиі қолданған. “М-тың” ықшамдалған нұсқасы қазақ тілінде басылып шықты (1961 — 63).  Жыр негізінде дүниеге келген “Манас”, “Айшөрек” опералары, сондай-ақ бірнеше кинофильмдер бар. Бішкек қ-нда “М-тың” қаһармандары мен манасшыларға арнап мүсін ескерткіш орнатылған. ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен 1995 ж. “М.” дастанының 1000 жылдығы кеңінен атап өтілді және 2 томдық “Манас” энциклопедиясы жарық көрді (1995).

Р. Бердібай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға