Жалпы мәлімет
Қала мен облыс ауқымында бейнелеу өнерінің қондырғылы (станокты) түрі Қазан революциясынан кейін пайда болды. Суретші С.Н. Кокин Омбы көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін, 1928 ж. Ақмолада тұңғыш бейнелеу өнері студиясын ұйымдастырды. 1929 ж. студия шәкірттерінің көрмесі ашылын, ол кейін тұрақты өткізіліп тұрды, бұл өзінше қаланың мәдени өміріндегі айтарлықтай жаңалық саналды. 40-жылдары көркем безендіру шеберханалары ұйымдастырылын, онда әуесқой суретшілер жұмыс істеді. Қазакстандықтар үшін 60-жындардың бас кезі республика тіршілігіндегі елеулі оқиға – тың игерумен астасады. Ақмолаға КСРО-ның түкпір-түкпірінен техника тиелген эшелондармен бірге ауыл шаруашылығы мамандары ғана ағылған жоқ, олардың арасында интеллигенция өкілдері: артистер, журналистер, ақындар мен суретшілер де болды. 1961 ж. Республика көркемсурет қорының көркемсурет-өндіріс шеберханалары ашылды, онда кәсіби суретшілердің үлкен тобы – Мәскеу, Ленинград, Львов көркемсурет жоғары оқу орындарын бітірген суретшілер: кескіндемешілер М. Порунин, И. Свитич, В. Холуев және т.б.; график суретші В. Толчинский; мүсіншілер Л. Колотилина, Ю. Буштрук монументшілер М. Антонюк, В. Товтин жұмыс істеді. 1964 ж. Қазақстан Суретшілер одағының Ақмола ұйымы құрылды. 1970 ж. көрме залы бар Суретшілер үйі ашылды. Бейнелеу өнерінде 60-70-жылдары «қатаң стиль» жаңа ағымы белең алды. Түрі мен мазмұны образдық құрылымы жағынан жаңашыл бұл ағым В. Панковтың «Романтики» («Армандастар») атты туындысынан көрініс тапты. Целиноград суретшілерінің біразы осы ағым ауқымында тың игеру тақырыбын меңгере бастады, олар сонда ауыл еңбекшілерінің қайсар тірлігін, сәл ғана бояумен ерлік нышандырын, тың эпопеясының романтикасын, өз замандастарының жігерге толы бейнесін бере білді. Н. Цымбуловтың «Тың пейзажы», И. Свитичтің «Жолы», В. Товтинның «Шопан», «Абай совхозы», А. Блиновтың «Тың қарлығаштары», Бельтюковтың «Аңыздасы», Нестеренконың «Астық тасқыны», «Тың пейзажы» бүгінгі танда да көркемдік сапасы жоғары туындылар қатарына жатады. Суретшілер одағы 70-жылдардың басында Алматы көркем сурет училищесі түлектерімен (А. Блинов, А. Терехов, Н. Цымбулов, В. Трофименко, М. Тоқсейітов, т.б.) толықты. Ақмолаға қоныс аударып келген: А. Дінікеев, А. Порунин, С. Витюк, В. Пирожков, Г. Гончарова, П. Яковлев сынды суретшілер шығармашылық одақтан өз орындарын тапты. Жыл өте келе Суретшілер одағының қатарына Е. Ералина, Л. Жанпейісова, Г. Телғозиева, М. Ермеков, К. Әжібекұлы, С. Смағұлов, 3. Оралбаева, К. Нұрбатыров секілді дарынды жас суретшілер келіп қосылды. Жас суретшілер мен мүсіншілер назарына іліккен тақырыптар алуан түрлі, ол әр автордың өзіндік танымы мен шығармашылық кырын аңғартады. Олардың шығармаларында киял мен шындық, құпия мен ақиқат, шаттық пен жабырқау астасып жатады. Кейінгі жылдары бейнелеу өнеріне ден қоюшылар көптеген дарынды, болашағы зор суретшілердің есімімен танысты, оған бір жағынан, Ақмоланың Республика астанасына айналуының да ықпалы тиді.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы