Жаңалықтар

Жалпы мәлімет

Астананың мәдени өмірінен театрдың алар орны ерекше. Мұрағат құжаттарына қарағанда Ақмолада алғаш драма үйірмелері 19 ғасырдың 70-жылдарында пайда болған. 1875 ж. «Акмолинские областные ведомости» драма ұжымының спектаклі туралы есеп бере отырып, артистердің тек кайырымдылық көмекке үміт артуына тура келетіні, өйткені қала бюджетінде «театр ұстайтын қаражат жоқ» екендігі туралы жазады. Сондай-ақ театр сахнасында өнер көрсетуге ынтық жандардың аз болмағаны, сол кезде қалада 5 драма үйірмесінің жұмыс істегені, олардың мецанаттардың қолдауымен өмір сүргені айтылады. Спектакль жергілікті көпестердің үйінде қойылган. Театрға ғимарат керек екені, ұжымның күннен-күнге қатары өсіп келе жатқаны көпестер алдына мәселе қояды. Ақыры көпестер қауымы театрға ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдайды. «Акмолинские областные ведомости» газетінің 1899 жылғы 20 маусымдағы санында Ақмола қалалық Думасы: «Драма өнерінің жанашырларының арызы бойынша айтылған мақсат үшін, театр қазір уақытша пайдаланып отырған, алайда қазір сатуға қойылған үйді немесе одан басқа лайықты үй болса соны, қалалық кқрдан 100 рубль босатып, қоғамдық театрға біржолата сатып алу Управқа (Басқармаға) тапсырылсын деген шешім қабылдағанын» қуана жазады. Басқарма шешімі, оған көпес Кубрин тағы да 100 рубль косып, театр ұжымы өз ғимаратына ие болды. 1899 жыл Ақмолада өз баспанасы, репертуары бар тұрақты труппаның құрылған жылы деп есептеледі. 1913 ж. Ақмолада қазақ орыс, татар жастарынан құрылған әуесқой драма үйірмесі А. Асылбековтың жетекшілігімен жұмыс істеді. 1918 ж. 1 мамырда С. Сейфуллиннің «Бақыт жолында» пьесасы бойынша спектакль қойылды. 1919 ж. Ақмола облыстық біріккен орыс-қазақ театры шаңырақ көтерді. 1939 ж. театрға осы күнге дейін пайдаланып келе жатқан ғимараты берілді. 40-жылдары Ақмола театры Қазақстандағы жетекші шығармашылық ұжымның біріне айналды. Соғыс, соғыстан кейінгі ауыр кезеңге қарамастан, театр жылына 10-14 спектакль ұсынып отырды. 1955 жылдан Ақмолада Орыс драма театры жұмыс істеді, оған 1959 ж. М. Горький есімі берілді. Театр репертуарынан көпұлтты драматургиялық туындылар (В. Гусевтің «Иван Рыбаковы», Н. Погодиннің «Кремль куранттары», М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегі», А. Корнейчуктың «Жұлдыздар неге жымыңдайдысы», И. Дурцэнің «Каса Маресі», А. Дударевтің «Табалдырығы» және т.б.); шетел классикасы (У. Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», Дж. Лондонның «Ұрлығы», т.б.) орын алды. 90-жылдарды театр жаңа орыс репертуарына бет бұрумен қарсы алды (А. Камоның «Ібілісі», Н. Гогольдің «Үйленуі», А. Пушкиннің «Борис Годуновы», А. Чеховтың «Шие бағы», т.б.). А. Дударевтің «Ымырт», М. Горькийдің «Шыңырауда», Н.Гогольдің «Ревизор», М. Шахановтың «Шыңғысханмен бірге кеткен құпия» спектакльдері ең озық қойылымдар қатарынан орын алды. 1990 ж. Целиноград облыстық кеңесінің шешімімен Қазақ музыкалық-драма театрының құрылуы мәдени өмірдегі елеулі оқиға болды. Театр шымылдығы Г. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклімен ашылды. Спектакльді қойған театрдың тұңғыш көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Ж. Омаров еді. Театр Бөгенбай батырдың 300 жылдығы, Абылай ханның 280 жылдығы, Тама Есет батырдың 325 жылдығы секілді айтулы тойларға арналған театрландырылған қойылымдарды дайындау, өткізу ісіне мол еңбек сіңірді. 1953 ж. театрға Қ. Қуанышбаевтың есімі берілді. Театрға Астана жаңа серпін берді. 1999 ж. оның ғимараты қайта салынып, жарық және дыбыс кондырғыларымен жабдықталды. Сол жылы театр басшылығын театр әлеміне танымал режиссер, Халық Қаһарманы Ә. Мәмбетов қолға алды. Оның алғаш қойған спектакльдерінің бірінен саналатын «Қыз Жібек» қойылымы режиссерлік шешімінің тартымдылығымен ел Президентінің назарына ілікті. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 01:53 3503

Астананың мәдени өмірінен театрдың алар орны ерекше. Мұрағат құжаттарына қарағанда Ақмолада алғаш драма үйірмелері 19 ғасырдың 70-жылдарында пайда болған. 1875 ж. «Акмолинские областные ведомости» драма ұжымының спектаклі туралы есеп бере отырып, артистердің тек кайырымдылық көмекке үміт артуына тура келетіні, өйткені қала бюджетінде «театр ұстайтын қаражат жоқ» екендігі туралы жазады. Сондай-ақ театр сахнасында өнер көрсетуге ынтық жандардың аз болмағаны, сол кезде қалада 5 драма үйірмесінің жұмыс істегені, олардың мецанаттардың қолдауымен өмір сүргені айтылады. Спектакль жергілікті көпестердің үйінде қойылган. Театрға ғимарат керек екені, ұжымның күннен-күнге қатары өсіп келе жатқаны көпестер алдына мәселе қояды. Ақыры көпестер қауымы театрға ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдайды. «Акмолинские областные ведомости» газетінің 1899 жылғы 20 маусымдағы санында Ақмола қалалық Думасы: «Драма өнерінің жанашырларының арызы бойынша айтылған мақсат үшін, театр қазір уақытша пайдаланып отырған, алайда қазір сатуға қойылған үйді немесе одан басқа лайықты үй болса соны, қалалық кқрдан 100 рубль босатып, қоғамдық театрға біржолата сатып алу Управқа (Басқармаға) тапсырылсын деген шешім қабылдағанын» қуана жазады. Басқарма шешімі, оған көпес Кубрин тағы да 100 рубль косып, театр ұжымы өз ғимаратына ие болды. 1899 жыл Ақмолада өз баспанасы, репертуары бар тұрақты труппаның құрылған жылы деп есептеледі. 1913 ж. Ақмолада қазақ орыс, татар жастарынан құрылған әуесқой драма үйірмесі А. Асылбековтың жетекшілігімен жұмыс істеді. 1918 ж. 1 мамырда С. Сейфуллиннің «Бақыт жолында» пьесасы бойынша спектакль қойылды. 1919 ж. Ақмола облыстық біріккен орыс-қазақ театры шаңырақ көтерді. 1939 ж. театрға осы күнге дейін пайдаланып келе жатқан ғимараты берілді. 40-жылдары Ақмола театры Қазақстандағы жетекші шығармашылық ұжымның біріне айналды. Соғыс, соғыстан кейінгі ауыр кезеңге қарамастан, театр жылына 10-14 спектакль ұсынып отырды. 1955 жылдан Ақмолада Орыс драма театры жұмыс істеді, оған 1959 ж. М. Горький есімі берілді. Театр репертуарынан көпұлтты драматургиялық туындылар (В. Гусевтің «Иван Рыбаковы», Н. Погодиннің «Кремль куранттары», М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегі», А. Корнейчуктың «Жұлдыздар неге жымыңдайдысы», И. Дурцэнің «Каса Маресі», А. Дударевтің «Табалдырығы» және т.б.); шетел классикасы (У. Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», Дж. Лондонның «Ұрлығы», т.б.) орын алды. 90-жылдарды театр жаңа орыс репертуарына бет бұрумен қарсы алды (А. Камоның «Ібілісі», Н. Гогольдің «Үйленуі», А. Пушкиннің «Борис Годуновы», А. Чеховтың «Шие бағы», т.б.). А. Дударевтің «Ымырт», М. Горькийдің «Шыңырауда», Н.Гогольдің «Ревизор», М. Шахановтың «Шыңғысханмен бірге кеткен құпия» спектакльдері ең озық қойылымдар қатарынан орын алды. 1990 ж. Целиноград облыстық кеңесінің шешімімен Қазақ музыкалық-драма театрының құрылуы мәдени өмірдегі елеулі оқиға болды. Театр шымылдығы Г. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклімен ашылды. Спектакльді қойған театрдың тұңғыш көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Ж. Омаров еді. Театр Бөгенбай батырдың 300 жылдығы, Абылай ханның 280 жылдығы, Тама Есет батырдың 325 жылдығы секілді айтулы тойларға арналған театрландырылған қойылымдарды дайындау, өткізу ісіне мол еңбек сіңірді. 1953 ж. театрға Қ. Қуанышбаевтың есімі берілді. Театрға Астана жаңа серпін берді. 1999 ж. оның ғимараты қайта салынып, жарық және дыбыс кондырғыларымен жабдықталды. Сол жылы театр басшылығын театр әлеміне танымал режиссер, Халық Қаһарманы Ә. Мәмбетов қолға алды. Оның алғаш қойған спектакльдерінің бірінен саналатын «Қыз Жібек» қойылымы режиссерлік шешімінің тартымдылығымен ел Президентінің назарына ілікті.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға