Жаңалықтар

Қаланы көгалдандыру

1997 ж. қала бойынша көгалдандыру алаңының мөлшері 67,9 га болды. 1998-2002 жылдар аралығында 129,2 га аумақты көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылды. 2003 ж. «Жыл мезгілдері» (5 га), одан кейінгі жылдары «Ақбұлақ», «Олимп» саябақтары іске қосылды. Қаланы көгалдандыру әрі абаттандыру мақсатында 2004 жылдан бастап жалпы ауданы 155 га аймаққа 6 саябақ, 23 шағынбақ орнатылды, 78458 ағаш отырғызылды. Осы шараны жүзеге асыруда қолданылған ағаш пен бұта көшеттері 349 га аумақты алып жатқан «Астанажасылқұрылыс» АҚ питомнигінен алынды. Мұнда 500 мыңнан астам ағаш-бұта сұрыптарының көшеттері өсіріледі. 2005 ж. жалпы ауданы 28,4 га екі саябақ, алты шағын бақ (5,04 га) салынып, Ислам орталығына (6,5 га) және Жоғарғы Сотқа (1,38 га) іргелес жатқан өңірлер абаттандырылды. Сарыарқа көшесі бойындағы (Абай даңғылы мен Кенесары көшесіне дейінгі) жаяу жүргіншілер бульвары (1 га) іске қосылды. Астана қаласы жаңа әкімшілік орталығы хауызды-жасыл желекті бульварының бірінші кезегі пайдалануға берілді. 2007 ж. 98,1 га аумақ көгалдандырылды, оның қатарында: Есіл өзенінің оң жағалауындағы Президент саябағы (23,7 га), «Арай» саябағы (24,4 га), «Жерұйық» саябағы (21 га), Қабанбай батыр даңғылы (1,5 га), Сарыарқа даңғылы мен Қорғалжын тас жолы (1,5 га) бойындағы гүлзарлы бақтар, т.б. бар. 1997-2007 ж. аралығында көгалдандыру алаңының ауқымы 67,9 га-дан 515,5 га-ға ұлғайды (соның ішінде, жас көшет отырғызылған алаң 438,3 га). Астананы аптап ыстық пен өкпек желден, шаң-бораннан қорғайтын «жасыл белдеу» орнату қала бас жоспарындағы ең маңызды шаралардың бірі болып табылады. Осыған орай қаланы айнала қоршап тұратын 15723 га жерге санитарлық-қорғаныс жасыл желегін, оған қоса 10689, 5 га орманды алқап орнату (11 млн-нан астам ағаш және бұта) жұмысы жүргізілді. Бұл игілікті іс өзінің оң нәтижесін бере бастады. Бүгінгі Астананың балауса орманы бой түзеп, гүлзарлы бақтары саялы тынығу орнына айналды. Қаланың «жасыл өкпесі» аталатын жасыл желектің қала тұрғындарын экологиялык тұрғыдан қорғаудағы мәні зор. Астана тұрғындары баққа айналатын әсем қаланың кәусар ауасын жұтып, оның рахатын көре бастады. Қала инфрақұрылымындағы тағы бір маңызды мәселе саркынды су ағатын әуіттер мен тазартқы қондырғылардың талапқа сай болуы. Осыған орай 2005 жылдан Талдыкөл сарқын-жинағышын ретке келтіру жұмысы қолға алынды, бұл қаланы сумен жабдықтау және су сарқынын ағызу нысандары мен оның желісін қайта жаңғыртудың жапондық жобасын іске асыру барысындағы жалпы жүйе бойынша қолға алынды. Дерккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 00:45 8929

1997 ж. қала бойынша көгалдандыру алаңының мөлшері 67,9 га болды. 1998-2002 жылдар аралығында 129,2 га аумақты көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылды. 2003 ж. «Жыл мезгілдері» (5 га), одан кейінгі жылдары «Ақбұлақ», «Олимп» саябақтары іске қосылды.

Қаланы көгалдандыру әрі абаттандыру мақсатында 2004 жылдан бастап жалпы ауданы 155 га аймаққа 6 саябақ, 23 шағынбақ орнатылды, 78458 ағаш отырғызылды. Осы шараны жүзеге асыруда қолданылған ағаш пен бұта көшеттері 349 га аумақты алып жатқан «Астанажасылқұрылыс» АҚ питомнигінен алынды. Мұнда 500 мыңнан астам ағаш-бұта сұрыптарының көшеттері өсіріледі. 2005 ж. жалпы ауданы 28,4 га екі саябақ, алты шағын бақ (5,04 га) салынып, Ислам орталығына (6,5 га) және Жоғарғы Сотқа (1,38 га) іргелес жатқан өңірлер абаттандырылды. Сарыарқа көшесі бойындағы (Абай даңғылы мен Кенесары көшесіне дейінгі) жаяу жүргіншілер бульвары (1 га) іске қосылды. Астана қаласы жаңа әкімшілік орталығы хауызды-жасыл желекті бульварының бірінші кезегі пайдалануға берілді. 2007 ж. 98,1 га аумақ көгалдандырылды, оның қатарында: Есіл өзенінің оң жағалауындағы Президент саябағы (23,7 га), «Арай» саябағы (24,4 га), «Жерұйық» саябағы (21 га), Қабанбай батыр даңғылы (1,5 га), Сарыарқа даңғылы мен Қорғалжын тас жолы (1,5 га) бойындағы гүлзарлы бақтар, т.б. бар. 1997-2007 ж. аралығында көгалдандыру алаңының ауқымы 67,9 га-дан 515,5 га-ға ұлғайды (соның ішінде, жас көшет отырғызылған алаң 438,3 га).

Астананы аптап ыстық пен өкпек желден, шаң-бораннан қорғайтын «жасыл белдеу» орнату қала бас жоспарындағы ең маңызды шаралардың бірі болып табылады. Осыған орай қаланы айнала қоршап тұратын 15723 га жерге санитарлық-қорғаныс жасыл желегін, оған қоса 10689, 5 га орманды алқап орнату (11 млн-нан астам ағаш және бұта) жұмысы жүргізілді. Бұл игілікті іс өзінің оң нәтижесін бере бастады.

Бүгінгі Астананың балауса орманы бой түзеп, гүлзарлы бақтары саялы тынығу орнына айналды. Қаланың «жасыл өкпесі» аталатын жасыл желектің қала тұрғындарын экологиялык тұрғыдан қорғаудағы мәні зор. Астана тұрғындары баққа айналатын әсем қаланың кәусар ауасын жұтып, оның рахатын көре бастады.

Қала инфрақұрылымындағы тағы бір маңызды мәселе саркынды су ағатын әуіттер мен тазартқы қондырғылардың талапқа сай болуы. Осыған орай 2005 жылдан Талдыкөл сарқын-жинағышын ретке келтіру жұмысы қолға алынды, бұл қаланы сумен жабдықтау және су сарқынын ағызу нысандары мен оның желісін қайта жаңғыртудың жапондық жобасын іске асыру барысындағы жалпы жүйе бойынша қолға алынды.

Дерккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға