Жаңалықтар

Әдебиеттің қалыптасуы және дамуына астананың ауысуының ықпал етуі

Ақмола әдебиетінің қалыптасып дамуына 1965 ж. Целиноград қаласында Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесінің құрылуы елеулі ықпал етті. Бөлімше Жазушылар одағының 27 мүшесін біріктірді. Осы құрылымның бастауында қазақтың аса көрнекті жазушысы Ғ. Мүсірепов тұр. Дарынды қаламгер қалада өткізген Одақ президиумының көшпелі мәжілісі аймақтың ақын-жазушыларына шығармашылық қуат берді. Сол жолы ұйымдастырылған әдебиетшілердің өлкелік кеңесіңде тың жоспарлар жасалып, калада түратын 6 қаламгер одаққа мүшелікке өтті. Бөлімшенің күш салуымен С. Сейфуллиннің 70 жылдығы мерекеленіп, айтулы тойда С. Мұқанов ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Сондай-ақ I. Есенберлиннің 70, С. Омаровтың 80 жылдықтары да аталып өтілді. Өздерінің бүкіл саналы ғұмырын, еңбек және шығармашылық тағдырын Ақмола – Астанамен біте қайнастырған, бүгінде арамызда жоқ А.Ф. Дубинский, М. Хасенов, X. Рахимов, М. Төрежанов сияқты қаламгерлер қала мен өңір тынысын арқау еткен көптеген құнды дүниелер қалдырды. Осы өңірде туып, Алматы қаласында ғалым, суреткер ретінде қалыптасқан Т. Кәкішев, А. Сатаев, А. Жағанова, Е. Өтетілеуов, М. Нұртазин сынды қаламгерлер – ел әдебиетінің белгілі тұлғалары. Есілдегі шаһар мен аймақтың шежіресін өлең мен прозада талмай суреттеп келе жаткан ақындар Н. Оразов пен В. Гундарев, жазушылар: ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты А. Смайыл, қарт қаламгер Ә. Нәбиев – өңір мен республикаға танымал тұлғалар. Қала мен өңір әдебиетінің күрт дамуына астананың Алматыдан Ақмолаға ауысуы айрықша ықпал етті. 2002 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы құрылып, өтпелі кезеңде жұмысын тоқтатқан бөлімшенің орнында іргелі ұйым шаңырақ көтерді. Филиал бүгінде Жазушылар Одағының 86 мүшесін біріктіріп отыр. Олардың қатарында қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, Мемлекеттік сыйлық лауреаттары Ә. Кекілбаев, Ф. Оңғарсынова, Ә. Сарай, Т. Әбдік, Д. Досжан, А. Сейдімбек, Қ. Салғара, Р. Нұрғали, Ә. Тарази, Ә. Асқар секілді майталман қаламгерлер бар. 2004 ж. бірқатар белгілі ақын-жазушылардың ұсынысымен Астана қалалық «Әдебиет» қоғамдық бірлестігі құрылып, елеулі бастамаларға ұйтқы болды. 2003 ж. қала әкімдігінің қолдауымен «Астана жазушыларының кітапханасы» сериясы ұйымдастырылып, Елорда мен өңір тарихы туралы шетелдер мұрағаттарынан алынған құнды деректер 7 том көлемінде басылып шығарылды. 2006 ж. алғаш рет Астана қаласы іскерлерінің әдебиет пен мәдениетті қолдау жөніндегі клубы құрылып, көркем проза, поэзия, драма, өнер және публицистика салалары бойынша сыйлықтар тағайындалып, үздіктерге тапсырылды. Сол үздіктердің бірі ретінде Астана жайлы алғашқы драма «Бәйтерек басындағы кездесу» пьесасының авторы Ж. Әлмашұлы да марапатталды. Елорда әдебиетшілері қаланың барлық мәдени-рухани өміріне белсене араласуда. Олар – Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған М. Жұмабаев атындағы әдеби және «Алаш» зиялылары» клубтарының ұйытқысы. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:36 4012

Ақмола әдебиетінің қалыптасып дамуына 1965 ж. Целиноград қаласында Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесінің құрылуы елеулі ықпал етті. Бөлімше Жазушылар одағының 27 мүшесін біріктірді. Осы құрылымның бастауында қазақтың аса көрнекті жазушысы Ғ. Мүсірепов тұр. Дарынды қаламгер қалада өткізген Одақ президиумының көшпелі мәжілісі аймақтың ақын-жазушыларына шығармашылық қуат берді. Сол жолы ұйымдастырылған әдебиетшілердің өлкелік кеңесіңде тың жоспарлар жасалып, калада түратын 6 қаламгер одаққа мүшелікке өтті. Бөлімшенің күш салуымен С. Сейфуллиннің 70 жылдығы мерекеленіп, айтулы тойда С. Мұқанов ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Сондай-ақ I. Есенберлиннің 70, С. Омаровтың 80 жылдықтары да аталып өтілді.

Өздерінің бүкіл саналы ғұмырын, еңбек және шығармашылық тағдырын Ақмола – Астанамен біте қайнастырған, бүгінде арамызда жоқ А.Ф. Дубинский, М. Хасенов, X. Рахимов, М. Төрежанов сияқты қаламгерлер қала мен өңір тынысын арқау еткен көптеген құнды дүниелер қалдырды. Осы өңірде туып, Алматы қаласында ғалым, суреткер ретінде қалыптасқан Т. Кәкішев, А. Сатаев, А. Жағанова, Е. Өтетілеуов, М. Нұртазин сынды қаламгерлер – ел әдебиетінің белгілі тұлғалары. Есілдегі шаһар мен аймақтың шежіресін өлең мен прозада талмай суреттеп келе жаткан ақындар Н. Оразов пен В. Гундарев, жазушылар: ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты А. Смайыл, қарт қаламгер Ә. Нәбиев – өңір мен республикаға танымал тұлғалар.

Қала мен өңір әдебиетінің күрт дамуына астананың Алматыдан Ақмолаға ауысуы айрықша ықпал етті. 2002 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы құрылып, өтпелі кезеңде жұмысын тоқтатқан бөлімшенің орнында іргелі ұйым шаңырақ көтерді. Филиал бүгінде Жазушылар Одағының 86 мүшесін біріктіріп отыр. Олардың қатарында қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, Мемлекеттік сыйлық лауреаттары Ә. Кекілбаев, Ф. Оңғарсынова, Ә. Сарай, Т. Әбдік, Д. Досжан, А. Сейдімбек, Қ. Салғара, Р. Нұрғали, Ә. Тарази, Ә. Асқар секілді майталман қаламгерлер бар. 2004 ж. бірқатар белгілі ақын-жазушылардың ұсынысымен Астана қалалық «Әдебиет» қоғамдық бірлестігі құрылып, елеулі бастамаларға ұйтқы болды. 2003 ж. қала әкімдігінің қолдауымен «Астана жазушыларының кітапханасы» сериясы ұйымдастырылып, Елорда мен өңір тарихы туралы шетелдер мұрағаттарынан алынған құнды деректер 7 том көлемінде басылып шығарылды. 2006 ж. алғаш рет Астана қаласы іскерлерінің әдебиет пен мәдениетті қолдау жөніндегі клубы құрылып, көркем проза, поэзия, драма, өнер және публицистика салалары бойынша сыйлықтар тағайындалып, үздіктерге тапсырылды. Сол үздіктердің бірі ретінде Астана жайлы алғашқы драма «Бәйтерек басындағы кездесу» пьесасының авторы Ж. Әлмашұлы да марапатталды. Елорда әдебиетшілері қаланың барлық мәдени-рухани өміріне белсене араласуда. Олар – Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған М. Жұмабаев атындағы әдеби және «Алаш» зиялылары» клубтарының ұйытқысы.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға