Жаңалықтар

Мәдени шаралар мен қоғамдық-мәдени орындар

Астана ең алдымен, іскерлік туризм қаласы болып қалыптасып келеді. Астанада жылына республикалық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі 30-дан астам көрме ұйымдастырылады. Астанадағы туризм күн санап сұраныс тудырып отырған сыртқа саяхат жасау туризмі бизнесін жандандырумен бірге, қаланың өзі де аса тартымды туризм нысанына айналып отыр. Ол астаналық инфрақұрылымның жедел дамуы, жаңа архитектуралық кеңістіктер мен әкімшілік билік иелігі аясында Астана ең алдымен, іскерлік туризм орталығы ретінде қалыптасып келеді. Өкілеттілік қызметті Алматыдан Астанаға көшіру, астанада әр түрлі тұсаукесерлік шаралардың көбеюіне тікелей әсерін тигізіп отыр. Қаладағы пайдалануға берілген, сонымен қатар салыну үстіндегі аландар көрме, конференциялар, халықаралық басқосуларға пайдаланылып және де қызмет көрсету деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Астанада тынығу, сейілдеу және туристік саяхат нысандары жүйесі қанат жайып келеді. Олардың қатарында астана саябағы «Аквапарк», «Думан» океанариумы, Президенттік мәдениет орталығы, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Атамекен» Қазақстан картасы» тарихи-этнографиялық кешен, «Тұлпар» және «Құлагер» ат спорты клубтары, кинотеатрлар, спорт сарайлары және т.б. нысандар бар. Астана тек геосаяси орталыққа айналу ғана емес, мәдени орталық та болу жолында дамып келеді. Туристер легінің қазірдің өзінде бірнеше есе көбейгенін, туристік бизнестің Астана аумағына қарай бет бұрғанын мақтанышпен айтуға болады. Туристік имиджді қалыптастыру жөнінен бірқатар кешенді шаралар қолға алынды. Астана тұрғындары бүгінде мейрамханалар мен дүкендері кең аумақты инфрақұрылымы бар Дөңгелек алаңда демалады. «Синема-Сити», «Арсенал» кинотеатрлары, Орталық саябақ, Есіл жағалауы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Халықтың қашанда мол болатыны да сондықтан. Астана тұрғындары отбасы болып серуендеген кезде көбінесе баратын орындары - «Думан» серуен кешені, Аквапарк. Дөңгелек алаң да халықтан бір сәт босамайтын демалыс орнына айналды. Аспанға атылған фонтанымен бірге музыка әуенін тындауға болатын Жасыл бульвар, Шахматшылар мен футболшылар шағынбақтары, сондай-ақ хош иісі көкірек жаратын Бөртетал бульвары жергілікті халықтың іздеп баратын тынығу орны болып отыр. Түнге қарай жастар баратын алуан түрлі түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, бильярд залдары, мейрамханалар, сыра барлары жұмыс істейді. Жаз айларында қала тұрғындарының сыртқа шыққанды қалайтындары Бурабай, Зеренді табиғатын тамашалап, ал еркін қыдырысты ұнататындары аң, балық аулау, тауға шығу сияқты сейіл түрімен айналыса-ды. 2001—06 жылдар кезеңінде Астанаға туристік сапармен келушілер саны 13 339-дан 52 963-ке дейін өсті, ал сыртқа саяхат жасаушылар – 9451-ден 3113-ке, ішкі туризм 97 770-тен 256204-ке жетті. 2007 жылдың қаңтар-маусым айларындағы сырттан келуші туристер – 38 613 адам; сыртқа шыққандар саны – 9021; ішкі туризм 150 656 адамды құрады. 1999 жылдан 2007 жылдың 1 қазанына дейін туристік фирмалар саны 27-ден 115-ке артты. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:13 22880

Астана ең алдымен, іскерлік туризм қаласы болып қалыптасып келеді. Астанада жылына республикалық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі 30-дан астам көрме ұйымдастырылады. Астанадағы туризм күн санап сұраныс тудырып отырған сыртқа саяхат жасау туризмі бизнесін жандандырумен бірге, қаланың өзі де аса тартымды туризм нысанына айналып отыр. Ол астаналық инфрақұрылымның жедел дамуы, жаңа архитектуралық кеңістіктер мен әкімшілік билік иелігі аясында Астана ең алдымен, іскерлік туризм орталығы ретінде қалыптасып келеді. Өкілеттілік қызметті Алматыдан Астанаға көшіру, астанада әр түрлі тұсаукесерлік шаралардың көбеюіне тікелей әсерін тигізіп отыр. Қаладағы пайдалануға берілген, сонымен қатар салыну үстіндегі аландар көрме, конференциялар, халықаралық басқосуларға пайдаланылып және де қызмет көрсету деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр.

Астанада тынығу, сейілдеу және туристік саяхат нысандары жүйесі қанат жайып келеді. Олардың қатарында астана саябағы «Аквапарк», «Думан» океанариумы, Президенттік мәдениет орталығы, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Атамекен» Қазақстан картасы» тарихи-этнографиялық кешен, «Тұлпар» және «Құлагер» ат спорты клубтары, кинотеатрлар, спорт сарайлары және т.б. нысандар бар. Астана тек геосаяси орталыққа айналу ғана емес, мәдени орталық та болу жолында дамып келеді. Туристер легінің қазірдің өзінде бірнеше есе көбейгенін, туристік бизнестің Астана аумағына қарай бет бұрғанын мақтанышпен айтуға болады. Туристік имиджді қалыптастыру жөнінен бірқатар кешенді шаралар қолға алынды. Астана тұрғындары бүгінде мейрамханалар мен дүкендері кең аумақты инфрақұрылымы бар Дөңгелек алаңда демалады. «Синема-Сити», «Арсенал» кинотеатрлары, Орталық саябақ, Есіл жағалауы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Халықтың қашанда мол болатыны да сондықтан. Астана тұрғындары отбасы болып серуендеген кезде көбінесе баратын орындары - «Думан» серуен кешені, Аквапарк. Дөңгелек алаң да халықтан бір сәт босамайтын демалыс орнына айналды. Аспанға атылған фонтанымен бірге музыка әуенін тындауға болатын Жасыл бульвар, Шахматшылар мен футболшылар шағынбақтары, сондай-ақ хош иісі көкірек жаратын Бөртетал бульвары жергілікті халықтың іздеп баратын тынығу орны болып отыр. Түнге қарай жастар баратын алуан түрлі түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, бильярд залдары, мейрамханалар, сыра барлары жұмыс істейді. Жаз айларында қала тұрғындарының сыртқа шыққанды қалайтындары Бурабай, Зеренді табиғатын тамашалап, ал еркін қыдырысты ұнататындары аң, балық аулау, тауға шығу сияқты сейіл түрімен айналыса-ды. 2001—06 жылдар кезеңінде Астанаға туристік сапармен келушілер саны 13 339-дан 52 963-ке дейін өсті, ал сыртқа саяхат жасаушылар – 9451-ден 3113-ке, ішкі туризм 97 770-тен 256204-ке жетті. 2007 жылдың қаңтар-маусым айларындағы сырттан келуші туристер – 38 613 адам; сыртқа шыққандар саны – 9021; ішкі туризм 150 656 адамды құрады. 1999 жылдан 2007 жылдың 1 қазанына дейін туристік фирмалар саны 27-ден 115-ке артты.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға