Жаңалықтар

Астана туризм ассоциациясы

Астананың архитектуралық келбетінің жыл сайын жаңғырып, сондай-ақ туристік нысандардың көбеюіне орай, туристерге сауатты ақпар беру мақсатында Астана туризм ассоциациясы (АТА) қала бойынша саяхат жүргізетін гидтерге арнап әдістемелік құрал шығарып тұрады. Астананы шет елдерге жақынырақ таныстыру, туристік саяхатпен келем деушілердің ынтасын арттыру мақсатында шетел ақпарат құралдары мен баспа беттерінде Астананың көз тартар көрікті жерлері мен оны қоршап жатқан курортты өңірлер туралы мақалалар мен эссе-әңгімелер ұйымдастырып тұру қолға алынды. Негізінен, Жапония, АҚШ, Германия, Голландия, Оңтүстік Корея, Түркия, Франция, Малайзия, Италия, Испания елдері басты нысана болмақ. Астана қаласының туристік қызметін жетілдіре түсу үшін, ол жайында ақпарат аламын деушілерге жарнама-ақпараттық материалдар, астана туралы панорамалы туристік карта, фотоальбом, брошюралар, әлемнің жетекші тілдерінде жолнұсқау кітапшалары шығарылып тұрады. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Қазақстан аймақтары балалар топтарын қалыптастыру шаралары жүргізілді. Осы жобаға арналып Астана қаласы сол жағалауын аралататын, оның әсем ғимараттары, демалыс орындарымен таныстыратын арнайы туристік маршрут енгізілді. Балаларды бұл маршрут бойынша сейілдету жаз айларындағы каникул кезіне лайықталған. Бұл жобада негізгі назар әлеуметтік бағытқа, көпбалалы отбасы, мүгедектер балалары мен оқу үздіктерін қамтуға аударылған. Туристердің өз алдына серуен жасауы ойластырылып, Қазақстанда тұңғыш рет «108» қызметі Астанада ұйымдастырылды. Бұл қызмет астанаға келген шетел қонақтарына қаладағы мемлекеттік, қаржы, демалыс нысандары, сондай-ақтуристік, тілмаштық, риэлторлық және тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын фирмалар жайында ақпарат берумен айналысады. Туристік кластер жұмысын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ туристік мекемелер шеңберін бір мақсатка жұмылдыру қызметімен АТА айналысады. Аталмыш ассоциацияның міндеті туристік фирмалар, отельерлер, рестораторлардың бірлесіп қызмет жасауын ұйымдастыру; туристік секторда іске кіріскен кәсіпкерлер құқығын қорғау; туризм саласындағы нормалық-құқықтық актілер мен қолданыстағы заңнамаларды әзірлеу және сараптау; туризм аясы қызметкерлерінің кәсіби мамандығын арттыратын оқу семинарлары мен курстарын өткізу. Мұнымен қатар астаналық туристік жаңа мүмкіндіктерін зерттеу ісімен де айналысады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:05 5879

Астананың архитектуралық келбетінің жыл сайын жаңғырып, сондай-ақ туристік нысандардың көбеюіне орай, туристерге сауатты ақпар беру мақсатында Астана туризм ассоциациясы (АТА) қала бойынша саяхат жүргізетін гидтерге арнап әдістемелік құрал шығарып тұрады. Астананы шет елдерге жақынырақ таныстыру, туристік саяхатпен келем деушілердің ынтасын арттыру мақсатында шетел ақпарат құралдары мен баспа беттерінде Астананың көз тартар көрікті жерлері мен оны қоршап жатқан курортты өңірлер туралы мақалалар мен эссе-әңгімелер ұйымдастырып тұру қолға алынды. Негізінен, Жапония, АҚШ, Германия, Голландия, Оңтүстік Корея, Түркия, Франция, Малайзия, Италия, Испания елдері басты нысана болмақ. Астана қаласының туристік қызметін жетілдіре түсу үшін, ол жайында ақпарат аламын деушілерге жарнама-ақпараттық материалдар, астана туралы панорамалы туристік карта, фотоальбом, брошюралар, әлемнің жетекші тілдерінде жолнұсқау кітапшалары шығарылып тұрады. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Қазақстан аймақтары балалар топтарын қалыптастыру шаралары жүргізілді. Осы жобаға арналып Астана қаласы сол жағалауын аралататын, оның әсем ғимараттары, демалыс орындарымен таныстыратын арнайы туристік маршрут енгізілді. Балаларды бұл маршрут бойынша сейілдету жаз айларындағы каникул кезіне лайықталған. Бұл жобада негізгі назар әлеуметтік бағытқа, көпбалалы отбасы, мүгедектер балалары мен оқу үздіктерін қамтуға аударылған. Туристердің өз алдына серуен жасауы ойластырылып, Қазақстанда тұңғыш рет «108» қызметі Астанада ұйымдастырылды. Бұл қызмет астанаға келген шетел қонақтарына қаладағы мемлекеттік, қаржы, демалыс нысандары, сондай-ақтуристік, тілмаштық, риэлторлық және тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын фирмалар жайында ақпарат берумен айналысады. Туристік кластер жұмысын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ туристік мекемелер шеңберін бір мақсатка жұмылдыру қызметімен АТА айналысады. Аталмыш ассоциацияның міндеті туристік фирмалар, отельерлер, рестораторлардың бірлесіп қызмет жасауын ұйымдастыру; туристік секторда іске кіріскен кәсіпкерлер құқығын қорғау; туризм саласындағы нормалық-құқықтық актілер мен қолданыстағы заңнамаларды әзірлеу және сараптау; туризм аясы қызметкерлерінің кәсіби мамандығын арттыратын оқу семинарлары мен курстарын өткізу. Мұнымен қатар астаналық туристік жаңа мүмкіндіктерін зерттеу ісімен де айналысады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға