Жаңалықтар

Жалпы мәлімет

Астананың экономикалық дамуындағы маңызды саланың бірі болып отыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚР экономикасын кластерлік дамытудағы басым бағыттың бірі ретінде туризм индустриясын дамытудың маңызын атап өтті. Астана туристік кластерін дамытудағы басты міндет Қазақстан астанасында туристік инфрақұрылым жасау, оның ішінде, мәдениет және демалыс саябақтарын, қонақ үйлер, сауда-ойын-сауық және басқа тынығу нысандарын салу, туристік қызметті әлемдік стандарт талабына үйлестіру, сондай-ақ туристік саланың маман кадрларын даярлау болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен Астана әкімдігі туристік салаларды дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын қабылдады. Бұл Бағдарламаның мақсаты: ішкі және сырттан келетін туризмнің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын жетілдіру арқылы туристік сектордың бәсекелестік қабілетін арттыру және Астана қаласы экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайту. Бағдарламаның басты міндеттері: 1) туристік кластер негізін қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру; 2) Астананың туристік имиджін дамыту; 3) туристік сала кадрларын даярлауға ықпал жасау. Туристік кластердің негізгі құрамды саласы туристік инфрақұрылым болып табылады. Туристік инфрақұрылымды ұлғайту бойынша қала әкімдігі ұдайы жұмыс атқарып келеді. Қаланы дамыту Бас жоспарына сәйкес Астанада таяу жылдарда бірқатар демалыс-көңіл көтеру кешендері бой көтереді. Олардың қатарында: «Ханшатыр», «Астана Мега Орталығы» ірі демалыс-сауда кешендері; 30 мың орындық жабық стадион, жабық велотрек секілді спорт құрылыстары бар. 2005 ж. Есіл өзенінде туристік кеме жүргізу ісі қолға алынды. Павлодар өзен айлағымен бірлесе отырып, «Есіл кеме жолы» жобасын жүзеге асыру ойластырылуда. Мұнда туристер мен қала тұрғындарын Есіл бойымен сейілдету ескерілген. Кемемен жолаушыларды қыдырту сапары қайық стансасы айлағынан басталып, Бейбітшілік және келісім сарайының тұсынан аяқталады. Бұл жобаны іске асыру астана туристік әлеуетінің бір саласы болып қана қоймайды, туристік бизнес субъектілері арасында адал бәсекелестіктің алғышарттарын тудырады. Туристік кластердің тағы бір маңызды элементтерінің бірі туризм саласының маман кадрларын даярлау. Осы бағытта Астана қаласы әкімдігі астанадағы туристік ұйымдармен бірлесе отырып, тәжірибе жинақтау базаларын қалыптастыруды (2008 жылдың ақпанына дейін жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 100 студенті қалалық туристік фирмалары мен астана қонақ үйлерінде тәжірибе курсынан өтті) және студенттерді туристік мамандыққа баулитын тәжірибелік сабақтар жүргізуді жүзеге асыруда. Бұған қосымша туризм менеджерлері үшін практикалық конференциялар, оқыту семинарлары мен практикумдар өткізу оған сонымен қатар Дүниежүзілік туристік ұйымдар ұйғаруымен туризм саласындағы жетекші сарапшыларды қатыстыру қолға алынып отыр. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:03 4730

Астананың экономикалық дамуындағы маңызды саланың бірі болып отыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚР экономикасын кластерлік дамытудағы басым бағыттың бірі ретінде туризм индустриясын дамытудың маңызын атап өтті. Астана туристік кластерін дамытудағы басты міндет Қазақстан астанасында туристік инфрақұрылым жасау, оның ішінде, мәдениет және демалыс саябақтарын, қонақ үйлер, сауда-ойын-сауық және басқа тынығу нысандарын салу, туристік қызметті әлемдік стандарт талабына үйлестіру, сондай-ақ туристік саланың маман кадрларын даярлау болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен Астана әкімдігі туристік салаларды дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын қабылдады. Бұл Бағдарламаның мақсаты: ішкі және сырттан келетін туризмнің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын жетілдіру арқылы туристік сектордың бәсекелестік қабілетін арттыру және Астана қаласы экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайту. Бағдарламаның басты міндеттері: 1) туристік кластер негізін қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру; 2) Астананың туристік имиджін дамыту; 3) туристік сала кадрларын даярлауға ықпал жасау. Туристік кластердің негізгі құрамды саласы туристік инфрақұрылым болып табылады. Туристік инфрақұрылымды ұлғайту бойынша қала әкімдігі ұдайы жұмыс атқарып келеді. Қаланы дамыту Бас жоспарына сәйкес Астанада таяу жылдарда бірқатар демалыс-көңіл көтеру кешендері бой көтереді. Олардың қатарында: «Ханшатыр», «Астана Мега Орталығы» ірі демалыс-сауда кешендері; 30 мың орындық жабық стадион, жабық велотрек секілді спорт құрылыстары бар. 2005 ж. Есіл өзенінде туристік кеме жүргізу ісі қолға алынды. Павлодар өзен айлағымен бірлесе отырып, «Есіл кеме жолы» жобасын жүзеге асыру ойластырылуда. Мұнда туристер мен қала тұрғындарын Есіл бойымен сейілдету ескерілген. Кемемен жолаушыларды қыдырту сапары қайық стансасы айлағынан басталып, Бейбітшілік және келісім сарайының тұсынан аяқталады. Бұл жобаны іске асыру астана туристік әлеуетінің бір саласы болып қана қоймайды, туристік бизнес субъектілері арасында адал бәсекелестіктің алғышарттарын тудырады. Туристік кластердің тағы бір маңызды элементтерінің бірі туризм саласының маман кадрларын даярлау. Осы бағытта Астана қаласы әкімдігі астанадағы туристік ұйымдармен бірлесе отырып, тәжірибе жинақтау базаларын қалыптастыруды (2008 жылдың ақпанына дейін жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 100 студенті қалалық туристік фирмалары мен астана қонақ үйлерінде тәжірибе курсынан өтті) және студенттерді туристік мамандыққа баулитын тәжірибелік сабақтар жүргізуді жүзеге асыруда. Бұған қосымша туризм менеджерлері үшін практикалық конференциялар, оқыту семинарлары мен практикумдар өткізу оған сонымен қатар Дүниежүзілік туристік ұйымдар ұйғаруымен туризм саласындағы жетекші сарапшыларды қатыстыру қолға алынып отыр.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға