Жаңалықтар

Алғашқы медициналық көмек көрсету

«Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдары нашақорлықпен және наркобизнеспен күресу бағдарламасы туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі №240 қаулысының 2-тармағын орындау мақсатымен Астана қаласында «Астана – есірткісіз қала. 2006-2008 жыл» атты өңірлік бағдарлама қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Денсаулық сақтау департаменті психобелсенді дәрілерді қабылдайтындарды және оған бейім кәмелетке толмағандарды анықтап, осы контингентпен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Соңғы 5 жылда қалада алғашқы қатерлі ісік ауруларының деңгейі төмендеп, тұрақтандырылғаны және ол көрсеткіш республикалық көрсеткіштерден төмен екендігі анықталды. Онкологиялық диспансер және № 1,2,6 аумақтық емханадағы онкологиялық кабинеттер Астана қаласы онкологиялық қызметінің айқын көрсеткіші болып табылады. Аурулардың арасында өкпенің, асқазанның, сүт безінің қатерлі ісіктеріне баса назар аударылады. Денсаулык сақтау саласын реформалаудың мемлекеттік бағдарламасында қалыптасқан амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету жүйесінің дамуына (АМСК – алғашқы медициналық-санитарлык көмек) баса назар аударылады. Тұрғындарға барлық амбулаториялық-емханалық кызмет көрсету жүйесі кешенінің қолжетімділігін арттыру үшін, 2007 ж. жұмыс істеп жатқан отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, тек отбасылық дәрігерлердің күшімен ғана емес, оған қоса тар шеңберлік мамандық дәрігерлері арқылы да медициналық көмек көрсететін АМК аумақтық орталықтары болып қайта құрылды. Аралас типтегі емхана құру арқылы, амбулаториялық-емханалық көмектің құрылымы өзгертіліп, жалпы дәрігерлік практика орталығының жұмыс тәжірибесі қатар енгізілді. АМК-нің негізгі құралы профилактикалық тексерістер болып саналады. 2005 ж. 20 жастан 34 жасқа дейінгі әйелдерге, 2006-2007 жылдары 49 жасқа дейінгі әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға ақысыз профилактикалык тексеру жүргізілді. Қалада ересектерге арналған 118 учаскелік 3 дербес емхана және 86 учаскедегі 5 балалар учаскелік емханасында қызмет көрсетіледі. Қаланың барлық саны 66876 жасөспіріміне студенттік емханада (№3 емхана) медициналық көмек көрсетіледі, онда цех тәртібі бойынша (оқу орны бойынша) жасөспірімдердің орташа саны 2089 адамға арналған 32 уческесі кұрылды. Денсаулық сақтау департаменті 2005 ж. тарифтік саясатты өзгертті. Қала емханалары үшін алғаш рет АМК ұйымдары қаржыландыруының адам басына шаққандағы нормативі енгізіліп, ол жыл сайын көбейіп, профилактикалық жұмыстардың барлық түрлерінің сапасы мен көлемін үдетуге мүмкіндік береді. АМК-нің барлық ұйымдары үшін адам басына шаққандағы нормативі 1 тұрғынға айына 133 теңгені құрады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 10:54 12938

«Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдары нашақорлықпен және наркобизнеспен күресу бағдарламасы туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі №240 қаулысының 2-тармағын орындау мақсатымен Астана қаласында «Астана – есірткісіз қала. 2006-2008 жыл» атты өңірлік бағдарлама қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Денсаулық сақтау департаменті психобелсенді дәрілерді қабылдайтындарды және оған бейім кәмелетке толмағандарды анықтап, осы контингентпен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Соңғы 5 жылда қалада алғашқы қатерлі ісік ауруларының деңгейі төмендеп, тұрақтандырылғаны және ол көрсеткіш республикалық көрсеткіштерден төмен екендігі анықталды. Онкологиялық диспансер және № 1,2,6 аумақтық емханадағы онкологиялық кабинеттер Астана қаласы онкологиялық қызметінің айқын көрсеткіші болып табылады. Аурулардың арасында өкпенің, асқазанның, сүт безінің қатерлі ісіктеріне баса назар аударылады. Денсаулык сақтау саласын реформалаудың мемлекеттік бағдарламасында қалыптасқан амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету жүйесінің дамуына (АМСК – алғашқы медициналық-санитарлык көмек) баса назар аударылады. Тұрғындарға барлық амбулаториялық-емханалық кызмет көрсету жүйесі кешенінің қолжетімділігін арттыру үшін, 2007 ж. жұмыс істеп жатқан отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, тек отбасылық дәрігерлердің күшімен ғана емес, оған қоса тар шеңберлік мамандық дәрігерлері арқылы да медициналық көмек көрсететін АМК аумақтық орталықтары болып қайта құрылды. Аралас типтегі емхана құру арқылы, амбулаториялық-емханалық көмектің құрылымы өзгертіліп, жалпы дәрігерлік практика орталығының жұмыс тәжірибесі қатар енгізілді. АМК-нің негізгі құралы профилактикалық тексерістер болып саналады. 2005 ж. 20 жастан 34 жасқа дейінгі әйелдерге, 2006-2007 жылдары 49 жасқа дейінгі әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға ақысыз профилактикалык тексеру жүргізілді. Қалада ересектерге арналған 118 учаскелік 3 дербес емхана және 86 учаскедегі 5 балалар учаскелік емханасында қызмет көрсетіледі.

Қаланың барлық саны 66876 жасөспіріміне студенттік емханада (№3 емхана) медициналық көмек көрсетіледі, онда цех тәртібі бойынша (оқу орны бойынша) жасөспірімдердің орташа саны 2089 адамға арналған 32 уческесі кұрылды.

Денсаулық сақтау департаменті 2005 ж. тарифтік саясатты өзгертті. Қала емханалары үшін алғаш рет АМК ұйымдары қаржыландыруының адам басына шаққандағы нормативі енгізіліп, ол жыл сайын көбейіп, профилактикалық жұмыстардың барлық түрлерінің сапасы мен көлемін үдетуге мүмкіндік береді. АМК-нің барлық ұйымдары үшін адам басына шаққандағы нормативі 1 тұрғынға айына 133 теңгені құрады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға