Жаңалықтар

ХХІ ғасырдың басы

Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық негізін әрі қарай нығайту жұмыстарын жүргізуде. 30 емдеу-профилактикалық мекеменің 22-не күрделі жөндеу жүргізілді. Қаланың емдеу-профилактикалық мекемелеріне орталықтандырылған түрде жабдықтар сатып алу және жеткізу жүзеге асырылды. 2000 ж. 63,1 млн теңгеге, 2001 ж. 111,0 млн теңгеге, 2002 ж. 68,9 млн теңгеге, 2003 ж. 219,9 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. 2000-2001 жылдары 11 млн америка доллары мөлшерінде шетел гранттарын тарту нәтижесінде және қалалық бюджет қаражаттары есебінен ауруханалардың қазіргі заман талабына сәйкес жабдықтармен қамтамасыз етілуі артты. Жапония, Қытай мемлекеттерінің гранттары бойынша қалалық балалар ауруханасы мен перзентхана үйлеріне 1385,4 млн теңгеге жабдықтар алынды. 2003 ж. Жапония мемлекетінің гранты есебінен (450 млн теңге) қалалық жедел жәрдем және шұғыл көмек стансаларына аппаратура, радиоқабылдағыш, жөндеу базасымен жабдықталған 23 санитарлық автокөлік алынды. Астана қаласының халықты және медициналық ұйымдарды дәрілермен қамтамасыз ету қызметін фармакологиялық қызметке лицензиясы бар 290 ресми және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді (1998 ж. 110 ұйым). Дәріханалық ұйымдармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 5,04-ті құрайды (ҚР бойынша 4,02). Аурудың түрлеріне байланысты жекелеген санаттағы тұрғындарды дәрілермен қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 2000 жылы 5 мамырдағы «Ауру түрлеріне байланысты Халықтың жекелеген категориясын дәрілік заттармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары туралы» №674 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Қала әкімдігінің бастамасымен 2001 ж. желтоқсан айында ҚР егемендігінің 10 жылдығына орай кайырымдылық дәріханасы ашылды. Қайырымдылық дәріханасы арқылы дәрігерлердің рецепті бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және жұмыссыздарға дәрілік заттар беру жүзеге асырылады. Науқастың дәрілерді тегін алу құқығы туралы шешімді Қаланың жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарын қолдау қоры береді. 2003 жылы 1 маусымда қайырымдылық дәріханасы 6500 адамға қызмет көрсетіп, 6,5 млн теңгенің дәрілік заттары берілді. Қаланың аумағында сатылатын дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды Фармацевтикалық бақылау басқармасы жүзеге асырады. Қаланың аумағында дәрілік заттарды сертификаттау «Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығының» аумақтық бөлімшесі жүргізеді. Денсаулық сақтау департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі жеке медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша мақсатты кешенді бағдарламалар құру болып саналады. 1998-2002 жылдары қала әкімдігінің шешімімен бекітілген 10 бағдарлама дайындалды. 1998-2002 жылдар аралығында балалар өлімінің көрсеткіші 1,2 есеге, аналар өлімі 1,2 есеге төмендеді. Туберкулезбен ауру деңгейінің көрсеткіші 2002 ж. 100 мың тұрғынға шаққанда 162,8, ал 1998 ж. бұл 195,1 болған, наркопатология (335,4-ке 558,2-ден), қатерлі ісіктер (176,7-ге 267,5-тен), жүйке аурулар (181,5-ке 260,7-ден) көрсеткіші де азайған. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 10:21 2668

Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық негізін әрі қарай нығайту жұмыстарын жүргізуде. 30 емдеу-профилактикалық мекеменің 22-не күрделі жөндеу жүргізілді. Қаланың емдеу-профилактикалық мекемелеріне орталықтандырылған түрде жабдықтар сатып алу және жеткізу жүзеге асырылды. 2000 ж. 63,1 млн теңгеге, 2001 ж. 111,0 млн теңгеге, 2002 ж. 68,9 млн теңгеге, 2003 ж. 219,9 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. 2000-2001 жылдары 11 млн америка доллары мөлшерінде шетел гранттарын тарту нәтижесінде және қалалық бюджет қаражаттары есебінен ауруханалардың қазіргі заман талабына сәйкес жабдықтармен қамтамасыз етілуі артты. Жапония, Қытай мемлекеттерінің гранттары бойынша қалалық балалар ауруханасы мен перзентхана үйлеріне 1385,4 млн теңгеге жабдықтар алынды. 2003 ж. Жапония мемлекетінің гранты есебінен (450 млн теңге) қалалық жедел жәрдем және шұғыл көмек стансаларына аппаратура, радиоқабылдағыш, жөндеу базасымен жабдықталған 23 санитарлық автокөлік алынды. Астана қаласының халықты және медициналық ұйымдарды дәрілермен қамтамасыз ету қызметін фармакологиялық қызметке лицензиясы бар 290 ресми және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді (1998 ж. 110 ұйым). Дәріханалық ұйымдармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 5,04-ті құрайды (ҚР бойынша 4,02). Аурудың түрлеріне байланысты жекелеген санаттағы тұрғындарды дәрілермен қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 2000 жылы 5 мамырдағы «Ауру түрлеріне байланысты Халықтың жекелеген категориясын дәрілік заттармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары туралы» №674 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Қала әкімдігінің бастамасымен 2001 ж. желтоқсан айында ҚР егемендігінің 10 жылдығына орай кайырымдылық дәріханасы ашылды. Қайырымдылық дәріханасы арқылы дәрігерлердің рецепті бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және жұмыссыздарға дәрілік заттар беру жүзеге асырылады. Науқастың дәрілерді тегін алу құқығы туралы шешімді Қаланың жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарын қолдау қоры береді. 2003 жылы 1 маусымда қайырымдылық дәріханасы 6500 адамға қызмет көрсетіп, 6,5 млн теңгенің дәрілік заттары берілді. Қаланың аумағында сатылатын дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды Фармацевтикалық бақылау басқармасы жүзеге асырады. Қаланың аумағында дәрілік заттарды сертификаттау «Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығының» аумақтық бөлімшесі жүргізеді.

Денсаулық сақтау департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі жеке медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша мақсатты кешенді бағдарламалар құру болып саналады. 1998-2002 жылдары қала әкімдігінің шешімімен бекітілген 10 бағдарлама дайындалды.

1998-2002 жылдар аралығында балалар өлімінің көрсеткіші 1,2 есеге, аналар өлімі 1,2 есеге төмендеді.

Туберкулезбен ауру деңгейінің көрсеткіші 2002 ж. 100 мың тұрғынға шаққанда 162,8, ал 1998 ж. бұл 195,1 болған, наркопатология (335,4-ке 558,2-ден), қатерлі ісіктер (176,7-ге 267,5-тен), жүйке аурулар (181,5-ке 260,7-ден) көрсеткіші де азайған.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға