Жаңалықтар

II кезең – 2000-2001 жылдар

Бұл ІІ кезеңнің (2000-2001 жылдар) негізгі міндеттері «Дар әл-Хандасан» тобы дайындап, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Бас жоспарға сәйкес қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту болып белгіленген. Бұл кезеңнің бағдарламасында қаланың жаңа жоспарлы құрылымын қалыптастыру жұмыстары, көне үйлер мен құрылыстарды тездетіп бұзып, орнына астаналық стандарттар мен талаптарға сай жаңа нысандар салу қарастырылды. Астана құрылысына Отандық құрылыс компаниялары және ұйымдарымен қатар, шетелдік құрылыс фирмалары да барынша белсенді түрде атсалысты. Астананың құрылыс жұмыстарына, оның сәулеттік келбетін қалыптастыруға Швейцария, Англия, Чехия, Түркия, тағы басқа елдердің құрылыс компаниялары үлкен үлес қосты. Қазақстанның жаңа астанасының құрылысы басталғаннан-ақ, әсіресе түрік құрылыс компаниялары белсенділік танытты. 2000-2001 жылдары «Аһsel Ins. Investment» түрік құрылыс компаниясы Есіл өзенінің оң жағалауындағы бос жатқан саздауытқа Республика даңғылының бас жағындағы жаңа 718 пәтерлік (сәулетшілері С.Жүнісов, С.Рүстембеков, С.Ниязбаев) «Самал» тұрғын үй шағын ауданын тұрғызды және биіктігі 22 қабат «Астана Тауэр» бизнес және сауда орталығын салды. Есіл өзенінің сол жағалауындағы Қорғалжын күре жолының бойына осы құрылыс компаниясы түрлі мақсаттағы 15 резиденциядан тұратын дипломатиялық қалашық тұрғызды. Қазіргі таңда бұл дипломатиялық қалашықтағы ғимараттарда шет елдік елшіліктер орналасқан. Республика даңғылы мен Кенесары көшелерінің қиылысында «Аксел» компаниясы белгілі түрік сәулетшісі Б.Тубергтің жобасы бойынша бірегей сәулетті офистік-әкімшілік ғимаратын салды (қазіргі «Хабар» телевизиялық корпорациясының ғимараты). Осы жылдары отандық құрылыс компанияларының қатысуымен бой көтерген маңызды нысандардың қатарына мына құрылыстарды жатқызуға болады: Жеңіс даңғылының бойында орналасқан Қаржы және экономика министрлігінің ғимараты (сәулетшілері: В.Лаптев, В.Гладких), Қ.Мұңайтпасов көшесінің бойында орналасқан «Қазақстан» спорт сарайы. Бір шатырдың астында жүзу бассейні мен мұз алаңының қатар орналасуы спорт кешенінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар авторлар мұз айдынының алаңын бокс, күрес, баскетбол, волейбол және гимнастикадан халықаралық дәрежеде жарыстар өткізетін орынға тез арада айналдыру жағын да қарастырған. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 09:53 3438

Бұл ІІ кезеңнің (2000-2001 жылдар) негізгі міндеттері «Дар әл-Хандасан» тобы дайындап, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Бас жоспарға сәйкес қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту болып белгіленген. Бұл кезеңнің бағдарламасында қаланың жаңа жоспарлы құрылымын қалыптастыру жұмыстары, көне үйлер мен құрылыстарды тездетіп бұзып, орнына астаналық стандарттар мен талаптарға сай жаңа нысандар салу қарастырылды. Астана құрылысына Отандық құрылыс компаниялары және ұйымдарымен қатар, шетелдік құрылыс фирмалары да барынша белсенді түрде атсалысты. Астананың құрылыс жұмыстарына, оның сәулеттік келбетін қалыптастыруға Швейцария, Англия, Чехия, Түркия, тағы басқа елдердің құрылыс компаниялары үлкен үлес қосты. Қазақстанның жаңа астанасының құрылысы басталғаннан-ақ, әсіресе түрік құрылыс компаниялары белсенділік танытты. 2000-2001 жылдары «Аһsel Ins. Investment» түрік құрылыс компаниясы Есіл өзенінің оң жағалауындағы бос жатқан саздауытқа Республика даңғылының бас жағындағы жаңа 718 пәтерлік (сәулетшілері С.Жүнісов, С.Рүстембеков, С.Ниязбаев) «Самал» тұрғын үй шағын ауданын тұрғызды және биіктігі 22 қабат «Астана Тауэр» бизнес және сауда орталығын салды. Есіл өзенінің сол жағалауындағы Қорғалжын күре жолының бойына осы құрылыс компаниясы түрлі мақсаттағы 15 резиденциядан тұратын дипломатиялық қалашық тұрғызды. Қазіргі таңда бұл дипломатиялық қалашықтағы ғимараттарда шет елдік елшіліктер орналасқан. Республика даңғылы мен Кенесары көшелерінің қиылысында «Аксел» компаниясы белгілі түрік сәулетшісі Б.Тубергтің жобасы бойынша бірегей сәулетті офистік-әкімшілік ғимаратын салды (қазіргі «Хабар» телевизиялық корпорациясының ғимараты). Осы жылдары отандық құрылыс компанияларының қатысуымен бой көтерген маңызды нысандардың қатарына мына құрылыстарды жатқызуға болады: Жеңіс даңғылының бойында орналасқан Қаржы және экономика министрлігінің ғимараты (сәулетшілері: В.Лаптев, В.Гладких), Қ.Мұңайтпасов көшесінің бойында орналасқан «Қазақстан» спорт сарайы. Бір шатырдың астында жүзу бассейні мен мұз алаңының қатар орналасуы спорт кешенінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар авторлар мұз айдынының алаңын бокс, күрес, баскетбол, волейбол және гимнастикадан халықаралық дәрежеде жарыстар өткізетін орынға тез арада айналдыру жағын да қарастырған.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға