Жаңалықтар

Қазақша сөйле де, сыйлық ұтып ал

Шемонайха ауданында ірі сауда үйлерінде, дүкендерде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында «қазақша сөйле де, сыйлық ұтып ал» акциясы ұйымдастырылды  Сатушымен қазақша тілдесіп, қажеттісін сатып алған тұтынушыларға тосын сый-сияпаттар жасалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Бұл жөнінде тілшімізге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде хабарлады. Аталмыш шара ауданда тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жарияланған «Біз қазақша сөйлейміз» акциясының бір көрінісі ғана екен. Мамандардың айтуынша, бұдан басқа колледж оқушыларының арасында дебаттар өткен. Мемлекеттік тілде сабақ беретін үздік мұғалімдерге марапат көрсетіліпті. Мәдениет үйінде мемлекеттік тілді білу бойынша отбасылық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Қызмет көрсету орындарында бір күн бойы тұрғындарға тек мемлекеттік тілде жауап берілген. Осындай шаралар мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттыруға септігін тигізеді дейді мамандар. BAQ.kz
28.02.2013 13:10 4046

Шемонайха ауданында ірі сауда үйлерінде, дүкендерде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында «қазақша сөйле де, сыйлық ұтып ал» акциясы ұйымдастырылды 

Сатушымен қазақша тілдесіп, қажеттісін сатып алған тұтынушыларға тосын сый-сияпаттар жасалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде тілшімізге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде хабарлады.

Аталмыш шара ауданда тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жарияланған «Біз қазақша сөйлейміз» акциясының бір көрінісі ғана екен. Мамандардың айтуынша, бұдан басқа колледж оқушыларының арасында дебаттар өткен. Мемлекеттік тілде сабақ беретін үздік мұғалімдерге марапат көрсетіліпті.

Мәдениет үйінде мемлекеттік тілді білу бойынша отбасылық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Қызмет көрсету орындарында бір күн бойы тұрғындарға тек мемлекеттік тілде жауап берілген.

Осындай шаралар мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттыруға септігін тигізеді дейді мамандар.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға