Жаңалықтар

Ертеңнен бастап Қазақстанда Kcell мен Beeline тарифтері 17%-ға төмендейді

Тексеру  қорытындысы  бойынша   ұялы  байланыс  нарығында  үстемдігі  басым  «Кселл» АҚ-на  және «Кар-Тел» ЖШС-не  2013 жылғы 1 наурыздан бастап  ұялы  байланыс қызметінің  шекті  тарифтерін  орташа  есеппен 17 % арзандату  қажеттігі жөнінде ұйғарым жіберілді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. «Егер бүгінгі  күні «Кселл» АҚ  және «Кар-Тел» ЖШС абоненттері үшін желіішілік шығыс қоңырауларының шекті  құны  1 минут  үшін 18 теңгені (ҚҚС-сыз) құраса,  2013 жылғы  1 наурыздан бастап 15 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болады. Қазақстанның басқа  операторларының желілеріне (бекітілген және  ұялы байланыс) шығыс қоңырауларының шекті  құны  1 минут  үшін 35 теңгеден  29 теңгеге   (ҚҚС-сыз) дейін арзандауы тиіс. Сонымен бірге, мобильді  интернеттің  1 Мб үшін ең жоғары  құны 4 теңгеге арзандап, ол  18 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болады» делінген баспасөз қызметі хабарламасында. «Байланыс және ақпараттандыру  комитетінің  2011 жылы жүргізген  сараптама жұмыстарының нәтижесінде  "КаР-Тел" компаниясының желіішілік  сөйлесу  құнының шекті  тарифі  орташа  есеппен 31%-ға, ал басқа  операторлардың желілеріне қоңырау  соғу  құны орташа  есеппен 20 % -ға арзандатылған еді.  2012 жылы  жүргізілген дәл осындай сараптама  жұмыстарының қорытындысында «Кселл» АҚ-ның абоненттері үшін басқа операторларға  қоңырау соғудың шекті тарифі 12% арзандатылғаны  естеріңізге  салып өткіміз келеді», деп түйіндейді хабарламаны министрлік. BAQ.kz
28.02.2013 13:06 4039

Тексеру  қорытындысы  бойынша   ұялы  байланыс  нарығында  үстемдігі  басым  «Кселл» АҚ-на  және «Кар-Тел» ЖШС-не  2013 жылғы 1 наурыздан бастап  ұялы  байланыс қызметінің  шекті  тарифтерін  орташа  есеппен 17 % арзандату  қажеттігі жөнінде ұйғарым жіберілді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Егер бүгінгі  күні «Кселл» АҚ  және «Кар-Тел» ЖШС абоненттері үшін желіішілік шығыс қоңырауларының шекті  құны  1 минут  үшін 18 теңгені (ҚҚС-сыз) құраса,  2013 жылғы  1 наурыздан бастап 15 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болады. Қазақстанның басқа  операторларының желілеріне (бекітілген және  ұялы байланыс) шығыс қоңырауларының шекті  құны  1 минут  үшін 35 теңгеден  29 теңгеге   (ҚҚС-сыз) дейін арзандауы тиіс. Сонымен бірге, мобильді  интернеттің  1 Мб үшін ең жоғары  құны 4 теңгеге арзандап, ол  18 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болады» делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

«Байланыс және ақпараттандыру  комитетінің  2011 жылы жүргізген  сараптама жұмыстарының нәтижесінде  "КаР-Тел" компаниясының желіішілік  сөйлесу  құнының шекті  тарифі  орташа  есеппен 31%-ға, ал басқа  операторлардың желілеріне қоңырау  соғу  құны орташа  есеппен 20 % -ға арзандатылған еді.  2012 жылы  жүргізілген дәл осындай сараптама  жұмыстарының қорытындысында «Кселл» АҚ-ның абоненттері үшін басқа операторларға  қоңырау соғудың шекті тарифі 12% арзандатылғаны  естеріңізге  салып өткіміз келеді», деп түйіндейді хабарламаны министрлік.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға