Жаңалықтар

ХХ ғасырдың соңы

1936 жылы бұрынғы Ақмола облысы аумағында бірінші ғылыми бөлімше - Шортанды ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы пайда болды. 1956 ж. оның базасында Қазақстанның астық шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында Қазақ астық шаруашылығы институты технологиялық орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттері – аймақтык астық өнімдерін интенсивті күтіп баптау технологияларын жетілдіру мен дайындау және оларды тәжірибелік әрі базалық шаруашылықта өндірістік тексеру, шаруашылықтың жетекші кадрлары мен мамандарын астық өнімдерін өңдеудің интенсивтік технологиясын қолдануға оқыту. Институт 1981-1990 жылдары эрозияға ұшыраған аймақтарда егін егу үшін топырақты өңдеуге арналған машиналар кешенін жасап, өндірісте қолдана бастады. 1971 ж. институт жанынан Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығы құрылды. Оның құрамына тәжірибелі 5 стансаның селекциялық бөлімшелері кірді. Орталықтың жүргізетін ғылыми бағыттары айқындалып, Ауыл шаруашылығы институтында тұтас бір ғылыми мектептер пайда болды. Институт ғалымдарының зерттеулері ерекше маңызға ие болып, олардың нақтылы нәтижелері ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені мәселелерін шешуде үлкен рөл аткарды. Сондай-ақ ғылыми пәндерді жаңа мәліметтермен байыта отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік жасады. Зерттеу нысандары негізінен, ауыл шаруашылығы, технология, техника, экономика және әлеуметтік мәселелерге бағытталды, ал 1980 жылдары экология және агроөнеркәсіп кешені салалары да қамтылды. Ғалымдар егін шаруашылығының аймақтық топырақ өңдеу жүйесін жетілдіру, жобалау мен болжау сияқты әдістерді қолдану арқылы жер ресурстарын үнемді пайдалану, есептеу, бағалау, қорғау жұмыстарын тиімді жүргізу; мал азығын дайындау және үнемді пайдалану, мал шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға арналған аса тиімді машиналар кешені мен технологиясын оңтайландыру, мал шаруашылығында көп еңбек сіңіруді қажет ететін жұмыстарды механикаландыру сияқты мәселелерді жете зерттеуге баса назар аударды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жүйесі мен ауылдың әлеуметтік жағдайы да басты назарда тұрды. Институт ішінде жүргізілген негізгі ғылыми жұмыс – жаз мезгілінің екінші жартысында азық ретінде өсірілетін жаздық өсімдіктердің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу (биология ғылымының докторы, проф. В.А. Кудрявцев және оның шәкірттері). 80-жылдардан бастап институттың оқу-тәжірибелік шаруашылығы мен басқа шаруашылықтарға да енгізіле бастаған көптеген ғылыми жобалар жете зерттелді. Сол сияқты кеш пісетін жаздық бидайды пайдалану, жайылым уақытының соңына қарай көк жемшөп азығын дайындау мақсатында тез пісетін біржылдық азықты сүрыптау мәселелерше арналған ғылыми зерттеулер де елеулі маңызға ие болды. Әр жылдары жемшөп өндірісі және оны үнемді пайдалану мәселелері бойынша да біршама еңбектер жазылды. Тұқымдық жоңышқа өсіру технологиясы мен суармалы азық өсіру агротехникасы мәселелері бойынша Н.И. Можаев; тамырлық жеміс азықтарын жылдам өсіру жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Н.Г. Шепетков; азық нәрлілігін бағалау туралы ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты В.Т. Нагорный; шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және штамм хлорелдарының өнімділігін бағалау мен оны мал шаруашылығында колдану мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы ғылыми докторы А.Г. Тен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 70-жылдары профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Л.С. Роктанэннің жетекшілігімен топырақ өңдеу технологиясы мен қоспалы егіс танаптарын пайдалану мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілді. Егін шаруашылығының аймақтық жүйесін жетілдіруге бағытталған осы және баска да ғылыми жұмыстар 80-жылдары ғылыми еңбек тақырыптарында жалғасын тапты. Институттың тәжірибе жүргізетін танаптарында ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты В.Г. Черненоктың жетекшілігімен қара қоңыр топырақты егіс танаптарын тыңайту мәселелері бойынша зерттеулер жүзеге асты. 1958-1970 жылдар аралығында профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И.Я. Половицкийдің жетекшілігімен сортаңды топырак мәселелеріне арналған зерттеулер жасалды, сондай-ақ қатты бидай дәнінің сапасы, жайылма суғару, Солтүстік Қазақстан аймақтарына егуге арналған қатты бидайдың будан сұрыптарын дайындау, картоп тұқымы мәселелері бойынша да зерттеулер жүргізілді. Республика көлемінде, соның ішінде, тың игеру аймақтарында жерді бағалау жұмыстарының әдістемесін дайындауға экономика ғылымдарының кандидаты, доцент С. А. Ткачук белсенді түрде атсалысты. Институтта мал шаруашылығы мен мал дәрігерлігі саласына арналған ғылыми зерттеулер де назардан тыс қалмады. Тұқым алмастыру кезіндегі негізгі селекцияланатын белгілердің табылу по-пуляциялық-генетикалық аспектісін зерттеудің негізінде, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Б.Т. Шуваевтың жетекшілігімен, Ауыл шаруашылығы институтының тәжірибе шаруашы-лығында және басқа да шаруашылықтарда өрістеп жайылатын қойлардың жоғары өнімді фермалары құрылды. Ветеринария ғыл. докторы Н.Т. Қады-ровтың қой гельминтозы фаунасын зерттеу және емдеу, сонымен қатар үйірімен бағу кезінде пайда болатын жылқы түйнегінің алдын алу шаралары бойынша ветеринария туралы жасаған еңбектері айтарлықтай мәнге ие болды, сондай-ак 70-жыл-дары ветеринария ғыл. докторы В.Ф. Матусевич-тың және оның зерттеулерін қызу жалғастырушы шәкірттерінің мал мен құс өсіретін орындарда қалыпты микроклимат қалыптастыру және малдың табиғи резистенттілігін арттыру мәселелеріне арналған еңбектері де ерекше мәнге ие болды. Ақмола мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу стансасы қызметкерлерінің ірі қара мал ауруларының ерекшелігі және олармен күресудің кешенді шараларын жасау мәселесі бойынша, ірі қара мал мен қой вибриозының алдын алуда жасаған еңбектері жоғары баға алды. Техника ғылымдарының докторы Н.Б. Боктың жетекшілігімен тұқым себетін аппарат жасалынды, егін оратын машинаға арналған әмбебап ұршықтың тиімді үлгісі ұсынылды. Техника ғылымдарының кандидаты, проф. А.И. Завражновтың жетекшілігімен құнды зерттеулер мен конструкторлық жобалау жұмыстары жасалынып, ол зерттеулер мал өсіру мен азық дайындауға арналған жекелеген өндіріс нысандары технологиясына және оны қайта қалпына келтіруге бағытталды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 12:25 4053

1936 жылы бұрынғы Ақмола облысы аумағында бірінші ғылыми бөлімше - Шортанды ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы пайда болды. 1956 ж. оның базасында Қазақстанның астық шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында Қазақ астық шаруашылығы институты технологиялық орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттері – аймақтык астық өнімдерін интенсивті күтіп баптау технологияларын жетілдіру мен дайындау және оларды тәжірибелік әрі базалық шаруашылықта өндірістік тексеру, шаруашылықтың жетекші кадрлары мен мамандарын астық өнімдерін өңдеудің интенсивтік технологиясын қолдануға оқыту. Институт 1981-1990 жылдары эрозияға ұшыраған аймақтарда егін егу үшін топырақты өңдеуге арналған машиналар кешенін жасап, өндірісте қолдана бастады. 1971 ж. институт жанынан Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығы құрылды. Оның құрамына тәжірибелі 5 стансаның селекциялық бөлімшелері кірді. Орталықтың жүргізетін ғылыми бағыттары айқындалып, Ауыл шаруашылығы институтында тұтас бір ғылыми мектептер пайда болды. Институт ғалымдарының зерттеулері ерекше маңызға ие болып, олардың нақтылы нәтижелері ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені мәселелерін шешуде үлкен рөл аткарды. Сондай-ақ ғылыми пәндерді жаңа мәліметтермен байыта отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік жасады. Зерттеу нысандары негізінен, ауыл шаруашылығы, технология, техника, экономика және әлеуметтік мәселелерге бағытталды, ал 1980 жылдары экология және агроөнеркәсіп кешені салалары да қамтылды. Ғалымдар егін шаруашылығының аймақтық топырақ өңдеу жүйесін жетілдіру, жобалау мен болжау сияқты әдістерді қолдану арқылы жер ресурстарын үнемді пайдалану, есептеу, бағалау, қорғау жұмыстарын тиімді жүргізу; мал азығын дайындау және үнемді пайдалану, мал шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға арналған аса тиімді машиналар кешені мен технологиясын оңтайландыру, мал шаруашылығында көп еңбек сіңіруді қажет ететін жұмыстарды механикаландыру сияқты мәселелерді жете зерттеуге баса назар аударды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жүйесі мен ауылдың әлеуметтік жағдайы да басты назарда тұрды. Институт ішінде жүргізілген негізгі ғылыми жұмыс – жаз мезгілінің екінші жартысында азық ретінде өсірілетін жаздық өсімдіктердің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу (биология ғылымының докторы, проф. В.А. Кудрявцев және оның шәкірттері). 80-жылдардан бастап институттың оқу-тәжірибелік шаруашылығы мен басқа шаруашылықтарға да енгізіле бастаған көптеген ғылыми жобалар жете зерттелді. Сол сияқты кеш пісетін жаздық бидайды пайдалану, жайылым уақытының соңына қарай көк жемшөп азығын дайындау мақсатында тез пісетін біржылдық азықты сүрыптау мәселелерше арналған ғылыми зерттеулер де елеулі маңызға ие болды. Әр жылдары жемшөп өндірісі және оны үнемді пайдалану мәселелері бойынша да біршама еңбектер жазылды. Тұқымдық жоңышқа өсіру технологиясы мен суармалы азық өсіру агротехникасы мәселелері бойынша Н.И. Можаев; тамырлық жеміс азықтарын жылдам өсіру жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Н.Г. Шепетков; азық нәрлілігін бағалау туралы ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты В.Т. Нагорный; шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және штамм хлорелдарының өнімділігін бағалау мен оны мал шаруашылығында колдану мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы ғылыми докторы А.Г. Тен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 70-жылдары профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Л.С. Роктанэннің жетекшілігімен топырақ өңдеу технологиясы мен қоспалы егіс танаптарын пайдалану мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілді. Егін шаруашылығының аймақтық жүйесін жетілдіруге бағытталған осы және баска да ғылыми жұмыстар 80-жылдары ғылыми еңбек тақырыптарында жалғасын тапты. Институттың тәжірибе жүргізетін танаптарында ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты В.Г. Черненоктың жетекшілігімен қара қоңыр топырақты егіс танаптарын тыңайту мәселелері бойынша зерттеулер жүзеге асты. 1958-1970 жылдар аралығында профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И.Я. Половицкийдің жетекшілігімен сортаңды топырак мәселелеріне арналған зерттеулер жасалды, сондай-ақ қатты бидай дәнінің сапасы, жайылма суғару, Солтүстік Қазақстан аймақтарына егуге арналған қатты бидайдың будан сұрыптарын дайындау, картоп тұқымы мәселелері бойынша да зерттеулер жүргізілді. Республика көлемінде, соның ішінде, тың игеру аймақтарында жерді бағалау жұмыстарының әдістемесін дайындауға экономика ғылымдарының кандидаты, доцент С. А. Ткачук белсенді түрде атсалысты. Институтта мал шаруашылығы мен мал дәрігерлігі саласына арналған ғылыми зерттеулер де назардан тыс қалмады. Тұқым алмастыру кезіндегі негізгі селекцияланатын белгілердің табылу по-пуляциялық-генетикалық аспектісін зерттеудің негізінде, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Б.Т. Шуваевтың жетекшілігімен, Ауыл шаруашылығы институтының тәжірибе шаруашы-лығында және басқа да шаруашылықтарда өрістеп жайылатын қойлардың жоғары өнімді фермалары құрылды. Ветеринария ғыл. докторы Н.Т. Қады-ровтың қой гельминтозы фаунасын зерттеу және емдеу, сонымен қатар үйірімен бағу кезінде пайда болатын жылқы түйнегінің алдын алу шаралары бойынша ветеринария туралы жасаған еңбектері айтарлықтай мәнге ие болды, сондай-ак 70-жыл-дары ветеринария ғыл. докторы В.Ф. Матусевич-тың және оның зерттеулерін қызу жалғастырушы шәкірттерінің мал мен құс өсіретін орындарда қалыпты микроклимат қалыптастыру және малдың табиғи резистенттілігін арттыру мәселелеріне арналған еңбектері де ерекше мәнге ие болды. Ақмола мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу стансасы қызметкерлерінің ірі қара мал ауруларының ерекшелігі және олармен күресудің кешенді шараларын жасау мәселесі бойынша, ірі қара мал мен қой вибриозының алдын алуда жасаған еңбектері жоғары баға алды. Техника ғылымдарының докторы Н.Б. Боктың жетекшілігімен тұқым себетін аппарат жасалынды, егін оратын машинаға арналған әмбебап ұршықтың тиімді үлгісі ұсынылды. Техника ғылымдарының кандидаты, проф. А.И. Завражновтың жетекшілігімен құнды зерттеулер мен конструкторлық жобалау жұмыстары жасалынып, ол зерттеулер мал өсіру мен азық дайындауға арналған жекелеген өндіріс нысандары технологиясына және оны қайта қалпына келтіруге бағытталды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға