Жаңалықтар

«Қай­рат Нұртас» маркалы брендтік киімдер тігілетін болады

Жастар арасында үлкен сұранысқа ие Қайрат Нұртастың «Шыда жүрек» атты кезекті альбомы жарыққа шықты.  Жинаққа өнер иесінің орын­да­уындағы қазақ, қырғыз, үнді тілдеріндегі 19 ән енген. Оның бір­­қатарын әнші танымал әріптес­те­рімен, сондай-ақ өз әкесімен бі­рі­гіп орындаған. Қайрат осыған дейінгі еңбектеріне қарағанда, осы альбомының өзіне ерекше ыстық екенін айтады. Өйткені мұнда ас­қар таудай әкесі Нұртаспен бірге орын­даған дуэттерінің басқалар­дан орны бөлек. Сондай-ақ бала күнін­де Ақбота Керімбекова, Алтынай Жо­рабаева әпкелерімен ән айтуды қат­ты армандаған көрінеді. Бұл тілегі­нің жүзеге асып, көпшілік арасында кең таралғаны да әнші үшін үлкен қуаныш. «Әкем Нұртас Айдарбек бала күнімнен менің сахнаға шы­ғып, әнші болғанымды қалады. Осы жол­да маған үлкен қолдау көр­се­тіп, әрдайым демеп отырды. Әр­бір жетістігіме қуанып, концерт­терімнен қалған жоқ. Қай қалаға барып, концерт қоямын десем де бетімнен қаққан емес. Анамыз екеу­мізге бар жағдайды жасап, ұлының ел үшін қызмет жасауына күш салып отыр. Әкемнің ойынан шығып, үмітін ақтағаныма өзім де қуаныштымын. Қазақ өнері әлемдік деңгейге шығу үшін ағылшын, неміс, орыс, түрік, испан, француз тілдерінде ән айту міндетті емес. Ана тіліміз арқылы сол мақсатқа жеткім келеді» дейді ол. «Шыда жүрек» әнінің музы­касын Қайраттың өзі жазған. Оның репертуарындағы «Өкініш» әні де әншінің өзіне тиесілі. Осы әннің желісімен өткен жылы фильм тү­сіру жұмыстары қолға алынған. Жаңа картина сәуір айынан бастап эфирге шығады. Астана, Ақтау, Түркістан қалаларында жүзеге асқан сценарий желісі Қайраттың өз өмірінен алын­ған. Фильмге әншінің ата-анасы, бауырлары, сондай-ақ Асанәлі Әші­мов, Тұң­ғышбай Жаманқұлов сияқ­-ты белгілі актерлер тартылған. «Біз бұл фильмді жанкүйерлерім мен тыңдармандарымның өтініші бойынша қолға алып, көптен бері ойланып, жоспарлап жүр едік. Бас­тапқыда оқиға желісінің түзілуі ұна­мады. Іле-шала Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек» фильмі жарыққа шықты. Біз «осы туындыны халық қалай қа­был­дайды екен, сараптап көрейік, жарысқандай болмайық» деп кідіріс жасауды ұйғардық. Сабақты иненің сәті биыл келген тәрізді. Сценарий авторы Кенжебек Шай­қанов. Экрандағы оқиғалар­дың жетпіс пайызы өмірден алынған. Боямасы жоқ көріністер. Жанры жағынан драмалық мелодрама, ара­сында езу тартар тұстары да жоқ емес. Фильм барысында екі ән орындалады. Демеушілерге келсек, менің ата-анамнан бөлек, ешқашан басқа демеушілерім болмаған. Сон­дықтан жұмсалған қаражаттың барлығы отбасымыздың табысынан алынды. Өзім де қазіргі уақытта аз ақша таппаймын. Құдайға шүкір, өзімді-өзім көтеретіндей шамаға жеттім. «Өкініштен» ақша тауып, ба­йып кетсем деген де мақсатым жоқ. Бұл менің көрерменімнің сұрауы бойынша түсірілді. Осы туынды арқылы оларға деген өзімнің де сый-құрметімді білдіргім келді. Қорыта айтқанда, сәуір айынан бас­тап тамашалап, бағасын өздеріңіз беретін боласыздар, – дейді Қайрат Нұртас. Жас таланттың шығармашылық жаңалығы мұнымен де бітпейді. Әнші апта басында ән жинағымен бірге, «Қайрат Нұртас» деп аталатын жаңа журналды да көпшілікке таныстырды. Басылымда шоу-бизнес өкілдерінің жаңалықтары жазылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уақытта «Қай­рат Нұртас» маркалы брендтік киімдері тігілетін болады. Оған қоса, Ресей телеарналарының бірінде ән шырқауға ұсыныс алып отыр. Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ  Айқын
28.02.2013 06:13 3580

Жастар арасында үлкен сұранысқа ие Қайрат Нұртастың «Шыда жүрек» атты кезекті альбомы жарыққа шықты. 

Жинаққа өнер иесінің орын­да­уындағы қазақ, қырғыз, үнді тілдеріндегі 19 ән енген. Оның бір­­қатарын әнші танымал әріптес­те­рімен, сондай-ақ өз әкесімен бі­рі­гіп орындаған. Қайрат осыған дейінгі еңбектеріне қарағанда, осы альбомының өзіне ерекше ыстық екенін айтады. Өйткені мұнда ас­қар таудай әкесі Нұртаспен бірге орын­даған дуэттерінің басқалар­дан орны бөлек. Сондай-ақ бала күнін­де Ақбота Керімбекова, Алтынай Жо­рабаева әпкелерімен ән айтуды қат­ты армандаған көрінеді. Бұл тілегі­нің жүзеге асып, көпшілік арасында кең таралғаны да әнші үшін үлкен қуаныш.

«Әкем Нұртас Айдарбек бала күнімнен менің сахнаға шы­ғып, әнші болғанымды қалады. Осы жол­да маған үлкен қолдау көр­се­тіп, әрдайым демеп отырды. Әр­бір жетістігіме қуанып, концерт­терімнен қалған жоқ. Қай қалаға барып, концерт қоямын десем де бетімнен қаққан емес. Анамыз екеу­мізге бар жағдайды жасап, ұлының ел үшін қызмет жасауына күш салып отыр. Әкемнің ойынан шығып, үмітін ақтағаныма өзім де қуаныштымын. Қазақ өнері әлемдік деңгейге шығу үшін ағылшын, неміс, орыс, түрік, испан, француз тілдерінде ән айту міндетті емес. Ана тіліміз арқылы сол мақсатқа жеткім келеді» дейді ол.

«Шыда жүрек» әнінің музы­касын Қайраттың өзі жазған. Оның репертуарындағы «Өкініш» әні де әншінің өзіне тиесілі. Осы әннің желісімен өткен жылы фильм тү­сіру жұмыстары қолға алынған. Жаңа картина сәуір айынан бастап эфирге шығады. Астана, Ақтау, Түркістан қалаларында жүзеге асқан сценарий желісі Қайраттың өз өмірінен алын­ған. Фильмге әншінің ата-анасы, бауырлары, сондай-ақ Асанәлі Әші­мов, Тұң­ғышбай Жаманқұлов сияқ­-ты белгілі актерлер тартылған.

«Біз бұл фильмді жанкүйерлерім мен тыңдармандарымның өтініші бойынша қолға алып, көптен бері ойланып, жоспарлап жүр едік. Бас­тапқыда оқиға желісінің түзілуі ұна­мады. Іле-шала Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек» фильмі жарыққа шықты. Біз «осы туындыны халық қалай қа­был­дайды екен, сараптап көрейік, жарысқандай болмайық» деп кідіріс жасауды ұйғардық. Сабақты иненің сәті биыл келген тәрізді. Сценарий авторы Кенжебек Шай­қанов. Экрандағы оқиғалар­дың жетпіс пайызы өмірден алынған. Боямасы жоқ көріністер. Жанры жағынан драмалық мелодрама, ара­сында езу тартар тұстары да жоқ емес. Фильм барысында екі ән орындалады. Демеушілерге келсек, менің ата-анамнан бөлек, ешқашан басқа демеушілерім болмаған. Сон­дықтан жұмсалған қаражаттың барлығы отбасымыздың табысынан алынды. Өзім де қазіргі уақытта аз ақша таппаймын. Құдайға шүкір, өзімді-өзім көтеретіндей шамаға жеттім. «Өкініштен» ақша тауып, ба­йып кетсем деген де мақсатым жоқ. Бұл менің көрерменімнің сұрауы бойынша түсірілді. Осы туынды арқылы оларға деген өзімнің де сый-құрметімді білдіргім келді. Қорыта айтқанда, сәуір айынан бас­тап тамашалап, бағасын өздеріңіз беретін боласыздар, – дейді Қайрат Нұртас.

Жас таланттың шығармашылық жаңалығы мұнымен де бітпейді. Әнші апта басында ән жинағымен бірге, «Қайрат Нұртас» деп аталатын жаңа журналды да көпшілікке таныстырды. Басылымда шоу-бизнес өкілдерінің жаңалықтары жазылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уақытта «Қай­рат Нұртас» маркалы брендтік киімдері тігілетін болады. Оған қоса, Ресей телеарналарының бірінде ән шырқауға ұсыныс алып отыр.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ 

Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға