Жаңалықтар

Құрылыс нысандары

Астана жақын болашақта әлемнің ең дамыған және перспективті отыз қаласының біріне айналады. Астана қаласын 2015 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың «Астана қаласының гүлденуі – Казақстанның гүлденуі» атты мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қомақты инвестициялар тартылып, астаналық орта қалыптастырылды. Бүгінгі таңда Астана әдеттегідей, әлемдік шаруашылықтың негізгі күшін шоғырландырушы орталық болып қала береді, ал қала алдына қойылып отырған міндет – 2030 жылға дейін барынша дамыған отыз және перспективті қалалар қатарына ену, Қазақстандағы және Орталық Азия қалалары арасындағы көшбасшыға және үлгілі қалаға айналуға баса назар аудару. Әлеуметтік кеңістік салаларындағы басымдықтарды әрі қарай дамыту үшін алдағы жылдарда әлеуметтік төлемдерді үлғайту, халыққа қызмет көрсету және өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қазіргі заман талаптарына сәйкес 31 мектеп пен 60 мектепке дейінгі балалар мекемесін салу жоспарлануда. Спорт және мәдени орта калып тастыруды дамыту мақсатында коньки тебу алаңы, Салт-дәстүр сарайының жаңа ғимараты мен 3500 орындық әмбебап киноконцерттік зал, Коянды көлінің су қоймасында қала тұрғындары үшін қыска мерзімді демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инженерлік тораптар салу (сумен қамтамасыз ету және канализация), қаланы көгалдандыру және жабдықтау, саябақтар мен шағынбақтар құрылысын жалғастыру көзделуде. Құрылыс нысандарын салу барысында, казіргі заманауи әлемдік стандарттарға жауап беретін безендіру материалдары, алдыңғы қатарлы технологиялар мен қүралдар қолданылуда. Осылардың барлығы ескеріле келе, кешенді құрылыс салу және көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй шағын аудандарын мейлінше ыңғайлы тұрғызу жүзеге асырылады. Келесі маңызды аспект – қалыптасқан қала бөлігін қайта жаңарту, қолданыстағы тұрғын үй кварталдарындағы жүрмей тұрған құрылысты түбегейлі тоқтату және аула алаңдарын абаттандыру көзделіп отыр, бұл үшін қала салу стандарттары мен нормативтеріне өзгертулер енгізіледі. Жеке меншік тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) аймағында құрылыс жұмыстарын бастау оларды инженерлік жүйелермен және коммуникациялармен қамтамасыз ету аяқталғаннан кейін ғана қолға алынады деп күтілуде. Қазіргі кезде Ильинка, Мұнайшылар және Железнодорожный поселкелерінде жобалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Астана қаласының Еуразия кеңістігіндегі жаңа білім беру және медициналық орталық ретінде қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесінің қол жеткізген деңгейі жетілдірілген ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық базасы бар халықаралық деңгейдегі техникалық университеттің құрылысымен толығады. Сонымен қатар инновациялық медициналық кластер құрылады, онда қазіргі тандағы медицинаның бірнеше бағыттары бойынша ірі ғылыми орталықтар орналасады. Қала Қазақстан аумағының тұрақты дамуына негіз болады, өйткені оның базасында сервистік-технологиялық қызмет көрсету, ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық тауарлар өндірісі, бизнесті қолдау саласын дамыту деңгейінің өсуі, соның ішінде, консалтингтік және ақпараттық қызметтер, жарнамалық нарық, аудит, public relations және т.б. бойынша орталық құру үрдісі белсенді жүріп жатыр. Жаңа астананы дамытуды мемлекеттік қолдау, ұлттық, отандық және шетелдік ірі компаниялар топ-менеджментінің көшіп келуі, банктер филиалдарының ірілендірілуі, ең соңында Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы қала ішіндегі іскери белсенділіктің өсуіне алып келді. Қала экономикасының нақты секторы жоғары ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық тауарлар өндіруге бағытталған, республиканың бір жүйеге түсіру, стандарттау және сапаны арттыруға байланысты қозғалыс траекториясы анықталды. Сонымен, мысалы, Бағдарламаны қалада қолдана бастаған уақыт ішінде қалада 13 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Аумақтық дамудың негізгі шарты астанада қолайлы және өмірлік маңызды салауатты жағ дайлар калыптастыруда экологиялық қауіпсіздік шарттарын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде Талдыкөл жобасын жүзеге асыру аяқталуда, жаңа нысандар мен жауын-шашын суы канализациялары тораптарында құрылыс жүргізілуде. Энергетиканың экологиялық қауіпсіздігінің, өндірістің және тұтастай коммуналдық сектордың қазіргі талаптарына сәйкес жаңа жоғары технологиялық өндіріс құру үшін өндірістік нысандар мен инженерлік коммуникацияларды кешенді түрде кайта жөндеуді ескере отырып, қолданыстағы өндірістік аймақтарда ТЖЖ дайындау қарастырылған. Осыған байланысты қала нысандарын және сумен қамтамасыз ету желілерін қайта жөндеу жапондық жоба бойынша жүргізілуде. Өткен кезең ішінде жалпы қолданыстағы жасыл-желек егу көлемі өсті, ықшамаудандар мен кварталдар аумағы көгалдандырылды, жаңа шағынбақтар, бульварлар жасалды. Соңғы жылдар ішінде қаланың жылу орталықтарында ауаны ластайтын зиянды қалдықтар көлемін қыскарту шаралары жүргізіліп, көліктер шығаратын токсиндік қалдықтарды азайту мәселелері шешілуде және ескі асфальт-бетон зауыттарын қайта жабдықтау жұмыстары қолға алынуда. Тұрақты экономикалық өсім және елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, сонымен қатар астаналық нарықта отандық кәсіпкерліктің қызмет етуіне жоғары уәжділік, Қазақстан Республикасының саяси, іскерлік және мәдени орталығы ретінде қаланы дамыту мен нығайтуды жандандыра түсуге жағдайлар туғызып отыр. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 05:22 5237

Астана жақын болашақта әлемнің ең дамыған және перспективті отыз қаласының біріне айналады. Астана қаласын 2015 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың «Астана қаласының гүлденуі – Казақстанның гүлденуі» атты мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қомақты инвестициялар тартылып, астаналық орта қалыптастырылды. Бүгінгі таңда Астана әдеттегідей, әлемдік шаруашылықтың негізгі күшін шоғырландырушы орталық болып қала береді, ал қала алдына қойылып отырған міндет – 2030 жылға дейін барынша дамыған отыз және перспективті қалалар қатарына ену, Қазақстандағы және Орталық Азия қалалары арасындағы көшбасшыға және үлгілі қалаға айналуға баса назар аудару. Әлеуметтік кеңістік салаларындағы басымдықтарды әрі қарай дамыту үшін алдағы жылдарда әлеуметтік төлемдерді үлғайту, халыққа қызмет көрсету және өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қазіргі заман талаптарына сәйкес 31 мектеп пен 60 мектепке дейінгі балалар мекемесін салу жоспарлануда. Спорт және мәдени орта калып тастыруды дамыту мақсатында коньки тебу алаңы, Салт-дәстүр сарайының жаңа ғимараты мен 3500 орындық әмбебап киноконцерттік зал, Коянды көлінің су қоймасында қала тұрғындары үшін қыска мерзімді демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инженерлік тораптар салу (сумен қамтамасыз ету және канализация), қаланы көгалдандыру және жабдықтау, саябақтар мен шағынбақтар құрылысын жалғастыру көзделуде. Құрылыс нысандарын салу барысында, казіргі заманауи әлемдік стандарттарға жауап беретін безендіру материалдары, алдыңғы қатарлы технологиялар мен қүралдар қолданылуда. Осылардың барлығы ескеріле келе, кешенді құрылыс салу және көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй шағын аудандарын мейлінше ыңғайлы тұрғызу жүзеге асырылады. Келесі маңызды аспект – қалыптасқан қала бөлігін қайта жаңарту, қолданыстағы тұрғын үй кварталдарындағы жүрмей тұрған құрылысты түбегейлі тоқтату және аула алаңдарын абаттандыру көзделіп отыр, бұл үшін қала салу стандарттары мен нормативтеріне өзгертулер енгізіледі. Жеке меншік тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) аймағында құрылыс жұмыстарын бастау оларды инженерлік жүйелермен және коммуникациялармен қамтамасыз ету аяқталғаннан кейін ғана қолға алынады деп күтілуде. Қазіргі кезде Ильинка, Мұнайшылар және Железнодорожный поселкелерінде жобалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Астана қаласының Еуразия кеңістігіндегі жаңа білім беру және медициналық орталық ретінде қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесінің қол жеткізген деңгейі жетілдірілген ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық базасы бар халықаралық деңгейдегі техникалық университеттің құрылысымен толығады. Сонымен қатар инновациялық медициналық кластер құрылады, онда қазіргі тандағы медицинаның бірнеше бағыттары бойынша ірі ғылыми орталықтар орналасады. Қала Қазақстан аумағының тұрақты дамуына негіз болады, өйткені оның базасында сервистік-технологиялық қызмет көрсету, ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық тауарлар өндірісі, бизнесті қолдау саласын дамыту деңгейінің өсуі, соның ішінде, консалтингтік және ақпараттық қызметтер, жарнамалық нарық, аудит, public relations және т.б. бойынша орталық құру үрдісі белсенді жүріп жатыр. Жаңа астананы дамытуды мемлекеттік қолдау, ұлттық, отандық және шетелдік ірі компаниялар топ-менеджментінің көшіп келуі, банктер филиалдарының ірілендірілуі, ең соңында Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы қала ішіндегі іскери белсенділіктің өсуіне алып келді. Қала экономикасының нақты секторы жоғары ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық тауарлар өндіруге бағытталған, республиканың бір жүйеге түсіру, стандарттау және сапаны арттыруға байланысты қозғалыс траекториясы анықталды. Сонымен, мысалы, Бағдарламаны қалада қолдана бастаған уақыт ішінде қалада 13 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Аумақтық дамудың негізгі шарты астанада қолайлы және өмірлік маңызды салауатты жағ дайлар калыптастыруда экологиялық қауіпсіздік шарттарын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде Талдыкөл жобасын жүзеге асыру аяқталуда, жаңа нысандар мен жауын-шашын суы канализациялары тораптарында құрылыс жүргізілуде. Энергетиканың экологиялық қауіпсіздігінің, өндірістің және тұтастай коммуналдық сектордың қазіргі талаптарына сәйкес жаңа жоғары технологиялық өндіріс құру үшін өндірістік нысандар мен инженерлік коммуникацияларды кешенді түрде кайта жөндеуді ескере отырып, қолданыстағы өндірістік аймақтарда ТЖЖ дайындау қарастырылған. Осыған байланысты қала нысандарын және сумен қамтамасыз ету желілерін қайта жөндеу жапондық жоба бойынша жүргізілуде. Өткен кезең ішінде жалпы қолданыстағы жасыл-желек егу көлемі өсті, ықшамаудандар мен кварталдар аумағы көгалдандырылды, жаңа шағынбақтар, бульварлар жасалды. Соңғы жылдар ішінде қаланың жылу орталықтарында ауаны ластайтын зиянды қалдықтар көлемін қыскарту шаралары жүргізіліп, көліктер шығаратын токсиндік қалдықтарды азайту мәселелері шешілуде және ескі асфальт-бетон зауыттарын қайта жабдықтау жұмыстары қолға алынуда.

Тұрақты экономикалық өсім және елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, сонымен қатар астаналық нарықта отандық кәсіпкерліктің қызмет етуіне жоғары уәжділік, Қазақстан Республикасының саяси, іскерлік және мәдени орталығы ретінде қаланы дамыту мен нығайтуды жандандыра түсуге жағдайлар туғызып отыр.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға