Жаңалықтар

Туризм

Астана қаласы экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі туризмнің қанат жаюы болып табылады. Қаланы іскери әрі туристік орталыққа айналдыруға бейімдейтін туристік кластер құруға қажетті бәсекелестік артықшылықтар бар. Бүгінгі күннің өзінде Астанада отыздан астам республикалық, халықаралық маңызға ие көрмелер өткізілді. Астана қаласының туристік кластері мәдениет және демалыс саябақтары, қонақ үйлер, демалыс аймактары, сауда-серуендеу және өзге де туристік нысандарын салудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ Экологиялық туризмді дамыту да басты назарда тұр. Қала географиялық орналасуы жағынан Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған мекен, осы жерде негізгі көліктік жүк ағымдары Оңтүстік және Орталық Қазақстан, Батыс Сібір мен Орал, Паволжье мен Ресей арасындағы экономикалық байланыс негізінде жүзеге асырылады. Астана қаласы арқылы өтетін 96%-дан жоғары жүк тасымалы транзит түрлеріне тиесілі. Бүгінгі Астана – ірі көлік желісі, республикалық автомобиль, темір жол тораптарын және авиасызықтарды байланыстырып тұрған ірі көлік жолдарының күретамыры. Ол арқылы мынадай жол байланыстары өтеді: Петропавл – Астана – Қарағанды – Шу, кең темір жол сымы Қарталы – авлодар – Құланды миридианалдық трансқазақстандық темір жол магистралі; Петропавл – Астана – Қарағанды – Алматы, Есіл – Астана – Ерейментау – Павлодар, Қорғалжын – Астана және т.б. автомобиль жолдары. Әуе желілері Астананы көптеген республика қалаларымен, алыс және жақын шетелдермен байланыстырады, оның кез келген әуе лайнерлерін қабылдай алуға бейімділігі оның мемлекеттік ірі әуе айлағына айналуына себепші болып отыр. Астана қаласының әуежайы өзінің көптеген трансконтинентальдық көліктік байланыстар түйіскен тиімді экономикалык-географиялық аймақта орналасуының арқасында тасымал көлемін қомақты түрде арттыруға қажетті көптеген әлеуеттік мүмкіндіктерге қол жеткізді. Осыған байланысты жүк және жолаушылар тасымалы, әсіресе халықаралық тасымал күрт өскен жағдайда, болашақта әрі қарай дамыту үшін қажетті базистік шарт ретінде Астана қаласының жаңа халықаралық әуежайы колданысқа берілді. Көлікті дамыту басымдықтары қаланың көлік жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілетін іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша көлік инфрақұрылымдарын дамыту, автомобиль жолдарын салу және жөндеу салалары жедел қарқынмен дамуда. 2007 жылы Есіл өзені арқылы өтетін М-2 көпірі, Тәшенов көшесіне барып жалғасатын Ақбұлак өзенінен өтетін көпір, Иманов пен Гумилев көшелері қиылысындағы жолайрық қолданысқа беріліп, Бөгенбай батыр даңғылының бесінші бөлігі мен Гастелло көшесінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы салынып жатқан аудандарында жол желілердің 4 ірі бөлігінде, Тілендиев даңғылы, Жұмабаев, Вавилов, Жирентаев, Мойылды, Угольная көшелері бойында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аркалық конструкцияға негізделген М-3 көпірін ашу; Тілендиев даңғылын және Есіл өзені арқылы өтетін көпірді қайта жөндеу; «Рамстор» сауда орталығы және №19 және Гастелло көшелері қиылысы ауданындағы көлік кептелісін туннельдік нұсқамен ауыстыру; Бөгенбай батыр даңғылындағы жолөткелінің жұмыстарын аяқтау көзделуде. Темір жол арқылы өтетін жолөткел салынды, ол автомобильдердің кептелісін реттеуге және темір жол маңындағы тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетуге, сондай-ақ Абылай хан даңғылын тікелей өндірістік аймақпен байланыстыруға мүмкіндік берді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 05:21 3808

Астана қаласы экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі туризмнің қанат жаюы болып табылады. Қаланы іскери әрі туристік орталыққа айналдыруға бейімдейтін туристік кластер құруға қажетті бәсекелестік артықшылықтар бар. Бүгінгі күннің өзінде Астанада отыздан астам республикалық, халықаралық маңызға ие көрмелер өткізілді. Астана қаласының туристік кластері мәдениет және демалыс саябақтары, қонақ үйлер, демалыс аймактары, сауда-серуендеу және өзге де туристік нысандарын салудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ Экологиялық туризмді дамыту да басты назарда тұр.

Қала географиялық орналасуы жағынан Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған мекен, осы жерде негізгі көліктік жүк ағымдары Оңтүстік және Орталық Қазақстан, Батыс Сібір мен Орал, Паволжье мен Ресей арасындағы экономикалық байланыс негізінде жүзеге асырылады. Астана қаласы арқылы өтетін 96%-дан жоғары жүк тасымалы транзит түрлеріне тиесілі. Бүгінгі Астана – ірі көлік желісі, республикалық автомобиль, темір жол тораптарын және авиасызықтарды байланыстырып тұрған ірі көлік жолдарының күретамыры. Ол арқылы мынадай жол байланыстары өтеді: Петропавл – Астана – Қарағанды – Шу, кең темір жол сымы Қарталы – авлодар – Құланды миридианалдық трансқазақстандық темір жол магистралі; Петропавл – Астана – Қарағанды – Алматы, Есіл – Астана – Ерейментау – Павлодар, Қорғалжын – Астана және т.б. автомобиль жолдары. Әуе желілері Астананы көптеген республика қалаларымен, алыс және жақын шетелдермен байланыстырады, оның кез келген әуе лайнерлерін қабылдай алуға бейімділігі оның мемлекеттік ірі әуе айлағына айналуына себепші болып отыр. Астана қаласының әуежайы өзінің көптеген трансконтинентальдық көліктік байланыстар түйіскен тиімді экономикалык-географиялық аймақта орналасуының арқасында тасымал көлемін қомақты түрде арттыруға қажетті көптеген әлеуеттік мүмкіндіктерге қол жеткізді. Осыған байланысты жүк және жолаушылар тасымалы, әсіресе халықаралық тасымал күрт өскен жағдайда, болашақта әрі қарай дамыту үшін қажетті базистік шарт ретінде Астана қаласының жаңа халықаралық әуежайы колданысқа берілді. Көлікті дамыту басымдықтары қаланың көлік жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілетін іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша көлік инфрақұрылымдарын дамыту, автомобиль жолдарын салу және жөндеу салалары жедел қарқынмен дамуда. 2007 жылы Есіл өзені арқылы өтетін М-2 көпірі, Тәшенов көшесіне барып жалғасатын Ақбұлак өзенінен өтетін көпір, Иманов пен Гумилев көшелері қиылысындағы жолайрық қолданысқа беріліп, Бөгенбай батыр даңғылының бесінші бөлігі мен Гастелло көшесінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы салынып жатқан аудандарында жол желілердің 4 ірі бөлігінде, Тілендиев даңғылы, Жұмабаев, Вавилов, Жирентаев, Мойылды, Угольная көшелері бойында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аркалық конструкцияға негізделген М-3 көпірін ашу; Тілендиев даңғылын және Есіл өзені арқылы өтетін көпірді қайта жөндеу; «Рамстор» сауда орталығы және №19 және Гастелло көшелері қиылысы ауданындағы көлік кептелісін туннельдік нұсқамен ауыстыру; Бөгенбай батыр даңғылындағы жолөткелінің жұмыстарын аяқтау көзделуде. Темір жол арқылы өтетін жолөткел салынды, ол автомобильдердің кептелісін реттеуге және темір жол маңындағы тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетуге, сондай-ақ Абылай хан даңғылын тікелей өндірістік аймақпен байланыстыруға мүмкіндік берді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға