Банктік және қаржылық жүйе
Астананың дамуында банктік және қаржылық жүйенің алар орны зор. Астанада Азия даму банкі, Альянс банк, Альфа банк, АТФ банк, Каспий банкі, Қазақстан даму банкі, Тұранәлембанкі, Центркредит банкі, Дүниежүзілік банк, Еуразия банкі, Қазақстанның түрғын үй-құрылысы жинақ банкі, Казкоммерцбанк, Лариба банк, Халықаралық Алматы банкі, Қазақстанның халықтык жинак банкі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, Нұрбанк, Темірбанк, ТехакаВапк, Цеснабанк секілді ірі қаржы мекемелері орналасқан.
Олар банк қызметін белсендіру, оптимизациялау мақсатында және банктік қызметтер нарығын кеңейту, мемлекеттік ұйымдардың, ресми және жеке тұлғалардың банктік операцияларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Банктердің өз клиенттеріне көрсететін теңге және шетел валюталарын есептеу саласындағы қызмет түрлері іс жүзінде қазақстандық және халықаралық банк нарығының барлық кеңістігін қамтиды.
Бүгінгі таңда Астана ел экономикасының дамуындағы жағымды үрдістерді орнықтыру қызметін атқарады, яғни орта мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт шегінде мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір бәсекеге қабілетті өнім өндіретін, сонымен қатар ИСО 9001, 14001, 22000, ОНSAS 18001, SА 8000, ХАССП стандарттарының талаптарына сай СМК енгізілген өндірістік кәсіпорындар қатарына мынадай машина жасау кәсіпорындарын, тамақ және құрылыс салалары өндірісін жатқызуға болады: «Целингидромаш» ӨК (насос өндірісі), «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, «Цесна-Астық» концерні» ЖШС (астық және оның қайта өнделген өнімі), «Стройконструкция» АҚ (темір бетон бұйымдарын және тауарлық бетон өндірісі), «Қазақстан труба изоляциялау зауыты» ЖШС, «Big Elit» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі), «Азия-Ақмола» ЖШС (шыны бұйымдарын өндіру зауыты). Қаланы жаңашаландыру барысында, индустриалды-инновациялық даму саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу аясында Қазақстан экономикасын әртараптандыру бағытын жүзеге асыратын құрал мен зат түрлері кеңейтілді. Астана жоғары технологиялармен жұмыс істеу қабілетін арттыратын арнайы индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру саласында бастамашылдық мәртебесіне ие болып отыр. Қаланы дамыту үшін оның өз ішінде Акмола экономикалық аймағының әкімшілік шекарасын құру, сонымен қатар тікелей отандык және шетелдік инвестицияларды тарту үшін оны экономиканың басымдыққа ие секторларының тізіміне кіргізу басты назарға алынды. Инвестицияның елеулі бөлігі «Астана – жаңа қала» деп аталатын, аумағы 3874,1 га немесе 3,5 есеге (1566,3 гектардан 5440,4 га-ға дейін) кеңейтілген, жаңа Арнайы экономикалық аймаққа (АЭ А) орналастырылған нысандар бойынша игерілді. Жобалардың тартымдылығын арттыру мақсатында 2007 жылы «Астана – жаңа қала» АЭА құрамына аумағы 598,1-га болатын Индустриялық парк қосылып, онда үздік жобалар құрылысы жоспарлануда. 2007 жылға 23 ұсыныс таңдалып алынды, оның ішінде, төмендегілерді атауға болады: «Ниссан» («Женгжоу Ниссан аутомобайл Ко» ЛТД) автозауытының құрылысы; «Нокиан» («Ordabasy PST» АҚ) автомобиль доңғалағы зауытының құрылысы; локомотив-құрастыру зауытының («НК, КТЖ» АҚ) құрылысы; «А» және «В» класты көлік-логистика орталығының («Астана-Контракт» АҚ, «Apple City Lic» ЖШС) құрылысы; бетонға арналған құрғак қоспалар мен үстеме өндіретін зауыт («Bast Construction Chemical» ЖШС) құрылысы; кеуек бетон бұйымдарын өндіретін зауыт құрылысы («НҰР», «Жаңа технологиялар енгізу клубы» ЖШС); темір-бетон өндіретін зауыт құрылысы («Айкен» кұрылыс корпорациясы» ЖШС); жиһаз фабрикасының құрылысы («АқНұр» ЖШС); касбет және еден плитасы өндірісі («Медет Тағам» ЖШС); темір-бетон конструкциясы тауарлық бетон өндірісі («АБК Максат» ЖШС). Өндіріс кластерін қалыптастыру аясында астанада 100 жаңа өндіріс кешенін орналастыру жоспарлануда, соның ішінде, инновациялар енгізу мен бәсекеге қабілетті өнім өндіру бойынша халықаралық стандарт құрылыс материалдары өндірісі, ағаш өндеу, резеңке және пластмасса өндірісі, машина жасау, көлік логистикасы іске қосылады. Индустриялық аймақ құру, халықаралық стандарттар деңгейіндегі инновациялар енгізу мен бәсекеге қабілетті өнім өндіру бойынша тиісті талаптарға сай жаңа өндіріс құрудың бастамасы және «топ жаратын» жоба болып қалыптасады. Индустриялық парк аумағында жоғары технологиялық, экологиялык кәсіпорындар салу экспорттық-бағдарлы және импорт алмастырушы өнім өндірісі мен халықаралық сапа стандарттарын енгізуді реттеуге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған инвестиция 1 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі көлемді құрайды және бұл қаладағы жылдық өндіріс көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда қалада «Құрылыс материалдары» кластерін құрудың объективті алғышарттары қалыптасып отыр, оның негізгі бағыты Индустриялық парк құрылысының жобасын жүзеге асыру болып табылады. Индустриялық парк қүрудың негізінде, индустриясы дамытылған (инженерлік-коммуналдық және ақпараттық қызмет кешені), болашақта жалға берілетін және өндіріс ұйымдарына сатылатын белгілі бір жер телімдерін беру арқылы инвесторларды тарту идеясы жатыр.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы