Жаңалықтар

Көлік қатынасы. Автомобиль көлігі инфрақұрылымын дамыту

Көлік қатынасы 2007 жылы қала көлігімен (коммерциялық жүк тасымалымен айналысатын жүк көліктері бар мекемелер және жүк тасымалымен арнайы айналысатын үйымдар мен жеке тұлғалар, тасымалдаған жүк көлемін қосқанда) 53976,9 мың тонна жүк тасымалданды, соның ішінде, жалпы жүк айналымы 2770,5 млн т/км болды. Арнайы жол көліктерімен жүк тасымалдау кәсіпорындары 1148,5 мың тонна жүк тасымалдады, соның ішінде, осы кәсіпорындардағы жүк айналымы 58,6 млн т/км. Жүк және жүк багажы тасымалынан түскен табыс барлық көлік катынасы кәсіпорындары бойынша 1 267,5 млн теңгені құрады. Жеке кәсіпкерлер тасымалын қосқанда, каланың барлық көлік түрлерімен 1095,85 млн жолаушы тасымалданған, соның ішінде, жалпы қолданысқа ие қалалық көлікпен – 141,0 млн адам, олардың арасында 137,2 млн жолаушы (97,3%) автобус және таксимен, ал 3,8 млн адам (2,7%) троллейбуспен тасымалданған. Көліктің барлық түрлері бойынша жолаушы тасымалы айналымы 7188,9 млн ж/км құрады. Жолаушыларды тасымалдаудан көлік қатынасы кәсіпорындарына түскен пайда 4 755,2 млн теңге, қосалқы және қосымша көлік қызметінен – 116,0 млн теңге, көлік құралдарын жалға беруден 273,1 млн теңге табыс кірді. 2007 жылы әуе көлігімен 2144,0 мың адам тасымалданды, соның ішінде, барлық жолаушылар тасымалы айналымы бойынша 4 403,3 млн ж/км құрады. Жолаушылар тасымалы айналымының көлемі 58,1 есеге көбейіп, 2007 жылы 7612,1 млн ж/км-ге жетті. Жедел шолу мәліметтері бойынша 2007 жылы қала кәсіпорындары 12183,8 млн теңгенің, соның ішінде, халыққа 3945,2 млн теңгенің қызметін көрсеткен. Автомобиль көлігі инфрақұрылымын дамыту басымдықтары: қозғалмалы құрамның сапалық жаңаруы; маманданған такси қызметін құру; қоғамдық көлік үшін бірыңғай атрибуттарды енгізу; 2007-2009 жылдарға арналған Астана қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуы; Көлік басқару орталығы мен Интеллектуалды көлік жүйесін күру; Астана қаласында автопарккингтер желісін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылуы; жеңіл рельстік трамвай-LRТ негізінде Астана қаласына жаңа көлік жүйесін енгізу болып табылады. Астанада такси кызметін арнайы мамандандырылған 5 компания атқарады, олардың қатарында «Z-Group» (ЖШС), «KazGaz Power LTD» (ЖШС), «Алкон Пласт» (ЖПІС), «Мажитова» (ЖК), «Панорама» (ЖПІС) бар, автомобильдердің жалпы саны – 250. Олардың арасында күн сайын Skoda Octavia, Volkswagen Santana6 Daewoo Nexia маркалы 170 автомобиль жолға шығып, қызмет көрсетеді, соның ішінде, 150 автомашина фискальді түбіртек беретін таксометрмен жабдықталған. 2008 жылы такси-автомобилінің жалпы санын 750-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Таксомоторлық қызметтер нарығын ынталандыру үшін жолаушылар жиналатын орындарда арнайы такси тұрақтарын орнату арқылы занды такси қызметіне тиімді жағдайлар туғызу бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде (барлығы 76 орын, 100-ге жеткізу жоспарланып отыр). Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 04:33 9469

Көлік қатынасы

2007 жылы қала көлігімен (коммерциялық жүк тасымалымен айналысатын жүк көліктері бар мекемелер және жүк тасымалымен арнайы айналысатын үйымдар мен жеке тұлғалар, тасымалдаған жүк көлемін қосқанда) 53976,9 мың тонна жүк тасымалданды, соның ішінде, жалпы жүк айналымы 2770,5 млн т/км болды. Арнайы жол көліктерімен жүк тасымалдау кәсіпорындары 1148,5 мың тонна жүк тасымалдады, соның ішінде, осы кәсіпорындардағы жүк айналымы 58,6 млн т/км. Жүк және жүк багажы тасымалынан түскен табыс барлық көлік катынасы кәсіпорындары бойынша 1 267,5 млн теңгені құрады. Жеке кәсіпкерлер тасымалын қосқанда, каланың барлық көлік түрлерімен 1095,85 млн жолаушы тасымалданған, соның ішінде, жалпы қолданысқа ие қалалық көлікпен – 141,0 млн адам, олардың арасында 137,2 млн жолаушы (97,3%) автобус және таксимен, ал 3,8 млн адам (2,7%) троллейбуспен тасымалданған. Көліктің барлық түрлері бойынша жолаушы тасымалы айналымы 7188,9 млн ж/км құрады. Жолаушыларды тасымалдаудан көлік қатынасы кәсіпорындарына түскен пайда 4 755,2 млн теңге, қосалқы және қосымша көлік қызметінен – 116,0 млн теңге, көлік құралдарын жалға беруден 273,1 млн теңге табыс кірді. 2007 жылы әуе көлігімен 2144,0 мың адам тасымалданды, соның ішінде, барлық жолаушылар тасымалы айналымы бойынша 4 403,3 млн ж/км құрады. Жолаушылар тасымалы айналымының көлемі 58,1 есеге көбейіп, 2007 жылы 7612,1 млн ж/км-ге жетті. Жедел шолу мәліметтері бойынша 2007 жылы қала кәсіпорындары 12183,8 млн теңгенің, соның ішінде, халыққа 3945,2 млн теңгенің қызметін көрсеткен.

Автомобиль көлігі инфрақұрылымын дамыту басымдықтары: қозғалмалы құрамның сапалық жаңаруы; маманданған такси қызметін құру; қоғамдық көлік үшін бірыңғай атрибуттарды енгізу; 2007-2009 жылдарға арналған Астана қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуы; Көлік басқару орталығы мен Интеллектуалды көлік жүйесін күру; Астана қаласында автопарккингтер желісін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылуы; жеңіл рельстік трамвай-LRТ негізінде Астана қаласына жаңа көлік жүйесін енгізу болып табылады.

Астанада такси кызметін арнайы мамандандырылған 5 компания атқарады, олардың қатарында «Z-Group» (ЖШС), «KazGaz Power LTD» (ЖШС), «Алкон Пласт» (ЖПІС), «Мажитова» (ЖК), «Панорама» (ЖПІС) бар, автомобильдердің жалпы саны – 250. Олардың арасында күн сайын Skoda Octavia, Volkswagen Santana6 Daewoo Nexia маркалы 170 автомобиль жолға шығып, қызмет көрсетеді, соның ішінде, 150 автомашина фискальді түбіртек беретін таксометрмен жабдықталған. 2008 жылы такси-автомобилінің жалпы санын 750-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Таксомоторлық қызметтер нарығын ынталандыру үшін жолаушылар жиналатын орындарда арнайы такси тұрақтарын орнату арқылы занды такси қызметіне тиімді жағдайлар туғызу бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде (барлығы 76 орын, 100-ге жеткізу жоспарланып отыр).

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға