Көлік жолдары
Қазіргі кезде Астана каласында ұзындығы 675 км болатын жалпы қолданыстағы ұзындығы 647 көше жолдары бар. Соның ішінде, категория бойынша – 41 км жылдамдыққа арналған жол, 133 км қалалық мәні бар реттелетін қозғалыстағы магистральды жолдар, 72 км аудандық мәні бар магистральды жолдар, 429 км жергілікті мәндегі жолдар мен көшелер; төселу типі бойынша асфальтты-бетон (415 км), кесекті-гравильді 210 км, төселмегені 50 км. Елорданы Астанаға көшіргеннен кейін қаланың сол жағалауындағы инфрақұрылым жедел дамытыла бастады, астананың жаңа әкімшілік орталығын құру көлік инфрақұрылымы нысандары құрылысын бастауға түрткі болды. Одан басқа, астананы қалыптастырудың соңғы онжылдық кезеңінде қолданыстағы көлік саны 4 есеге ұлғайды. Осыған байланысты сервистік қызмет көрсету кешеніне сәйкес барынша аз шығындармен жолаушылар және жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін, қала тұрғындары мен экономиканың барлық субъектілеріне кол жетімді автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстың тиімді желілерін құру үшін 2005 жылы асфальтты бетон төселген 70 км көлеміндегі көлік жолдары қолданысқа берілді, 33 км көлік жолдары қайта қалпына келтірілді, ұзындығы 346 км көлік жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілді, 9 автожол көпірлері, 5 көлікжол айрығы және 5 жол құбырлары салынды. Қалалық жолаушылар көлігінің сандық көрсеткіші – 1039 автобус және 26 троллейбус, олардың ішінде, күн сайын жолға шығатындарының саны – 721. Автобустар паркінің маркалық құрамы мынадай: МАН Лайонс классик, Скания Омнилинк, Мерседес, Хюндай Аэро Сити, Хюндай Каунти, Богдан-Исудзу. Қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау көлемі 2007 жылы 160 млн адамды құрады және бұл көрсеткіш жоғарылап келеді. Қалалық қоғамдық көліктегі жолаушылар желісі 56 бағыттан тұрады және қаланың барлық негізгі көшелерін, соның ішінде, шет жақтарын да (Өндіріс тұрғын массиві, Спецавтоматика, Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Кирпичный, Өнеркәсіптік, Темір жол, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Заречный, Тельман, Пригородный, Үркер шағын ауданы) қамтиды. Маршруттық желінің ұзындығы – 2013 км. Астана құрылысы мен жолаушылар ағымының артуына байланысты, оңтайландыру аясында, бағыттық желі қаланың сол жағалауына, сонымен қатар оңтүстік-шығыс ықшам ауданына (сол және оң жак) және Көктал, Ильинка бағыттарына (Софиевское шоссе) қарай дамытыла бастады. Маршруттар қатарының қозғалыс сызбанұсқасы ұзартылады, маршруттық желі оңтайландырылады. Қоғамдык көліктің инфрақұрылымына 768 аялдама бекеті, сонымен бірге 45 соңғы аялдама мен технологиялық кідіру орындары кіреді. Қаланың жолаушы тасымалдау кәсіпорындары жаңа автобустарды сатып алу аркылы жоспарлы түрде көлік құрамын жаңартып отырады. 2005 жылы 29 автобус, 2006 жылы 53 автобус, 2007 жылы 153 автобус сатып алынды. Бұл қызмет сапасын жоғарыла-тып, коғамдық көліктің жұмысын реттеуге, жақсартып отыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жылжымалы құрамды сыйымдылығы үлкен автобустар бойынша ауыстыру мақсатында да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2006 жылдан бастап, 3 маршрут ауыстырылды: № 33 (114), 34 (113), 40 (108). Астана қаласы қоғамдық көліктерінің автобус паркі бірдей түске ауыстырылды, іші мен сырты бірыңғай жабдықталды. Кондукторлар мен жүргізушілердің киіміне бірыңғай форма енгізілді. Астана қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы, Көлік бақылау инспекциясы, Қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе отырып, ауаны ластайтын автокөлік құралдарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар, жол козғалысының Қауіпсіздігі бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар («Қауіпсіз жол», «Абайлаңыз: Балалар!» секілді) жүзеге асырылады.
Тұрақты қалалық маршруттармен қатар, әлеуметтік маңызға ие маршруттар да жұмыс істейді: қаланың жеке аймақтарынан (ЛПУ-10 тұрғын үй кешендері, Көктал-2, Автоматика, Өндіріс, Үркер-Қараөткел-2 және Достық шағын аудандары) мектеп оқушыларын тасымалдау жүзеге асырылады.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы