Жаңалықтар

Құрылыс өнеркәсібі және инвестиция тарту

1997 жылы қаланың негізгі капиталына 19273,2 млн теңге күрделі салым тартылды, оның ішінде, ҚМЖ үлесі 14657,1 млн теңге болды. 1997 жылы қаланың құрылыс индустриясы кәсіпорындары 787,9 млн теңгенің өнімін өндірді. Арнайы Экономикалық аймақ тәртібін енгізу құрылыс өнеркәсібінің жұмысына оң әсерін тигізді, соның ішінде, цементті тікелей келісімшарт негізінде дайындаушы зауыттардың бағасы бойынша жеткізу, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған салықтарды жеңілдету жүйесі қолданылды. Қалада құрылыс салу кешені және құрылыс өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Целинэнергострой» АТАҚ, «Целинтрансстрой» АҚ, «Ақмоластрой» АҚ, «Ақмоласантехмонтаж» АҚ, «Целинэлектросетьстрой» ПЭА, «Транс-железобетон» АҚ, «Стройдеталь» АҚ, «Стройконструкция» АҚ, «Найза» концерні және тағы басқалар бар. Астанада салынатын құрылыс нысандарының құрылыс материалына деген жоғары тапсырыстарын орындау мақсатында металл жабын, бойлерлер, ағаштан жасалған бұйымдар, көркем витраждар мен айналар, сонымен бірге стандартты емес бұйымдар (есіктер, торлар, т.с.с.) өндірісі игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің өсуіне байланысты құрылыс өнеркәсібі зауыттарында өндірілетін тауарларға да сұраныс артты. Бұл өз кезегінде құрылыс шикізаты мен оған қажет бұйымдар өндіретін кәсіпорындардың жұмысына оң ықпал етті. Олардың қатарында флюсқа қажетті әктас өндіретін София кен орны, құрылыс тастары мен әктас, құм-гравит қалдықтарын өндіретін Рождественск кен орны, «Транстемірбетон», «Үй кұрылысы» акционерліккоғамдары, «Темірбетон комбинаты», «Керамзитбетон бұйымдар зауыты», «Жол құрылысы материалдары зауыты» акционерлік коғамдары өндірістік бірлестіктері, «Керамикалық комбинат», «Силикатчик», «Құрылыс комбинаты», әктас жылтыратқыштар өндіретін Таскөл кен орны бар. 2007 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 436 901,9 млн теңгені құрады, бұл 10 жыл ішінде қаражат ағымының 22%-ға жоғарылағанын көрсетеді. Инвестициялау көздерінің құрылымы принципті түрде өзгерді. 1997 жылы кәсіпорындар мен тұрғындар қаражаты 22,9%, шетелдік инвестициялар - 26,2%, орталықтандырылған қаражат - 50,9% құраса, 2007 жылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың жеке қаражаты жалпы инвестициялар көлемінің 53,6%-ын кұрады, ал бюджеттік қаражат үлесі 38%-ға тең болды. Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар негізгі капиталға салынатын инвестициялардың негізін құраушы болып табылады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы сомасынан құрылыс-монтаж жұмыстарына салынатын капитал көлемі 2007 жылы 346 737,2 млрд теңгені құрады, бұл 1997 жылғы көрсеткіштерден 14 есеге көп. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар көлемі ұлғайды. 1997 жылы тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге салынып, 124,4 мың шаршы метр жалпы тұрғын үй алаңы тапсырылса, 2007 жылы тұрғын үй құрылысына 163,2 млрд теңге салынып, 1286,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған кезеңде Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары, тұрғындарының күшімен 1852148 шаршы метр тұрғын үй салынып, қолданыска берілді, оның ішінде, пайдалы алаң – 1590105 шаршы метр. Тұрғын үйдің негізгі бөлігін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке меншік түріндегі ұйымдар және тұрғындар тұрғызды, соның ішінде, тұрғындар жалпы ауданы 851663 шаршы метрлік тұрғын үй салды. Қала салу жоғары қарқынмен жүзеге асырылуда. Қаланың солтүстік бөлігін әрі қарай дамыту үшін кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар білім беру және медициналық мекемелер құрылысы жүргізіліп, қаланың электр, жылу, сумен қамтамасыз ету, кұбырлар тарту, телекоммуникация секілді инженерлік инфрақұрылымдарын кеңейту және жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Қала аумағын көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сөз болып отырғандай, соңғы жылдары кол жеткізілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жағынан оң бағытта дамуы жоғары инвестициялық белсенділіктің нәтижесі болып табылады. Астананы көшірген сәттен бері Астана қаласының негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі 1997-2007 жылдар аралығында 19,3 млрд теңгеден 400,0 млрд теңгеге дейін үлғайды, яғни 20,7 есеге артты. Инфрақұрылым іс жүзінде қаланың «тұлғасы мен күре тамырының» жүйесін құрайды. Мемлекеттік басқару органдарының қоныс аударуы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, қаржы кәсіпкерлік институттарының шоғырлануы, қала тұрғындары санының артуы, осыған орай қосымша еңбек күші ресурстарын, материалдық-техникалық жағдайды көп қажет ететін қала құрылысының қарқынды жүруі қала инфрақұрылымы дамуының негізгі факторларының бірінен саналады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 04:02 6324

1997 жылы қаланың негізгі капиталына 19273,2 млн теңге күрделі салым тартылды, оның ішінде, ҚМЖ үлесі 14657,1 млн теңге болды. 1997 жылы қаланың құрылыс индустриясы кәсіпорындары 787,9 млн теңгенің өнімін өндірді. Арнайы Экономикалық аймақ тәртібін енгізу құрылыс өнеркәсібінің жұмысына оң әсерін тигізді, соның ішінде, цементті тікелей келісімшарт негізінде дайындаушы зауыттардың бағасы бойынша жеткізу, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған салықтарды жеңілдету жүйесі қолданылды. Қалада құрылыс салу кешені және құрылыс өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Целинэнергострой» АТАҚ, «Целинтрансстрой» АҚ, «Ақмоластрой» АҚ, «Ақмоласантехмонтаж» АҚ, «Целинэлектросетьстрой» ПЭА, «Транс-железобетон» АҚ, «Стройдеталь» АҚ, «Стройконструкция» АҚ, «Найза» концерні және тағы басқалар бар. Астанада салынатын құрылыс нысандарының құрылыс материалына деген жоғары тапсырыстарын орындау мақсатында металл жабын, бойлерлер, ағаштан жасалған бұйымдар, көркем витраждар мен айналар, сонымен бірге стандартты емес бұйымдар (есіктер, торлар, т.с.с.) өндірісі игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің өсуіне байланысты құрылыс өнеркәсібі зауыттарында өндірілетін тауарларға да сұраныс артты. Бұл өз кезегінде құрылыс шикізаты мен оған қажет бұйымдар өндіретін кәсіпорындардың жұмысына оң ықпал етті. Олардың қатарында флюсқа қажетті әктас өндіретін София кен орны, құрылыс тастары мен әктас, құм-гравит қалдықтарын өндіретін Рождественск кен орны, «Транстемірбетон», «Үй кұрылысы» акционерліккоғамдары, «Темірбетон комбинаты», «Керамзитбетон бұйымдар зауыты», «Жол құрылысы материалдары зауыты» акционерлік коғамдары өндірістік бірлестіктері, «Керамикалық комбинат», «Силикатчик», «Құрылыс комбинаты», әктас жылтыратқыштар өндіретін Таскөл кен орны бар. 2007 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 436 901,9 млн теңгені құрады, бұл 10 жыл ішінде қаражат ағымының 22%-ға жоғарылағанын көрсетеді. Инвестициялау көздерінің құрылымы принципті түрде өзгерді. 1997 жылы кәсіпорындар мен тұрғындар қаражаты 22,9%, шетелдік инвестициялар - 26,2%, орталықтандырылған қаражат - 50,9% құраса, 2007 жылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың жеке қаражаты жалпы инвестициялар көлемінің 53,6%-ын кұрады, ал бюджеттік қаражат үлесі 38%-ға тең болды. Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар негізгі капиталға салынатын инвестициялардың негізін құраушы болып табылады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы сомасынан құрылыс-монтаж жұмыстарына салынатын капитал көлемі 2007 жылы 346 737,2 млрд теңгені құрады, бұл 1997 жылғы көрсеткіштерден 14 есеге көп. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар көлемі ұлғайды. 1997 жылы тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге салынып, 124,4 мың шаршы метр жалпы тұрғын үй алаңы тапсырылса, 2007 жылы тұрғын үй құрылысына 163,2 млрд теңге салынып, 1286,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған кезеңде Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары, тұрғындарының күшімен 1852148 шаршы метр тұрғын үй салынып, қолданыска берілді, оның ішінде, пайдалы алаң – 1590105 шаршы метр. Тұрғын үйдің негізгі бөлігін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке меншік түріндегі ұйымдар және тұрғындар тұрғызды, соның ішінде, тұрғындар жалпы ауданы 851663 шаршы метрлік тұрғын үй салды. Қала салу жоғары қарқынмен жүзеге асырылуда. Қаланың солтүстік бөлігін әрі қарай дамыту үшін кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар білім беру және медициналық мекемелер құрылысы жүргізіліп, қаланың электр, жылу, сумен қамтамасыз ету, кұбырлар тарту, телекоммуникация секілді инженерлік инфрақұрылымдарын кеңейту және жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Қала аумағын көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сөз болып отырғандай, соңғы жылдары кол жеткізілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жағынан оң бағытта дамуы жоғары инвестициялық белсенділіктің нәтижесі болып табылады. Астананы көшірген сәттен бері Астана қаласының негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі 1997-2007 жылдар аралығында 19,3 млрд теңгеден 400,0 млрд теңгеге дейін үлғайды, яғни 20,7 есеге артты. Инфрақұрылым іс жүзінде қаланың «тұлғасы мен күре тамырының» жүйесін құрайды. Мемлекеттік басқару органдарының қоныс аударуы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, қаржы кәсіпкерлік институттарының шоғырлануы, қала тұрғындары санының артуы, осыған орай қосымша еңбек күші ресурстарын, материалдық-техникалық жағдайды көп қажет ететін қала құрылысының қарқынды жүруі қала инфрақұрылымы дамуының негізгі факторларының бірінен саналады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға