Жаңалықтар

Өндіріс кәсіпорындары

1997 жылы қалада 75 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді. Кәсіпорындарды экономиканың негізгі салалары бойынша бөлгенде мынадай көрсеткішті құрайды: машина құрастыру мен металл өндіру – 49%, құрылыс индустриясы – 29%, тамақ өнеркәсібі – 12%, электр қуаты – 5%, үн-жарма тарту – 5%. Қала бұрыннан ауыл шаруашылық машиналары мен олардың қосалқы бөлшектерін шығаруға, мал шаруашылығы мен жемшөп өндіруге арналған машина жасау, металл өндеу және тамақ өнеркәсібінің ірі орталығы болды. Осы өндіріс салаларының жетекші кәсіпорындары «Акмоласелвмаш», «Газсервис», «Целиндормаш», «Реммелиостроймаш», «Тенгиз» акционерлік қоғамдары, сондай-ақ «Целингидромаш», «Казахселвмаш» зауыты, темір жол көлігін жөндеу зауыты, «Атрико» ЖШС, «Жаңа-Арқа» баспасы мен «Франклин-Ақмола» АҚ, т.б. болды. Жалпы өндірістік өнім көлеміндегі кірістің үлкен бөлігі тамақ және қайыра өндеу өнеркәсібінен түседі. Бұл салалардағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар «Ақмола-Диірмен» АҚ, «Ақмола-Астық» АҚ, «Ырыс» АОЗТ, «Баянауыл» ЖШС, «Фудмастер» БК, «Амекс» АҚ және т.б. болып табылады. «Цесна» корпорациясының да беделі жоғары. Нан өнімі комбинаттарында, элеваторларда, диірмендерде тұрғындарды нанмен, жармалармен, макарон және кондитерлік өнімдермен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті бидай корлары бар. 1997 жылы қаланы дағдарыстық жағдайдан алып шығу мақсатында жүргізілген өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру жұмыстары шетелдік капиталы бар біріккен кәсіпорындардың қалыптасуына жол ашты. 2007 жылдың 1 қаңтарында Астанада 727 біріккен және шетелдік, оның ішінде, Ресеймен (228), Түркиямен (243), Германиямен (48), АҚШ-пен (32), Өзбекстанмен (28) серіктес кәсіпорындар тіркелген еді. Астана қаласының өндірістік секторы сұранысқа ие болмаған және бәсекеге қабілетсіз өнім шығаратын пайдасыз өндірістер мен салаларды қайта құру, қайта ұйымдастыру кезеңдерінен өтіп, үлкен құрылымдық өзгерістерді басынан өткерді. Табиғи сегментацияның әсерінен ірі кәсіпорындарда өндірістік өнімді шығаруымен айналысатын орта және шағын кәсіпорындар саны артты. Астанада 180 ірі, 575 орта және 20363 шағын кәсіпорын жұмыс істейді (2007). «Экотон +» АҚ, «Big elite» ЖШС, «Sheber SC. KZ.» ЖШС, «Қазақстан құбыр изоляциялау зауыты» ЖШС, «Астана-Брик» ЖШС, «Астана полиграфия» АҚ, «Цесна-Астық» ЖШС, «Тиімді құрылыс материалдары зауыты» ЖШС, «Конкрит Продактс Астана» ЖШС компаниялары Астана қаласындағы жетекші өндіріс кәсіпорындары санатын құрайды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 03:51 6563

1997 жылы қалада 75 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді. Кәсіпорындарды экономиканың негізгі салалары бойынша бөлгенде мынадай көрсеткішті құрайды: машина құрастыру мен металл өндіру – 49%, құрылыс индустриясы – 29%, тамақ өнеркәсібі – 12%, электр қуаты – 5%, үн-жарма тарту – 5%. Қала бұрыннан ауыл шаруашылық машиналары мен олардың қосалқы бөлшектерін шығаруға, мал шаруашылығы мен жемшөп өндіруге арналған машина жасау, металл өндеу және тамақ өнеркәсібінің ірі орталығы болды. Осы өндіріс салаларының жетекші кәсіпорындары «Акмоласелвмаш», «Газсервис», «Целиндормаш», «Реммелиостроймаш», «Тенгиз» акционерлік қоғамдары, сондай-ақ «Целингидромаш», «Казахселвмаш» зауыты, темір жол көлігін жөндеу зауыты, «Атрико» ЖШС, «Жаңа-Арқа» баспасы мен «Франклин-Ақмола» АҚ, т.б. болды. Жалпы өндірістік өнім көлеміндегі кірістің үлкен бөлігі тамақ және қайыра өндеу өнеркәсібінен түседі. Бұл салалардағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар «Ақмола-Диірмен» АҚ, «Ақмола-Астық» АҚ, «Ырыс» АОЗТ, «Баянауыл» ЖШС, «Фудмастер» БК, «Амекс» АҚ және т.б. болып табылады. «Цесна» корпорациясының да беделі жоғары. Нан өнімі комбинаттарында, элеваторларда, диірмендерде тұрғындарды нанмен, жармалармен, макарон және кондитерлік өнімдермен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті бидай корлары бар. 1997 жылы қаланы дағдарыстық жағдайдан алып шығу мақсатында жүргізілген өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру жұмыстары шетелдік капиталы бар біріккен кәсіпорындардың қалыптасуына жол ашты. 2007 жылдың 1 қаңтарында Астанада 727 біріккен және шетелдік, оның ішінде, Ресеймен (228), Түркиямен (243), Германиямен (48), АҚШ-пен (32), Өзбекстанмен (28) серіктес кәсіпорындар тіркелген еді. Астана қаласының өндірістік секторы сұранысқа ие болмаған және бәсекеге қабілетсіз өнім шығаратын пайдасыз өндірістер мен салаларды қайта құру, қайта ұйымдастыру кезеңдерінен өтіп, үлкен құрылымдық өзгерістерді басынан өткерді. Табиғи сегментацияның әсерінен ірі кәсіпорындарда өндірістік өнімді шығаруымен айналысатын орта және шағын кәсіпорындар саны артты. Астанада 180 ірі, 575 орта және 20363 шағын кәсіпорын жұмыс істейді (2007). «Экотон +» АҚ, «Big elite» ЖШС, «Sheber SC. KZ.» ЖШС, «Қазақстан құбыр изоляциялау зауыты» ЖШС, «Астана-Брик» ЖШС, «Астана полиграфия» АҚ, «Цесна-Астық» ЖШС, «Тиімді құрылыс материалдары зауыты» ЖШС, «Конкрит Продактс Астана» ЖШС компаниялары Астана қаласындағы жетекші өндіріс кәсіпорындары санатын құрайды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға