Жаңалықтар

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсаты — халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. БҰҰ қызметінің негізгі принциптерін 1939 — 45 ж. 2-дүние-жүз. соғыс кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет басшылары қатысқан Тегеран конференциясында (1943) берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демокр. күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықар. ұйым құру мәселесі қозғалды. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944 ж. тамыз-қазан айларында өткен Думбартон-Окс конференциясында (АҚШ) жасалды. Қырым конференциясында (1945) Думбартон-Окс жобасы бірауыздан мақұлданып, сондай-ақ, Сан-Франциско конференциясында (1945, 26 маусым) БҰҰ Жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның құрылтайшы мүшелері ретінде 50 мемлекет (сондай-ақ Польша) қатысқан болатын. Жарғының күшіне енген сәті — 1945 жылғы 26 қазан жыл сайын “Біріккен Ұлтттар Ұйымының күні” деп аталып өтеді. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары — жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықар. құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қ-нда (АҚШ) орналасқан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекет-тердің барлығы да мүше бола алады. Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені тал-қылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүк-телген. Бұл органның ерекшелігі — Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды. Құрамына 54 мемлекет кіретін Экономикалық және әлеуметтік кеңеске экон., әлеум., мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықар. мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру уәкілеттігі берілген. Қамқорлық жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері — қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады. Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты халықар. ұйым болып саналады. Хатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды. БҰҰ құрамында әлеум., экон. және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі, т.б.), сондай-ақ, арнаулы комиссиялар (Халықар. құқық комиссиясы, Халықар. сауда құқығы жөніндегі комиссия) бар. Қазақстан БҰҰ-на және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше болды (1992).        М. Сәрсенбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 11:10 59485

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсаты — халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. БҰҰ қызметінің негізгі принциптерін 1939 — 45 ж. 2-дүние-жүз. соғыс кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет басшылары қатысқан Тегеран конференциясында (1943) берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демокр. күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықар. ұйым құру мәселесі қозғалды. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944 ж. тамыз-қазан айларында өткен Думбартон-Окс конференциясында (АҚШ) жасалды. Қырым конференциясында (1945) Думбартон-Окс жобасы бірауыздан мақұлданып, сондай-ақ, Сан-Франциско конференциясында (1945, 26 маусым) БҰҰ Жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның құрылтайшы мүшелері ретінде 50 мемлекет (сондай-ақ Польша) қатысқан болатын. Жарғының күшіне енген сәті — 1945 жылғы 26 қазан жыл сайын “Біріккен Ұлтттар Ұйымының күні” деп аталып өтеді.

БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары — жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықар. құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қ-нда (АҚШ) орналасқан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекет-тердің барлығы да мүше бола алады.

Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені тал-қылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді.

БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүк-телген. Бұл органның ерекшелігі — Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды.

Құрамына 54 мемлекет кіретін Экономикалық және әлеуметтік кеңеске экон., әлеум., мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықар. мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру уәкілеттігі берілген.

Қамқорлық жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері — қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.

Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты халықар. ұйым болып саналады.

Хатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды.

БҰҰ құрамында әлеум., экон. және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі, т.б.), сондай-ақ, арнаулы комиссиялар (Халықар. құқық комиссиясы, Халықар. сауда құқығы жөніндегі комиссия) бар.

Қазақстан БҰҰ-на және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше болды (1992).

       М. Сәрсенбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға