Жаңалықтар

Алматыда «Кенжеғали Сағадиев» кітабының тұсаукесері өтті

Алматыда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, академик К.Сағадиевтің 75 жылдығына орай мақалалар мен сұхбаттар, ғылыми айналымға алғаш енгізілген мұрағат құжаттары, фотосуреттер, сондай-ақ замандастарының, достарының лебіздері топтастырылған «Кенжеғали Сағадиев» атты кітаптың тұсаукесері өтті. «Білімнің қара шаңырағы ҚазҰУ-да елі­­міздің білім-ғылым саласын дамытуға зор үлес қосқан халқымыздың біртуар аза­маты Кенжеғали Әбенұлының өмір жолы, ғы­лыми мұрасы өскелең ұрпаққа өне­ге болар де­ген ниетпен осы кітапты уни­­вер­си­тетімізден ұсынып, жастармен кез­дестіріп отыр­мыз. Жастарға тәрбие бе­ру жолында осы «Өнегелі өмір» жо­ба­сын қолға алдық», – деді ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанұлы. ҚазҰУ-дың үздік студент­те­рі, К.Сағадиев атындағы шәкіртақы ие­­гер­лері ізгі ті­лек­терін, бұл кітапта бі­лімді тек өз пайдаңа емес, ел дамуына жұмсау керектігі ай­тыл­ғандығын, эко­но­мика са­ласын зерттеуші жас ғалымдарға да бе­рері мол басылым еке­нін айта кетті. Тұ­сау­кесерге арнайы К.Сағадиевтің шы­ғармашылығынан кітаптар көрмесі ұйым­дастырылып, университеттің оқыту­шы-профессорлар құрамы мен  студент, ма­гистранттар қатысты. Алаш айнасы
27.02.2013 11:57 3172

Алматыда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, академик К.Сағадиевтің 75 жылдығына орай мақалалар мен сұхбаттар, ғылыми айналымға алғаш енгізілген мұрағат құжаттары, фотосуреттер, сондай-ақ замандастарының, достарының лебіздері топтастырылған «Кенжеғали Сағадиев» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

«Білімнің қара шаңырағы ҚазҰУ-да елі­­міздің білім-ғылым саласын дамытуға зор үлес қосқан халқымыздың біртуар аза­маты Кенжеғали Әбенұлының өмір жолы, ғы­лыми мұрасы өскелең ұрпаққа өне­ге болар де­ген ниетпен осы кітапты уни­­вер­си­тетімізден ұсынып, жастармен кез­дестіріп отыр­мыз. Жастарға тәрбие бе­ру жолында осы «Өнегелі өмір» жо­ба­сын қолға алдық», – деді ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанұлы. ҚазҰУ-дың үздік студент­те­рі, К.Сағадиев атындағы шәкіртақы ие­­гер­лері ізгі ті­лек­терін, бұл кітапта бі­лімді тек өз пайдаңа емес, ел дамуына жұмсау керектігі ай­тыл­ғандығын, эко­но­мика са­ласын зерттеуші жас ғалымдарға да бе­рері мол басылым еке­нін айта кетті. Тұ­сау­кесерге арнайы К.Сағадиевтің шы­ғармашылығынан кітаптар көрмесі ұйым­дастырылып, университеттің оқыту­шы-профессорлар құрамы мен  студент, ма­гистранттар қатысты.

Алаш айнасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға