Жаңалықтар

ХХ ғасырдың 40-50-жылдары

1940 ж. 30 шілдеде бұл дивизияның қалыптасуы аяқталды да, 18-19 тамызда олар Ленинградты қорғауға Волхов ауданына жіберілді. 310-Новгород атқыштар дивизиясы Шығыс Померанияда Балтық теңізінің жағалауында шайқасты. Онын есебінде жаудан босатылған Новгород, Глыня, Кезлин, Шлохау, Бублиц, т.б. секілді он екі ірі қала мен елді мекендер бар. 1941 ж. тамызда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әскерге шақырылғандардан жиналған 387-атқыштар дивизиясы жасақталды. 27 желтоқсанда 387 дивизия Орлов облысының Троипк селосының түбінде фашистермен қиян-кескі шайқас жүргізді. 1942 жылдың басында 387-дивизия Сталинградқа жіберілді, онда ол генерал-фельдмаршал Манштейннің «Дон» құрамасын талқандауға қатысты. Кейіннен бұл дивизия Қырымда соғысты және Севастопольді жаудан босатты. 29-атқыштар дивизиясы Ақмолада 1941 жылдың 15 желтоқсанында жасақталды. 1942 жылдың сәуірінде Ақмола мен Қарағанды темір жол стансаларында 29-дивизия бөлімшелері эшалондарға отырғызылып, Тула облысына аттандырылды. 1942 жылдың шілдесінде Сталинград бағытына аттандырылып, бірден Сталинград үшін шайқастың қайнаған ортасына түсті. Дивизия фашистік әскердің адам саны мен техникасын үлкен шығынға ұшыратты. Фельдмаршал Паулюстың құрамасымен болған көше шайқастарында 1943 жылдың 10 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында дивизия 52 мыңға жуық жау солдатын жойып, 13 мыңнан аса неміс және румын солдаттары мен офицерлерін, сонымен бірге екі генералды тұтқынға алды. Сталинградты қорғаудағы қаһармандык ерлігі үшін 29-атқыштар дивизиясы 72-гвардиялык атқыштар дивизиясы болып қайта жасақталды. 1943 жылдың жазында 72-гвардиялық дивизия Белгород түбіндегі Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. 72-гвардиялык дивизия Харьков, Кировоград қалалары үшін болған ауыр шайқастарды бастен кешті. Ол Румынияны, Трансильванияны, Венгрияны, Австрия мен Чехословакияны фашизмнен азат етуге қатысты. Соғыс жылдарында майданға кеткен 9783 ақмолалықтардың 7414-і оралмады. Ақмолалықтар соғыс майдандарында ерлікпен шайқасты. Ақмолалык отыз сегіз жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, жетеуі Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен марапатталды. Т. Ж. Бигелдинов (екі мәрте), В.К. Булавский, А.М. Герман, И.М. Дьяченко және басқалары Кеңес Одағының Батыры атанды. В.С. Бабенко, В.А. Белокуров, В.А. Бовт, А.О. Сембинов және басқалары Даңқ орденінің толық иегері болды. Қаланың өнеркәсібі әскери негізге бейімделді. Эвакуациямен келген кәсіпорындар қалаға орналаса бастады. Соғыс жылдарында Акмоланың кәсіпорындары 2,5 есеге өсті. Одақтық маңызы бар зауыттар пайда болды. Бұл әйгілі «Казахсельмаш» пен №317 зауыт, 1941 ж. Ақмолаға Мелитопольден насос зауыты көшірілді. 1944 ж. 16 кәсіпорында 3 мыңға жуық адам еңбек етті. Еңбек әскеріне Ақмола обл. 32 мың еңбекке жарамды тұрғындарын аттандырды. Ақмола темір жол желісінің поезд өткізу қабілеті едәуір өсті. Бұл жаңа жолдардың құрылысы мен паровоз паркінің қайта жасақталуы есебінен жүзеге асты. Ақмола күштеп көшірілген халықтарды қабылдау орны болды. Қалалық билік арнайы көшірілгендердің еңбек және шаруашылық-тұрмыстық орналасуы мәселелерін жедел шешті, көшіп келгендерге өтемакылар төледі. Оның үстіне қала басшылығы Акмолаға КСРО-ның еуропалық бөлігінен эвакуацияланған халықты орналастыру проблемаларын шешті. Бірінші жылы Акмола облысына 68,5 мың адам көшіп келді, олардың басым бөлігі облыс орталығына тұрақтады. Ақмола Ұлы Отан соғысы майдандарынан ауыр жараланып келген солдаттар мен офицерлердің емдеу орнына айналды. Олар үшін жаңа ауруханалар, оның ішінде, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған емханалар ашылды. Осылайша қалада екі №1600 және №3006 эвакогоспиталь орналасты. Дәрігерлер мен медбикелердің жедел, білікті араласуының арқасында жүздеген және мыңдаған жаралы жауынгерлер өлімнен аман калды. Қала тұрғындарының иығына соғыс мүгедектеріне және әкелері, отағасылары, ұлдары соғыста қаза тапқан әскерилердің отбасыларына материалдық және психологиялык көмек көрсету жүгі түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында қалалықтар бар күш-жігерін майданға көмек беруге жұмсады. Қала тұрғындары ел қорғанысы қорына қаржылар жинады. Танк колоннасы мен авиа-эскадрилья жасақтау үшін Ақмола тұрғындары 3 млн 719 мың рубль жинады, ал ақшалай лотереялар 5 млн 666 мың рубльге сатылды. Майданға мыңдаған тонна азық-түлік өнімдері мен жылы киімдер жөнелтілді. Ұлы жеңіске ақмолалықтардың қосқан үлесі мол. Соғыс аякталғаннан кейінгі алғашқы жылдары ақмолалықтардың жақсы өмірге деген үміттері ақталмады. Репрессиялардың жаңа толқыны адамдардың сеніміне қатты соққы болып тиді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 11:11 5015

1940 ж. 30 шілдеде бұл дивизияның қалыптасуы аяқталды да, 18-19 тамызда олар Ленинградты қорғауға Волхов ауданына жіберілді. 310-Новгород атқыштар дивизиясы Шығыс Померанияда Балтық теңізінің жағалауында шайқасты. Онын есебінде жаудан босатылған Новгород, Глыня, Кезлин, Шлохау, Бублиц, т.б. секілді он екі ірі қала мен елді мекендер бар. 1941 ж. тамызда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әскерге шақырылғандардан жиналған 387-атқыштар дивизиясы жасақталды. 27 желтоқсанда 387 дивизия Орлов облысының Троипк селосының түбінде фашистермен қиян-кескі шайқас жүргізді. 1942 жылдың басында 387-дивизия Сталинградқа жіберілді, онда ол генерал-фельдмаршал Манштейннің «Дон» құрамасын талқандауға қатысты. Кейіннен бұл дивизия Қырымда соғысты және Севастопольді жаудан босатты. 29-атқыштар дивизиясы Ақмолада 1941 жылдың 15 желтоқсанында жасақталды. 1942 жылдың сәуірінде Ақмола мен Қарағанды темір жол стансаларында 29-дивизия бөлімшелері эшалондарға отырғызылып, Тула облысына аттандырылды. 1942 жылдың шілдесінде Сталинград бағытына аттандырылып, бірден Сталинград үшін шайқастың қайнаған ортасына түсті. Дивизия фашистік әскердің адам саны мен техникасын үлкен шығынға ұшыратты. Фельдмаршал Паулюстың құрамасымен болған көше шайқастарында 1943 жылдың 10 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында дивизия 52 мыңға жуық жау солдатын жойып, 13 мыңнан аса неміс және румын солдаттары мен офицерлерін, сонымен бірге екі генералды тұтқынға алды. Сталинградты қорғаудағы қаһармандык ерлігі үшін 29-атқыштар дивизиясы 72-гвардиялык атқыштар дивизиясы болып қайта жасақталды. 1943 жылдың жазында 72-гвардиялық дивизия Белгород түбіндегі Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. 72-гвардиялык дивизия Харьков, Кировоград қалалары үшін болған ауыр шайқастарды бастен кешті. Ол Румынияны, Трансильванияны, Венгрияны, Австрия мен Чехословакияны фашизмнен азат етуге қатысты. Соғыс жылдарында майданға кеткен 9783 ақмолалықтардың 7414-і оралмады. Ақмолалықтар соғыс майдандарында ерлікпен шайқасты. Ақмолалык отыз сегіз жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, жетеуі Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен марапатталды. Т. Ж. Бигелдинов (екі мәрте), В.К. Булавский, А.М. Герман, И.М. Дьяченко және басқалары Кеңес Одағының Батыры атанды. В.С. Бабенко, В.А. Белокуров, В.А. Бовт, А.О. Сембинов және басқалары Даңқ орденінің толық иегері болды.

Қаланың өнеркәсібі әскери негізге бейімделді. Эвакуациямен келген кәсіпорындар қалаға орналаса бастады. Соғыс жылдарында Акмоланың кәсіпорындары 2,5 есеге өсті. Одақтық маңызы бар зауыттар пайда болды. Бұл әйгілі «Казахсельмаш» пен №317 зауыт, 1941 ж. Ақмолаға Мелитопольден насос зауыты көшірілді. 1944 ж. 16 кәсіпорында 3 мыңға жуық адам еңбек етті. Еңбек әскеріне Ақмола обл. 32 мың еңбекке жарамды тұрғындарын аттандырды. Ақмола темір жол желісінің поезд өткізу қабілеті едәуір өсті. Бұл жаңа жолдардың құрылысы мен паровоз паркінің қайта жасақталуы есебінен жүзеге асты. Ақмола күштеп көшірілген халықтарды қабылдау орны болды. Қалалық билік арнайы көшірілгендердің еңбек және шаруашылық-тұрмыстық орналасуы мәселелерін жедел шешті, көшіп келгендерге өтемакылар төледі. Оның үстіне қала басшылығы Акмолаға КСРО-ның еуропалық бөлігінен эвакуацияланған халықты орналастыру проблемаларын шешті. Бірінші жылы Акмола облысына 68,5 мың адам көшіп келді, олардың басым бөлігі облыс орталығына тұрақтады. Ақмола Ұлы Отан соғысы майдандарынан ауыр жараланып келген солдаттар мен офицерлердің емдеу орнына айналды. Олар үшін жаңа ауруханалар, оның ішінде, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған емханалар ашылды. Осылайша қалада екі №1600 және №3006 эвакогоспиталь орналасты. Дәрігерлер мен медбикелердің жедел, білікті араласуының арқасында жүздеген және мыңдаған жаралы жауынгерлер өлімнен аман калды. Қала тұрғындарының иығына соғыс мүгедектеріне және әкелері, отағасылары, ұлдары соғыста қаза тапқан әскерилердің отбасыларына материалдық және психологиялык көмек көрсету жүгі түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында қалалықтар бар күш-жігерін майданға көмек беруге жұмсады. Қала тұрғындары ел қорғанысы қорына қаржылар жинады. Танк колоннасы мен авиа-эскадрилья жасақтау үшін Ақмола тұрғындары 3 млн 719 мың рубль жинады, ал ақшалай лотереялар 5 млн 666 мың рубльге сатылды. Майданға мыңдаған тонна азық-түлік өнімдері мен жылы киімдер жөнелтілді. Ұлы жеңіске ақмолалықтардың қосқан үлесі мол. Соғыс аякталғаннан кейінгі алғашқы жылдары ақмолалықтардың жақсы өмірге деген үміттері ақталмады. Репрессиялардың жаңа толқыны адамдардың сеніміне қатты соққы болып тиді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға