Жаңалықтар

Қожа Ахмет Иасауи

Соңғы редакциялау: 12 қазан, 2012 Қожа Ахмет Иасауи, Әзірет Сұлтан – түркістандық ғұлама, әулие. Арғы тегі қожалар әулетінен. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Қожа Ахмет Иасауи шамамен 1093 ж. (кейбір деректерде 1103, 1041 ж.) Сайрамда (Исфиджаб) өмірге келіп,  1166 ж. Түркістанда (Иасы) қайтыс болған. Кейбір деректерде Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Иасауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 11-ғасырда Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Иасауи ілімі осы саяси-әлеуметтік ортада қалыптасты. Оның ұстазы – Арыстан баб болды. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі туралы мәлімет береді. Иасауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахметтің алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата). Тағы бір танымал шәкірті Мұхаммед Данышменди сопы ұстазының “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірген. Иасауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Иасауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Иасауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Оның дүниетанымдық тұжырымдамасын шариат пен мағрифат құраса, тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Иасауи  хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Иасауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Ол “ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырып-салмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері болды. Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи деректер мен пайғамбарлар жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Иасауише хикмет жазу түркі-мұсылман әлемінде дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Иасауи сарыны байқалды. Ол сарын Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.    
08.11.2012 11:08 11256

Соңғы редакциялау:

12 қазан, 2012

Қожа Ахмет Иасауи, Әзірет Сұлтан – түркістандық ғұлама, әулие. Арғы тегі қожалар әулетінен. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Қожа Ахмет Иасауи шамамен 1093 ж. (кейбір деректерде 1103, 1041 ж.) Сайрамда (Исфиджаб) өмірге келіп,  1166 ж. Түркістанда (Иасы) қайтыс болған. Кейбір деректерде Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Иасауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 11-ғасырда Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Иасауи ілімі осы саяси-әлеуметтік ортада қалыптасты. Оның ұстазы – Арыстан баб болды. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі туралы мәлімет береді. Иасауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахметтің алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата). Тағы бір танымал шәкірті Мұхаммед Данышменди сопы ұстазының “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірген. Иасауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Иасауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Иасауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Оның дүниетанымдық тұжырымдамасын шариат пен мағрифат құраса, тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Иасауи  хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Иасауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Ол “ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырып-салмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері болды. Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи деректер мен пайғамбарлар жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Иасауише хикмет жазу түркі-мұсылман әлемінде дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Иасауи сарыны байқалды. Ол сарын Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға