Жаңалықтар

Аймақтық экономикалық дамудың қоршаған ортаға әсерін тигізуі

Аймақтың экономикалық дамуы, оның кейбір салаларының жедел қарқын алуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізетіні, табиғи ортадан орын тепкен өндіріс мекемелерінің ауаға, суға, жер бетіне шығаратын қалдықтары мен іркінділері техногендік ластандырудың кезі екендігі қоршаған ортаны қорғау мәселесін жедел қолға алуды кажет етеді. Қаланың тұрақты дамуы көп жағдайда оның экономикалық әлуеті, жер, адам және басқа қорларымен ғана емес, қала экожүйесі ахуалымен сабақтас екені белгілі. Қаланың әуе бассейнін ластайтын негізінен үш шығарынды көзі бар. Олар: тұрақты ластағыштар (жылу беру орталықтары, қазандықтар), автокөлік және бір жүйеге түспеген іс-әрекет барысында пайда болатын шығарындылар (құрылыс алаңы, өндіріс алаңы, цемент нүктелері, асфальтбетон зауыттары және т.б.). Диаграммада көрсетілгендей қаланың әуе бассейнін ластау үлесінің басым мөлшері автокөлікке тиесілі, ал тұрақты ластағыштар одан кейінгі орында. Осы жағдайды ескере келіп, «Астана қаласының жаңа көлік қатынасы жүйесін» енгізу жұмысы қолға алынды. Бұл жаңа жүйе аясында 2011 жылы көлік қатынасының экологиялық таза түріне жататын жеңіл рельсті трамвай қатынасын іске қосу жоспарға енгізілді. Қаланың Угольная, Бейсекова көшелері арқылы өтетін күре жолдарын іске қосу барысында автокөліктің қоршаған ортаны ластауы біршама азаяды. Осы күре жолдар бойында темір жол қиылысынан өтетін 2 өтпе жол, 3 автокөлік жол айрығы және 3 көпір іске қосылып, жүк таситын 10 мыңнан астам машина кала сыртымен жүру мүмкіндігіне ие болады. 2008 ж. 13 инженерлік құрылғы: 5 автокөлік көпірі, 5 автокөлік жол айрығы және 3 темір жол қиылысынан өтетін өтпе жол пайдалануға беріледі. Сол жағалаудың жоспардағы аудандармен және қаланың орталық бөлігімен көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатымен Есілден өтетін М-3 көпірін салу қолға алынды, сондай-ақ Есілден өтетін М-2 автокөлік көпірі, Ақбұлақ өзенінен өтетін автокөлік көпірі, Манас көшесіндегі көлік нөпірін жеңілдету мақсатымен Иманов және Гумилев көшелері ауданынан автокөлік жол айрығы пайдалануға берілді. «Жасыл аралдағы» көпір мен жол құрылысы аяқталды. Республика даңғылы мен Бараев көшесі қиылысында автокөлік қозғалысының кедергісіз болуын қамтамасыз ету үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Есіл өзенінен өтетін көпірді кеңейтіп, 6 жолақты етіп қайта салу, «Рамстор» сауда орталығы тұсынан жол айрығын жасау қолға алынды. Қаланың жылу орталықтарында қондырғыларды түбегейлі және кезекті жөндеу кезінде шлак және күл алудың жетілдірілген жүйесі зиянды шығарындыларды сүзіп қалады, мұнда азот оксидімен және күлмен ластану деңгейі 11 %-ға төмендетілген. Промышленный елдімекені қазандығының күлтұтқы қондырғысы жаңадан жабдықталды. Қала атмосферасын ластайтын шығарындыларды азайту және ауаға таралатын газды тазарту дәрежесін төмендетпеудің экологиялық тиімділігі 85-90%-ды құрап отыр. Осы іспетті шаралар Мичурин, Железнодорожный елдімекендері қазандықтарында да іске асырылды. Қалада жылумен және электрмен қамтамасыз етудің автономды жүйесін пайдалану әлі де қолданылып отыруына байланысты, Астана қаласының энергетика және коммуналды шаруашылық департаменті автономды жылу көздері нысандарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру жобаларын жүзеге асыруды қолға алды, онда 2007-2008 жылдары орталықтандырылған жылу көздеріне «Самал» ықшам ауданы (10 үй, 6 казандық), Ирченко к., 12 (1 үй), Қабанбай батыр (7 үй, 1 қазандық) және Бөгенбай батыр (2 үй, 1 қа-зандық) даңғылдарындағы үйлерді қосу қарастырылған. Бұған қосымша электр қуатын өндірудің экологиялық таза көзі болып табылатын жел электр стансаларын салу да экологияны жақсартудың тағы бір тиімді жолы болуы ықтимал. Осыған орай жел қуатын және жел электр стансасын салу мүмкіндігін зерттеу мақсатында 2006 ж. қазан айының соңында Талдыкөл көлі маңындағы жер телімінен метеорологиялык мачта тұрғызылды. Астана қаласы экологиялық кешенді мәселелерінің ішінде қала аумағын көгалдандыру ерекше орын алады. Жасыл желектің қала жоспарлық құрылымының ажырамас бір бөлігі және қоршаған ортада аса маңызды қызмет атқарып, оның экологиялық қүндылығын арттыратыны баршаға мәлім. Қала тұрғындарына жайлы орта жасау мақсатымен, халықтың жиі шоғырланған аймағын табиғатпен біршама үйлестіруге мүмкіндік беретін, «эко-қала» қалыптастыруға бағытталған тұжырым – қаланы көгалдандыру ісі – Астана қаласы бас жоспарының негізгі өзегі болып табылады. Бас жоспарда сонымен қатар көгалдандырудың кеңістіктегі негізгі орталығы – «жасыл дәліз» қалыптастыру көзделген. 1997 ж. қала бойынша көгалдандыру алаңының мөлшері 67,9 га болды. 1998-2002 жылдар аралығында 129,2 га аумақты көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылды. 2003 ж. «Жыл мезгілдері» (5 га), одан кейінгі жылдары «Ақбұлақ», «Олимп» саябақтары іске қосылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 03:39 3963

Аймақтың экономикалық дамуы, оның кейбір салаларының жедел қарқын алуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізетіні, табиғи ортадан орын тепкен өндіріс мекемелерінің ауаға, суға, жер бетіне шығаратын қалдықтары мен іркінділері техногендік ластандырудың кезі екендігі қоршаған ортаны қорғау мәселесін жедел қолға алуды кажет етеді. Қаланың тұрақты дамуы көп жағдайда оның экономикалық әлуеті, жер, адам және басқа қорларымен ғана емес, қала экожүйесі ахуалымен сабақтас екені белгілі.

Қаланың әуе бассейнін ластайтын негізінен үш шығарынды көзі бар. Олар: тұрақты ластағыштар (жылу беру орталықтары, қазандықтар), автокөлік және бір жүйеге түспеген іс-әрекет барысында пайда болатын шығарындылар (құрылыс алаңы, өндіріс алаңы, цемент нүктелері, асфальтбетон зауыттары және т.б.).

Диаграммада көрсетілгендей қаланың әуе бассейнін ластау үлесінің басым мөлшері автокөлікке тиесілі, ал тұрақты ластағыштар одан кейінгі орында. Осы жағдайды ескере келіп, «Астана қаласының жаңа көлік қатынасы жүйесін» енгізу жұмысы қолға алынды. Бұл жаңа жүйе аясында 2011 жылы көлік қатынасының экологиялық таза түріне жататын жеңіл рельсті трамвай қатынасын іске қосу жоспарға енгізілді. Қаланың Угольная, Бейсекова көшелері арқылы өтетін күре жолдарын іске қосу барысында автокөліктің қоршаған ортаны ластауы біршама азаяды. Осы күре жолдар бойында темір жол қиылысынан өтетін 2 өтпе жол, 3 автокөлік жол айрығы және 3 көпір іске қосылып, жүк таситын 10 мыңнан астам машина кала сыртымен жүру мүмкіндігіне ие болады. 2008 ж. 13 инженерлік құрылғы: 5 автокөлік көпірі, 5 автокөлік жол айрығы және 3 темір жол қиылысынан өтетін өтпе жол пайдалануға беріледі. Сол жағалаудың жоспардағы аудандармен және қаланың орталық бөлігімен көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатымен Есілден өтетін М-3 көпірін салу қолға алынды, сондай-ақ Есілден өтетін М-2 автокөлік көпірі, Ақбұлақ өзенінен өтетін автокөлік көпірі, Манас көшесіндегі көлік нөпірін жеңілдету мақсатымен Иманов және Гумилев көшелері ауданынан автокөлік жол айрығы пайдалануға берілді. «Жасыл аралдағы» көпір мен жол құрылысы аяқталды. Республика даңғылы мен Бараев көшесі қиылысында автокөлік қозғалысының кедергісіз болуын қамтамасыз ету үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Есіл өзенінен өтетін көпірді кеңейтіп, 6 жолақты етіп қайта салу, «Рамстор» сауда орталығы тұсынан жол айрығын жасау қолға алынды.

Қаланың жылу орталықтарында қондырғыларды түбегейлі және кезекті жөндеу кезінде шлак және күл алудың жетілдірілген жүйесі зиянды шығарындыларды сүзіп қалады, мұнда азот оксидімен және күлмен ластану деңгейі 11 %-ға төмендетілген. Промышленный елдімекені қазандығының күлтұтқы қондырғысы жаңадан жабдықталды. Қала атмосферасын ластайтын шығарындыларды азайту және ауаға таралатын газды тазарту дәрежесін төмендетпеудің экологиялық тиімділігі 85-90%-ды құрап отыр. Осы іспетті шаралар Мичурин, Железнодорожный елдімекендері қазандықтарында да іске асырылды.

Қалада жылумен және электрмен қамтамасыз етудің автономды жүйесін пайдалану әлі де қолданылып отыруына байланысты, Астана қаласының энергетика және коммуналды шаруашылық департаменті автономды жылу көздері нысандарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру жобаларын жүзеге асыруды қолға алды, онда 2007-2008 жылдары орталықтандырылған жылу көздеріне «Самал» ықшам ауданы (10 үй, 6 казандық), Ирченко к., 12 (1 үй), Қабанбай батыр (7 үй, 1 қазандық) және Бөгенбай батыр (2 үй, 1 қа-зандық) даңғылдарындағы үйлерді қосу қарастырылған. Бұған қосымша электр қуатын өндірудің экологиялық таза көзі болып табылатын жел электр стансаларын салу да экологияны жақсартудың тағы бір тиімді жолы болуы ықтимал. Осыған орай жел қуатын және жел электр стансасын салу мүмкіндігін зерттеу мақсатында 2006 ж. қазан айының соңында Талдыкөл көлі маңындағы жер телімінен метеорологиялык мачта тұрғызылды.

Астана қаласы экологиялық кешенді мәселелерінің ішінде қала аумағын көгалдандыру ерекше орын алады. Жасыл желектің қала жоспарлық құрылымының ажырамас бір бөлігі және қоршаған ортада аса маңызды қызмет атқарып, оның экологиялық қүндылығын арттыратыны баршаға мәлім.

Қала тұрғындарына жайлы орта жасау мақсатымен, халықтың жиі шоғырланған аймағын табиғатпен біршама үйлестіруге мүмкіндік беретін, «эко-қала» қалыптастыруға бағытталған тұжырым – қаланы көгалдандыру ісі – Астана қаласы бас жоспарының негізгі өзегі болып табылады. Бас жоспарда сонымен қатар көгалдандырудың кеңістіктегі негізгі орталығы – «жасыл дәліз» қалыптастыру көзделген.

1997 ж. қала бойынша көгалдандыру алаңының мөлшері 67,9 га болды. 1998-2002 жылдар аралығында 129,2 га аумақты көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылды. 2003 ж. «Жыл мезгілдері» (5 га), одан кейінгі жылдары «Ақбұлақ», «Олимп» саябақтары іске қосылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға