Жаңалықтар

Мүсін жасауға 11 литр қан берген үндіс

Үндістің қолөнер шебері Хуссаини қаннан мүсін жасайтын әлемдегі жалғыз адам. Жуырда ол Үндістанның Тамилнад штатының бас министрі Джаярам Джаялалитаның бюстын өз қанынан әзірлеп шықты.  Джаялалитаға биыл 65 жыл. Сүйікті шенеунігінің мерейтойына қолөнер шебері өзінің 11 литр қанын жұмсаған. Таң қалмаңыз, адам ағзасында 5 литрдей ғана қан болады деп. Хуссаини 11 литрді 8 жыл бойы тамшыдан жинапты. Енді міне, керек мөлшер жиналғаннан кейін ол сүйікті ісіне кірісті. Мүсіннің жұмысына ұзақ уақыт кеткен жоқ, небәрі бір күнде силикон материалынан бюсттың қаңқасы жасалынды. Кейін сыртынан қанмен қаптап, оны Хуссаини тоңазытқышқа салып, қатырып қойған. Қан мұзға айналғаннан кейін ішіндегі силикон өзі-ақ түсіп қалды. Мүсінді жансыз демесеңіз Джаялалитадан айырмашылығы шамалы. Қазір шебер оны Тамилнадтағы үлкен тоңазытқышқа салып сақтауда. Ал, жақын күндері туынды Нью-Делиге жеткізіледі, көпшіліктің назарына ұсынылу үшін. Бүгінде ел астанасындағы өнер академиясының бір бөлмесін мамандар тоңазытқышқа айналдырып жатыр, мүсінді осында сақтау үшін. Алайда, оның қанша уақытқа дейін тұратыны белгісіз. Өйткені, қаннан жасалған дүние тез бұзылады. Белгілісі, Хуссаинидің қаннан жасалған келесі туындысын өнерсүйер қауым жақын күндері көре алмайды. BAQ.kz
26.02.2013 04:51 3570

Үндістің қолөнер шебері Хуссаини қаннан мүсін жасайтын әлемдегі жалғыз адам. Жуырда ол Үндістанның Тамилнад штатының бас министрі Джаярам Джаялалитаның бюстын өз қанынан әзірлеп шықты. 
Джаялалитаға биыл 65 жыл. Сүйікті шенеунігінің мерейтойына қолөнер шебері өзінің 11 литр қанын жұмсаған. Таң қалмаңыз, адам ағзасында 5 литрдей ғана қан болады деп. Хуссаини 11 литрді 8 жыл бойы тамшыдан жинапты. Енді міне, керек мөлшер жиналғаннан кейін ол сүйікті ісіне кірісті.
Мүсіннің жұмысына ұзақ уақыт кеткен жоқ, небәрі бір күнде силикон материалынан бюсттың қаңқасы жасалынды. Кейін сыртынан қанмен қаптап, оны Хуссаини тоңазытқышқа салып, қатырып қойған. Қан мұзға айналғаннан кейін ішіндегі силикон өзі-ақ түсіп қалды.
Мүсінді жансыз демесеңіз Джаялалитадан айырмашылығы шамалы. Қазір шебер оны Тамилнадтағы үлкен тоңазытқышқа салып сақтауда. Ал, жақын күндері туынды Нью-Делиге жеткізіледі, көпшіліктің назарына ұсынылу үшін. Бүгінде ел астанасындағы өнер академиясының бір бөлмесін мамандар тоңазытқышқа айналдырып жатыр, мүсінді осында сақтау үшін. Алайда, оның қанша уақытқа дейін тұратыны белгісіз. Өйткені, қаннан жасалған дүние тез бұзылады. Белгілісі, Хуссаинидің қаннан жасалған келесі туындысын өнерсүйер қауым жақын күндері көре алмайды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға