Жаңалықтар

2020 жылға дейiн 11 республикалық жастар ұйымын дамыту стратегиясын әзiрлейміз – Жұмағұлов

Қазақстанда 2020 жылға дейiн 11 республикалық жастар ұйымын дамыту стратегиясы әзiрленеді. Бұл туралы бүгiн ҚР Үкiметiнiң отырысы барысында ҚР бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бiз 2020 жылға дейiн 11 республикалық жастар ұйымын дамыту стратегиясын әзiрлейміз. Олардың филиалдық желiлерiн дамытатын боламыз. Сонымен қатар, аймақтық ұйымдарға қолдау көрсетiп, жастардың әлеуметтiк бағдарламалар мен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарға қатысуына жағдай жасаймыз», - дедi Б.Жұмағұлов. Диана Құлмағанбетова
26.02.2013 04:50 2847

Қазақстанда 2020 жылға дейiн 11 республикалық жастар ұйымын дамыту стратегиясы әзiрленеді. Бұл туралы бүгiн ҚР Үкiметiнiң отырысы барысында ҚР бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бiз 2020 жылға дейiн 11 республикалық жастар ұйымын дамыту стратегиясын әзiрлейміз. Олардың филиалдық желiлерiн дамытатын боламыз. Сонымен қатар, аймақтық ұйымдарға қолдау көрсетiп, жастардың әлеуметтiк бағдарламалар мен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарға қатысуына жағдай жасаймыз», - дедi Б.Жұмағұлов.

Диана Құлмағанбетова
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға