Жаңалықтар

«Оскар» сыйлығы иелері анықталды (видео)

Лос-Анджелесте тағатсыздана күткен «Оскар» сыйлығының 85-ші марапаттау рәсімі өтті. «Пи өмірі» атты фильм 11 номинация бойынша байқауға қатысып, төрт «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Энг ЛИ, «Пи өмірі» фильмінің режиссері: - Маған бұл туындыны түсіру барысында Тайвань елі көп көмек көрсетті. Кино түсірілімдері дәл осы елде өткен болатын. Мені қолдаған барлығына алғысым шексіз. Әсіресе, жанұяма үлкен рахмет. «Менің жігітімнің есі дұрыс емес» атты Дэвид Оуэн Расселдің романтикалық комедиясында басты рөлді сомдаған 22 жасар  Дженнифер Лоуренс «Үздік актриса» атанды. Ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін ұзақ жылдар бойы қайғы жұтып, кейіннен өмірін жаңадан бастаған кейіпкерді сомдады. Ал Стивен Спилбергтің туындысында Линкольн президенттің рөлін ойнаған  британдық Дэниэл Дэй-Льюис «актерлік шеберлігі үшін» үздік деп танылды. Виктор Гюго романының желісі бойынша түсірілген «Шеттетілген» мюзиклі бірден үш марапатты жеңіп алды. Сонымен қатар Энн Хэтэуэй «екінші пландағы» үздік рөлі үшін жеңімпаз атанып, туынды «үздік дыбыс» және «үздік гримі үшін» аса мәртебелі сыйлыққа ие  болды. Талай көрерменнің көзайымына айналған Квентин Тарантиноның  «Босатылған Джанго» фильмінде екінші планды сомдаған Кристоф Вальц осыған дейін «Алтын глобус» марапатына ие болған еді. Ол енді «Оскарды» алды.  Кристоф ВАЛЬЦ, актер: - Квентиннің керемет киносында ойнағаным үшін ризамын. Біз түсірілім барысында тауға да шықтық, отқа да түстік. Еш нәрседен қорықпадық. Рөлім менің өте қызықты болды. Күнделікті өмірде де кейіпкерімнің сөздерін қайталап жүремін. Көп-көп рахмет. Тарантиноға үздік сценарийі үшін «Оскар» сыйлығын қанжығасына байлады. «Оскар» сыйлығы – Голливудтың үздік майталмандарын, кино индустриядағы нағыз шеберлерді анықтайтын шара. Кез-келген актер, режиссер және жазушы «Оскарға» жетуді армандайды. Авторы: Мақпал Сержанқызы, 24 KZ
25.02.2013 16:41 4220

Лос-Анджелесте тағатсыздана күткен «Оскар» сыйлығының 85-ші марапаттау рәсімі өтті.

«Пи өмірі» атты фильм 11 номинация бойынша байқауға қатысып, төрт «Оскар» сыйлығын жеңіп алды.

Энг ЛИ, «Пи өмірі» фильмінің режиссері:

- Маған бұл туындыны түсіру барысында Тайвань елі көп көмек көрсетті. Кино түсірілімдері дәл осы елде өткен болатын. Мені қолдаған барлығына алғысым шексіз. Әсіресе, жанұяма үлкен рахмет.

«Менің жігітімнің есі дұрыс емес» атты Дэвид Оуэн Расселдің романтикалық комедиясында басты рөлді сомдаған 22 жасар  Дженнифер Лоуренс «Үздік актриса» атанды. Ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін ұзақ жылдар бойы қайғы жұтып, кейіннен өмірін жаңадан бастаған кейіпкерді сомдады.

Ал Стивен Спилбергтің туындысында Линкольн президенттің рөлін ойнаған  британдық Дэниэл Дэй-Льюис «актерлік шеберлігі үшін» үздік деп танылды.

Виктор Гюго романының желісі бойынша түсірілген «Шеттетілген» мюзиклі бірден үш марапатты жеңіп алды.

Сонымен қатар Энн Хэтэуэй «екінші пландағы» үздік рөлі үшін жеңімпаз атанып, туынды «үздік дыбыс» және «үздік гримі үшін» аса мәртебелі сыйлыққа ие  болды.

Талай көрерменнің көзайымына айналған Квентин Тарантиноның  «Босатылған Джанго» фильмінде екінші планды сомдаған Кристоф Вальц осыған дейін «Алтын глобус» марапатына ие болған еді. Ол енді «Оскарды» алды. 

Кристоф ВАЛЬЦ, актер:

- Квентиннің керемет киносында ойнағаным үшін ризамын. Біз түсірілім барысында тауға да шықтық, отқа да түстік. Еш нәрседен қорықпадық. Рөлім менің өте қызықты болды. Күнделікті өмірде де кейіпкерімнің сөздерін қайталап жүремін. Көп-көп рахмет.

Тарантиноға үздік сценарийі үшін «Оскар» сыйлығын қанжығасына байлады.

«Оскар» сыйлығы – Голливудтың үздік майталмандарын, кино индустриядағы нағыз шеберлерді анықтайтын шара. Кез-келген актер, режиссер және жазушы «Оскарға» жетуді армандайды.

Авторы: Мақпал Сержанқызы, 24 KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға