Жаңалықтар

Архитектурасы және қала құрылысы 1891-1910 ж.ж.

1892 жылы ақ тастан әулие Александр Невский шіркеуі салынды. Ғибадатхананың қабырғаларын орыстың ұлы суретшісі А. Васнецов шәкірті жүзеге асырған бірегей қабырға өрнек суреттер безендіріп тұрды. Ақшаңқан, биік еңселі шеңбер күмбезді осынау шіркеу қаланы келбеттендіріп, алыстан көз тартатын. Ал Александр Невский ғибадатханасы тұрғызылғаннан кейін ағаштан салынған Костантин-Елена шіркеуін бұрынғы қазақ слободкасының аумағына көшіру туралы шешім қабылданды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы Ақмола сәулет-құрылысының тарихындағы гүлденген кезең еді. Дәл осы кезеңде Ақмолада тарихи-мәдени құндылыққа ие, 19 және 20 ғасырлар тоғысындағы құрылыс өнерінің ескерткіші ретінде көркемдік талғамымен, мінсіз сақталуымен ерекшеленетін ғимараттар салынды. Ауқатты қалалықтар үшін үйдің астыңғы бөлігінің болуы үйреншікті жағдай еді. Астыңғы үй (подклеть), кірпіш қабырғалы жартылай қабат негізінен қойма немесе шаруашылық бөлме ретінде пайдаланылды. Бұған мысал ретінде қазірге дейін құрылысы сақталған, көпес Семеновтың үйін (Бейбітшілік көшесі, 17), көпес Кубриннің үйін (қазіргі Украина елшілігі), көпес Моисеевтің үйін (қазіргі мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған госпиталь), т.б. атауға болады. Сәулеті жағынан алғанда ағаштан салынған үйлер сәндік бай нақышымен ерекшеленді, маңдайша, шатыр үшкілі, терезе қақпағы, есік жақтауы ағаш оймышпен безендірілді. Өрнектеп қалау әдісімен жасалған тас ғимараттың қасбеті өрнектердің үйлесімді тарамдалуымен және кірпіштен қалаған қабырғаның бетіне салынған қашамалы үлгілердің алуан түрлілігімен, әшекейлерінің көркемдігімен таңдандырады. Осы кезеңде қалада алғашқы бақтар өсіріліп, саябақтар жасала бастады. Нақтырақ айтқанда, подполковник Троицкийдің бастамасымен қалалық саябақтың, әскери команданың бастығы Трегубенко мен аға офицер Жузловтың бастамасымен Әскери бақтың (қазір бұл жерде Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион орналасқан) негізі қаланды, аптека иесі Путилов Есіл жанындағы саябақ – тәлімбақтың (питомник) алғашқы көшеттерін отырғызды. Сол кезде қаланың құрылысын жүргізуге және сәулеттік келбетін қалыптастыруға шынайы көңіл бөлінді. Оған мына жайттар дәлел: мысалы, қаланың бірнеше Бас жобасы жасалып, 1910 жылы бас сәулетші қызметі енгізіледі. Бұл қызметке А.Д. Павлович тағайындалады. Революция және азаматтық соғыс жылдарында экономикалық ахуал тығырыққа тіреліп, қала аумағының өсуі тоқталды. Құрылыс жұмыстары да жүргізілмеді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
25.02.2013 09:58 3109

1892 жылы ақ тастан әулие Александр Невский шіркеуі салынды. Ғибадатхананың қабырғаларын орыстың ұлы суретшісі А. Васнецов шәкірті жүзеге асырған бірегей қабырға өрнек суреттер безендіріп тұрды. Ақшаңқан, биік еңселі шеңбер күмбезді осынау шіркеу қаланы келбеттендіріп, алыстан көз тартатын. Ал Александр Невский ғибадатханасы тұрғызылғаннан кейін ағаштан салынған Костантин-Елена шіркеуін бұрынғы қазақ слободкасының аумағына көшіру туралы шешім қабылданды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы Ақмола сәулет-құрылысының тарихындағы гүлденген кезең еді. Дәл осы кезеңде Ақмолада тарихи-мәдени құндылыққа ие, 19 және 20 ғасырлар тоғысындағы құрылыс өнерінің ескерткіші ретінде көркемдік талғамымен, мінсіз сақталуымен ерекшеленетін ғимараттар салынды. Ауқатты қалалықтар үшін үйдің астыңғы бөлігінің болуы үйреншікті жағдай еді. Астыңғы үй (подклеть), кірпіш қабырғалы жартылай қабат негізінен қойма немесе шаруашылық бөлме ретінде пайдаланылды. Бұған мысал ретінде қазірге дейін құрылысы сақталған, көпес Семеновтың үйін (Бейбітшілік көшесі, 17), көпес Кубриннің үйін (қазіргі Украина елшілігі), көпес Моисеевтің үйін (қазіргі мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған госпиталь), т.б. атауға болады. Сәулеті жағынан алғанда ағаштан салынған үйлер сәндік бай нақышымен ерекшеленді, маңдайша, шатыр үшкілі, терезе қақпағы, есік жақтауы ағаш оймышпен безендірілді. Өрнектеп қалау әдісімен жасалған тас ғимараттың қасбеті өрнектердің үйлесімді тарамдалуымен және кірпіштен қалаған қабырғаның бетіне салынған қашамалы үлгілердің алуан түрлілігімен, әшекейлерінің көркемдігімен таңдандырады. Осы кезеңде қалада алғашқы бақтар өсіріліп, саябақтар жасала бастады. Нақтырақ айтқанда, подполковник Троицкийдің бастамасымен қалалық саябақтың, әскери команданың бастығы Трегубенко мен аға офицер Жузловтың бастамасымен Әскери бақтың (қазір бұл жерде Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион орналасқан) негізі қаланды, аптека иесі Путилов Есіл жанындағы саябақ – тәлімбақтың (питомник) алғашқы көшеттерін отырғызды. Сол кезде қаланың құрылысын жүргізуге және сәулеттік келбетін қалыптастыруға шынайы көңіл бөлінді. Оған мына жайттар дәлел: мысалы, қаланың бірнеше Бас жобасы жасалып, 1910 жылы бас сәулетші қызметі енгізіледі. Бұл қызметке А.Д. Павлович тағайындалады. Революция және азаматтық соғыс жылдарында экономикалық ахуал тығырыққа тіреліп, қала аумағының өсуі тоқталды. Құрылыс жұмыстары да жүргізілмеді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға