Жаңалықтар

Латынша қазақ әліпбиі ұсынылды

Ғалымдар компьютер клавиатурасындағы латынның 26 әрпі мен бір ғана белгіні (аксант граф) пайдалана отырып, қазақ әліпбиін жасап шығарды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбайдың жобасы бойынша қазірдің өзінде кез келген компьютерде латын қарпімен қазақша жаза беруге болады. Қазіргі таңда латын әліпбиін енгізу, әлде енгізбеу туралы пікірталас аяқталған. «Ендігі мәселе – әліпбиді таңдап алуда» деді сенатор Ғарифолла Есім. Ол бұл мә­селені биыл шешу қажеттігіне тоқта­лып, профессор Шәріпбайдың жобасын әріптестерінің талқысына салуды ұсынды. – Ақпараттық-технологиялық за­манда жаңа жазуды енгізгенде заманауи талап­тар ескерілуі шарт. Яғни оны ком­пьютер­де, интернетте қолданғанда қан­шалық­ты тиімді әрі оңай болмақ? Мәсе­лен, клас­сикалық латын әліпбиінен тыс әріптер­мен компьютерде жұмыс істеу үшін қо­сымша шрифтер, драйверлер және сұ­рыптау программалары қажет. Бұл қыруар қаржы мен жұмыс күшін талап ететіні түсінікті. Яғни жаңа жазуды қа­зіргі кез келген компьютерде орна­тыл­­­ған 26 әріптік классикалық латын әліп­­биін­де жасаған тиімді, – дейді профес­­сор Шә­ріпбай.  Мұны латын жазуын қабылдаған кейбір елдердің тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Классикалық латын әліпбиінен тыс 6 әріпті қолданып отырған түрік әліп­биін компьютерлендіруде мәселелер туындағанын айтады маман. Ал 1993 жылы қабылданған өзбек әліпбиі­нің осындай қосымша әріптері болғандық­тан, екі жылдан кейін ақпараттық тех­но­логияларды тиімді пайдалану мақсатын­да оларды алып тастап, әліпбиді қайта өзгерткен. 2004 жылғы әзірбайжан­ның латын әліпбиінде де осындай әріптер бар. Енді әзірбайжандар әліпбиін клас­сикалық латынға өзгерту туралы ұсы­ныстарды талқылап, ойлануда. Сондықтан қазақтың жаңа әліпбиін жасаған кезде де дыбыстарды компью­тердің пернетақтасындағы таңбалармен ғана белгілеу керек деп есептейді ғалым. Бұл компьютерлік және телекомму­никациялық құралдар арқылы қазақ тілінде ешқандай кедергісіз жазбаша қатынасуға жол ашады. Себебі ондай құралдардың кейбіреуінде классикалық латын әліпбиінен тысқары әріптері бар ұлттық тілдерді қолдауға қажетті пер­нетақта, шрифтер мен драйверлерді ор­натуға мүмкіндік жоқ.  Сонымен бірге жаңа әліпби тек қана қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негіз­деліп жасалуы керектігін алға тартады жоба авторы. Бұл дыбыстардың қазақ­ша айтылуы мен жазылуын сәйкестенді­ріп, қазақ тілін оқуды жеңілдетіп, мемлекет­тік тіл ретінде басқа тілдерге тәуелсізді­гін дамытады. Мәселен, қазір қазақ тілін­дегі кейбір халықаралық терминдер орыс тілі заңдылығына сәйкес жасалғаны мәлім. Енді латын қарпін енгізген кезде тер­мин­дерді қазақ тілі заңдылықтарына сай беру қажеттілігі туындайды. Ал классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады. Бірақ қазақ тілінің 28 төл дыбысы ( 9 дауысты және 19 дауыссыз) бар. 1929 жылғы реформа кезінде да­уыс­сыз «х – һ» қосылып, жалпы, дыбыстар саны 29 болыпты. Ал қазіргі әліпбидегі әріптердің бәрі қазақ тілінде пайда­ла­нылып отыр ма? Мамандар компьютер арқылы қазіргі әліпбимен жазылған қа­зақ мәтіндер жинағындағы әріптердің кездесу жиілігін анықтаған. Сонда 100 миллион әріп қамтитын мәтінде а әрпі­нің кездесу жиілігі – 12,25 пайыз болса, ё әр­пінің кездесу жиілігі – 0,00 пайыз, һ әрпінікі – 0,01, ъ әрпінікі – 0,02, ч әр­пінікі – 0,03 пайыз болған. Яғни, қазіргі қолданыстағы әліпбидегі кейбір әріптер сөздік айналымда мүлдем жоқ. Осыған сәйкес жаңа әліпбиде қазақ тілінің дыбысталуына жат 11 әріп (ё,һ,и, ц,ч,щ, ъ,ь,э,ю,я) алынып тасталған. Сонда әліпбиде белгіленуі тиіс 31 әріп қалады. Ал классикалық латын әліпбиінде барлығы 26 әріп барын ескерсек, қо­сымша белгілеуді қажет ететін 5 қазақтың дыбысы қалады. Олар: ә, ө, ү, ж,ң. Ағыл­шын, өзбек сияқты тілдерде бір дыбыс екі әріппен беріледі. Қазақ тілінде бұл әдісті қолданғанда кейбір сөздердің оқылуы дұрыс болмай, немесе бөлек сөздердің жазылулары бірдей болып кету мәселесі туындаған. Онда не істеу керек? Мамандар ең алдымен ә, ө, ү, ж,ң әріп­терін белгілегенде оларды a, o, u, y, z, n әріптерінің сыңары ретінде беруді құп көреді. Онда оларды компьютер клавиатурасындағы 26 әріптің аясына қалай сыйғызуға болады? «Әдетте біз мәтінді пернетақтаның тек төменгі ре­гистрі арқылы (shif батырмасын бас­пай) тереміз. Бізге цифрлар, жақшалар, ариф­метикалық амалдар таңбалары, ты­ныс белгілері, тырнақшалар және көлденең сызықшалардан басқа таңба керек» дей­ді сарапшы. Ондай таңбалар екеу ғана: ’ аксант эгю (э батырмасы) және `  аксант граф (ё батырмасы). Мұндағы аксант эгю таңбасы қосақталып, мәтіндегі тырнақ­ша ретінде, ‘ ’ жиі кез­деседі, себебі ол кез келген таңбаның алдында ‘ түрінде, ал таңбадан кейін ’ түрінде бейнеленеді. Сонда пернетақтада қолданылма­ған жалғыз аксант граф таңбасы қалды. Оны қазақтың ә, ө, ү, ң, ж дыбыстарын қос таңба арқылы белгілеу үшін қолдануға болады деп есептейді жоба авторы. Яғни қосымша бес әріп былай таңбала­на­ды: a`, o`, u`, n`, z`. Бұл бір жағынан сөздер­дің жазылуын тым ұзартпайтындығын айтады маман. Мы­салы, әңгіме = a`n`gime, теңге = ten`ge, даңғыра = dan`hyra, жыл = z`yl. Сонда классикалық латын әліпбиінің барлық 26 әрпін қолдана отырып, қазақтың барлық сөздері осылай оңай беріледі.  Мамандар жаңа әліпби негізінде кез келген кітап, оқулықтың электронды нұс­қасын жылдам латын қарпіне ауыс­тыруға болатындығын айтады. Мәселен, қазірдің өзінде интернет тұтынушы www.alphabet.kz сайты арқылы қазақша мә­тінді ұсынылып отырған латын жазуына өзі ауыстыра алады. Айжан Көшкенова Айқын
25.02.2013 04:23 4867

Ғалымдар компьютер клавиатурасындағы латынның 26 әрпі мен бір ғана белгіні (аксант граф) пайдалана отырып, қазақ әліпбиін жасап шығарды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбайдың жобасы бойынша қазірдің өзінде кез келген компьютерде латын қарпімен қазақша жаза беруге болады.

Қазіргі таңда латын әліпбиін енгізу, әлде енгізбеу туралы пікірталас аяқталған. «Ендігі мәселе – әліпбиді таңдап алуда» деді сенатор Ғарифолла Есім. Ол бұл мә­селені биыл шешу қажеттігіне тоқта­лып, профессор Шәріпбайдың жобасын әріптестерінің талқысына салуды ұсынды.

– Ақпараттық-технологиялық за­манда жаңа жазуды енгізгенде заманауи талап­тар ескерілуі шарт. Яғни оны ком­пьютер­де, интернетте қолданғанда қан­шалық­ты тиімді әрі оңай болмақ? Мәсе­лен, клас­сикалық латын әліпбиінен тыс әріптер­мен компьютерде жұмыс істеу үшін қо­сымша шрифтер, драйверлер және сұ­рыптау программалары қажет. Бұл қыруар қаржы мен жұмыс күшін талап ететіні түсінікті. Яғни жаңа жазуды қа­зіргі кез келген компьютерде орна­тыл­­­ған 26 әріптік классикалық латын әліп­­биін­де жасаған тиімді, – дейді профес­­сор Шә­ріпбай. 

Мұны латын жазуын қабылдаған кейбір елдердің тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Классикалық латын әліпбиінен тыс 6 әріпті қолданып отырған түрік әліп­биін компьютерлендіруде мәселелер туындағанын айтады маман. Ал 1993 жылы қабылданған өзбек әліпбиі­нің осындай қосымша әріптері болғандық­тан, екі жылдан кейін ақпараттық тех­но­логияларды тиімді пайдалану мақсатын­да оларды алып тастап, әліпбиді қайта өзгерткен. 2004 жылғы әзірбайжан­ның латын әліпбиінде де осындай әріптер бар. Енді әзірбайжандар әліпбиін клас­сикалық латынға өзгерту туралы ұсы­ныстарды талқылап, ойлануда.

Сондықтан қазақтың жаңа әліпбиін жасаған кезде де дыбыстарды компью­тердің пернетақтасындағы таңбалармен ғана белгілеу керек деп есептейді ғалым. Бұл компьютерлік және телекомму­никациялық құралдар арқылы қазақ тілінде ешқандай кедергісіз жазбаша қатынасуға жол ашады. Себебі ондай құралдардың кейбіреуінде классикалық латын әліпбиінен тысқары әріптері бар ұлттық тілдерді қолдауға қажетті пер­нетақта, шрифтер мен драйверлерді ор­натуға мүмкіндік жоқ. 

Сонымен бірге жаңа әліпби тек қана қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негіз­деліп жасалуы керектігін алға тартады жоба авторы. Бұл дыбыстардың қазақ­ша айтылуы мен жазылуын сәйкестенді­ріп, қазақ тілін оқуды жеңілдетіп, мемлекет­тік тіл ретінде басқа тілдерге тәуелсізді­гін дамытады. Мәселен, қазір қазақ тілін­дегі кейбір халықаралық терминдер орыс тілі заңдылығына сәйкес жасалғаны мәлім. Енді латын қарпін енгізген кезде тер­мин­дерді қазақ тілі заңдылықтарына сай беру қажеттілігі туындайды.
Ал классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады. Бірақ қазақ тілінің 28 төл дыбысы ( 9 дауысты және 19 дауыссыз) бар. 1929 жылғы реформа кезінде да­уыс­сыз «х – һ» қосылып, жалпы, дыбыстар саны 29 болыпты. Ал қазіргі әліпбидегі әріптердің бәрі қазақ тілінде пайда­ла­нылып отыр ма? Мамандар компьютер арқылы қазіргі әліпбимен жазылған қа­зақ мәтіндер жинағындағы әріптердің кездесу жиілігін анықтаған. Сонда 100 миллион әріп қамтитын мәтінде а әрпі­нің кездесу жиілігі – 12,25 пайыз болса, ё әр­пінің кездесу жиілігі – 0,00 пайыз, һ әрпінікі – 0,01, ъ әрпінікі – 0,02, ч әр­пінікі – 0,03 пайыз болған. Яғни, қазіргі қолданыстағы әліпбидегі кейбір әріптер сөздік айналымда мүлдем жоқ. Осыған сәйкес жаңа әліпбиде қазақ тілінің дыбысталуына жат 11 әріп (ё,һ,и, ц,ч,щ, ъ,ь,э,ю,я) алынып тасталған. Сонда әліпбиде белгіленуі тиіс 31 әріп қалады. Ал классикалық латын әліпбиінде барлығы 26 әріп барын ескерсек, қо­сымша белгілеуді қажет ететін 5 қазақтың дыбысы қалады. Олар: ә, ө, ү, ж,ң. Ағыл­шын, өзбек сияқты тілдерде бір дыбыс екі әріппен беріледі. Қазақ тілінде бұл әдісті қолданғанда кейбір сөздердің оқылуы дұрыс болмай, немесе бөлек сөздердің жазылулары бірдей болып кету мәселесі туындаған. Онда не істеу керек?

Мамандар ең алдымен ә, ө, ү, ж,ң әріп­терін белгілегенде оларды a, o, u, y, z, n әріптерінің сыңары ретінде беруді құп көреді. Онда оларды компьютер клавиатурасындағы 26 әріптің аясына қалай сыйғызуға болады? «Әдетте біз мәтінді пернетақтаның тек төменгі ре­гистрі арқылы (shif батырмасын бас­пай) тереміз. Бізге цифрлар, жақшалар, ариф­метикалық амалдар таңбалары, ты­ныс белгілері, тырнақшалар және көлденең сызықшалардан басқа таңба керек» дей­ді сарапшы. Ондай таңбалар екеу ғана: ’ аксант эгю (э батырмасы) және `  аксант граф (ё батырмасы). Мұндағы аксант эгю таңбасы қосақталып, мәтіндегі тырнақ­ша ретінде, ‘ ’ жиі кез­деседі, себебі ол кез келген таңбаның алдында ‘ түрінде, ал таңбадан кейін ’ түрінде бейнеленеді. Сонда пернетақтада қолданылма­ған жалғыз аксант граф таңбасы қалды. Оны қазақтың ә, ө, ү, ң, ж дыбыстарын қос таңба арқылы белгілеу үшін қолдануға болады деп есептейді жоба авторы. Яғни қосымша бес әріп былай таңбала­на­ды: a`, o`, u`, n`, z`. Бұл бір жағынан сөздер­дің жазылуын тым ұзартпайтындығын айтады маман. Мы­салы, әңгіме = a`n`gime, теңге = ten`ge, даңғыра = dan`hyra, жыл = z`yl. Сонда классикалық латын әліпбиінің барлық 26 әрпін қолдана отырып, қазақтың барлық сөздері осылай оңай беріледі. 

Мамандар жаңа әліпби негізінде кез келген кітап, оқулықтың электронды нұс­қасын жылдам латын қарпіне ауыс­тыруға болатындығын айтады. Мәселен, қазірдің өзінде интернет тұтынушы www.alphabet.kz сайты арқылы қазақша мә­тінді ұсынылып отырған латын жазуына өзі ауыстыра алады.

Айжан Көшкенова

Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға