Жаңалықтар

Күйшілер байқауы өтті (видео)

Павлодарда Рүстембек Омаровқа арналған күйшілердің облыстық байқауы өтті. Тұлғаның өнерін дәріптеп, оның есімін ұлықтауды мақсатында аталған байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Күйші Рүстембек Омаров Ахмет Жұбанов құрған ұлт аспаптар орекстрінде домбырашы болған. Өнерпаз Құманғазының күйлерін шебер орындаушы, Дина Нұрпейісованың көзін көрген күйші ретінде танымал. Роза ҚАДЫСОВА, Павлодар облыстық мәдениет басқармасының бастығы: - Оны талантты домбырашы ретінде танимыз. Сондай-ақ ол «Жастық шақ» деген күй қалдырыпты, өкінішке орай қазіргі кезде ол күй ұмытылып бара жатыр. Сондықтан «Жастық шақ» күйін орындауды байқаудың бір шарты ретінде белгіледік. Байқауға 18 бен 35  жас аралығындағы домбырашылар қатысты. Қазылар олардың орындаушылық шеберлігіне қарай баға берді. Қошқарбай ТАСБАРГЕН, қазылар алқасының төрағасы: - Оны дүние жүзіндегі әдебиеттерді жатқа біледі десем артық айтпаймын. Ол кісінің күйді орындауы ерекше, ешкімге ұқсамайды. Академик Ахмет Жұбановтың кітабында Құманғазының күйлерін орындаудағы бірінші адам ретінде жазылған. Павлодарда күйшілікке ден қойған өнерлі жас көптеп өсіп келеді. Рүстембек Омаров атындағы байқауда үздік күйші атағына таласқан 22 өнерпаздың бірі -  Олжас Кауменов. Олжас КАУМЕНОВ, байқау жүлдегері: - Осы байқау мен үшін өте маңызды. Мұнда екі күй, атап айтқанда, Құрманғазының күйі «Төремұрат», Қаратау шертпесі Сүгірдің күйін орындадым. Рүстембек Омаров жерлесіміз және біз оның өнерін біз жалғастырамыз. Аталған байқау облыстық деңгейде өтуде. Ұйымдастырушылар енді бұл байқауды республикалық деңгейге өткізуді жоспарлап отыр. Шара екі күнге созылып, жеңімпаздар мен төрешілік жасаған танымал күйшілердің концертімен аяқталды. Авторлар: Қарлығаш Қасиетова, Алексей Омельнийцкий, Марат Игіліков, 24 KZ
24.02.2013 14:16 6247

Павлодарда Рүстембек Омаровқа арналған күйшілердің облыстық байқауы өтті.

Тұлғаның өнерін дәріптеп, оның есімін ұлықтауды мақсатында аталған байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Күйші Рүстембек Омаров Ахмет Жұбанов құрған ұлт аспаптар орекстрінде домбырашы болған. Өнерпаз Құманғазының күйлерін шебер орындаушы, Дина Нұрпейісованың көзін көрген күйші ретінде танымал.

Роза ҚАДЫСОВА, Павлодар облыстық мәдениет басқармасының бастығы:

- Оны талантты домбырашы ретінде танимыз. Сондай-ақ ол «Жастық шақ» деген күй қалдырыпты, өкінішке орай қазіргі кезде ол күй ұмытылып бара жатыр. Сондықтан «Жастық шақ» күйін орындауды байқаудың бір шарты ретінде белгіледік.

Байқауға 18 бен 35  жас аралығындағы домбырашылар қатысты. Қазылар олардың орындаушылық шеберлігіне қарай баға берді.

Қошқарбай ТАСБАРГЕН, қазылар алқасының төрағасы:

- Оны дүние жүзіндегі әдебиеттерді жатқа біледі десем артық айтпаймын. Ол кісінің күйді орындауы ерекше, ешкімге ұқсамайды. Академик Ахмет Жұбановтың кітабында Құманғазының күйлерін орындаудағы бірінші адам ретінде жазылған.

Павлодарда күйшілікке ден қойған өнерлі жас көптеп өсіп келеді. Рүстембек Омаров атындағы байқауда үздік күйші атағына таласқан 22 өнерпаздың бірі -  Олжас Кауменов.

Олжас КАУМЕНОВ, байқау жүлдегері:

- Осы байқау мен үшін өте маңызды. Мұнда екі күй, атап айтқанда, Құрманғазының күйі «Төремұрат», Қаратау шертпесі Сүгірдің күйін орындадым. Рүстембек Омаров жерлесіміз және біз оның өнерін біз жалғастырамыз.

Аталған байқау облыстық деңгейде өтуде. Ұйымдастырушылар енді бұл байқауды республикалық деңгейге өткізуді жоспарлап отыр. Шара екі күнге созылып, жеңімпаздар мен төрешілік жасаған танымал күйшілердің концертімен аяқталды.

Авторлар: Қарлығаш Қасиетова, Алексей Омельнийцкий, Марат Игіліков, 24 KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға