Жаңалықтар

Су ішіндегі орман (фото)

Каддо өзені АҚШ-тың Техас штатында орналасқан. Планетамыздағы ең үлкен сауырағаштар өсетін орманы бар қорық дәл осы аумақта жатыр. Қорық мемлекет қорғауына алынған. Көрген көзді ынтықтырып, "Неткен тамаша! Неткен ғажап!" дегізетін мына бір көрініс табиғаттың қолдауымен пайда болған. ХІХ ғасырдың басында Каддо өзенінің ағысын қоқыс пен бөренелердің кептелісі тоқтатып тастаған болатын. Ал өзеннің жағалауында өмір сүретін құндыздар бұл кептелісті өздерінің бөгеттерімен нығайтады. Бұдан кейін өзен жолы біржола жабылып қалады да, мынадай таңғажайып мекен пайда болады. Судағы сауырағаштардың түзілісі әртүрлі болып келеді. Олардың арасынан "сауырағаштың тізесі" деп аталатын түрлерін де кездестіруге әбден болады.  Қорықтың есігі туристер қауымына жыл он екі ай бойы ашық. Алайда өзеннің сұлулығын көрем деушілерге қазан айының соңы мен қараша айының орта тұсы ең ыңғайлы кезең болмақшы. Бұл кезде сауырағаштар "көйлектерін" ауыстырып, ерекше сұлулыққа бөленеді. Қорықта екі жүзден астам бұталар мен ағаштар бар. Олардың арасында ең көп таралғаны - "Bald Cypress" аталатын сауырағаштар екен. Бұл түрдің ерекшелігі - олар басқаларға қарағанда қыс мезгілінде жапырақтарын жерге тастайды. Сондықтан, адамдар оған "тақырбас" деген екінші атты тақты. Өзеннен жүз жастан асқан сауырағаштарды кездестіруге болады. Бақтарына орай, сауырағаштардың тамыр жүйесі өте мықты болып келеді. Сауырағаштар сол тамырлардың арқасында ең қатты деген дауылдарға төтеп беруге күштері жетеді. Алдыңыздағы суреттерді көріп, "Орман ба? Өзен бе?" деп таңқалып отырған боларсыз. Сауалыңызға жауап алғыңыз келсе, Каддо өзеніне аттаныңыз! Дайындаған: Айгерім Сматуллаева http://massaget.kz
23.02.2013 15:58 5017

Каддо өзені АҚШ-тың Техас штатында орналасқан. Планетамыздағы ең үлкен сауырағаштар өсетін орманы бар қорық дәл осы аумақта жатыр. Қорық мемлекет қорғауына алынған.

Көрген көзді ынтықтырып, "Неткен тамаша! Неткен ғажап!" дегізетін мына бір көрініс табиғаттың қолдауымен пайда болған.

ХІХ ғасырдың басында Каддо өзенінің ағысын қоқыс пен бөренелердің кептелісі тоқтатып тастаған болатын. Ал өзеннің жағалауында өмір сүретін құндыздар бұл кептелісті өздерінің бөгеттерімен нығайтады. Бұдан кейін өзен жолы біржола жабылып қалады да, мынадай таңғажайып мекен пайда болады.

Судағы сауырағаштардың түзілісі әртүрлі болып келеді. Олардың арасынан "сауырағаштың тізесі" деп аталатын түрлерін де кездестіруге әбден болады. 

Қорықтың есігі туристер қауымына жыл он екі ай бойы ашық. Алайда өзеннің сұлулығын көрем деушілерге қазан айының соңы мен қараша айының орта тұсы ең ыңғайлы кезең болмақшы. Бұл кезде сауырағаштар "көйлектерін" ауыстырып, ерекше сұлулыққа бөленеді.

Қорықта екі жүзден астам бұталар мен ағаштар бар. Олардың арасында ең көп таралғаны - "Bald Cypress" аталатын сауырағаштар екен. Бұл түрдің ерекшелігі - олар басқаларға қарағанда қыс мезгілінде жапырақтарын жерге тастайды. Сондықтан, адамдар оған "тақырбас" деген екінші атты тақты. Өзеннен жүз жастан асқан сауырағаштарды кездестіруге болады.

Бақтарына орай, сауырағаштардың тамыр жүйесі өте мықты болып келеді. Сауырағаштар сол тамырлардың арқасында ең қатты деген дауылдарға төтеп беруге күштері жетеді.

Алдыңыздағы суреттерді көріп, "Орман ба? Өзен бе?" деп таңқалып отырған боларсыз. Сауалыңызға жауап алғыңыз келсе, Каддо өзеніне аттаныңыз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға