Жаңалықтар

Өмірбаяны

Қыпшақова Гүлшат Нүсіпжанқызы Г.Қыпшақова 1958 жылы 23 желтоқсанда Хантәңірі баурайында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының драма және кино актрисасы бөлімін бітірген. Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1979 жылдан бері еңбек етіп келеді. Республикалық және Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты. Дебюті В.Шекспирдің Дездемонасымен басталған Г.Қыпшақова бір спектакльде бірнеше рөл сомдай білетін (Ә.Таразидің «Қыл көпірінде» әке ролін, жас қызды және кәрі кемпірді, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түнінде» Айсұлу, Махаббат, Ду Дау ханшаны; Ғаппаровтың «Қиямет қайым – Киотосында» Зылиқа, актриса, Гауһар қыз рөлдері) шеберлігімен қандай рөл болмасын кейіпкердің жан-дүниесі мен жасына, шыққан тегіне тән мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, тіпті дауыс тембрын дөп басып, біте қайнасып кететін қабілетті, ерекше сезімтал, сергек әрі өте еңбекқор актриса. Ол – сан қырлы, жан-жақты. Образдардың өміршеңдігіне, қарапайымдылығына үлкен мән береді. Әнші, биші және шығармашылық ұйымдастыру қабілеті аса зор және ұлағатты ұстаз-актриса. Шәкірттерінің алды түрлі фестивальдердің лауреаты атанып, өзімен бірге және өзге театрларда жемісті қызмет етіп келеді. Актриса Г.Қыпшақова В.Шекспирдің Дездемонасынан (1979 ж.) кейін, Офелиясын (1985 ж.), Титания (1986 ж.), Леди Аннасын (2004 ж.) және қазақ арулары Баянды (1979 ж.), Еңлік (1984 ж.), Айман (1991 ж.), Құртқа (1997 ж.), махаббат пен сұлулық пірі атанған Айша бибіні (1987 ж.), қасиетті анамыз – Домалақ ана Нүрилланы (2009 ж.) және символиялық бейнелердің шебері: Ай, Жаз, Махаббат, Ана Дала, қырық шілтендер падишасы Титанияны және Жер Ана (2011 ж.) т.б.; ал ертігілерде: түлкі (1994 ж.), ақтышқан Машенька (1995 ж.), Боз бие (1999 ж.), Сұлу бикеш (1998 ж.) т.б. рөлдерді тамаша ойнады. Тағдыры да, жасы да, ұлты да әр түрлі, әр қилы 60-қа жуық образдар жасап, халықтың сый-сияпатына, ризашылығына бөленіп жүрген табиғи дарын иесі. Өзіне де, өзгеге де зор талап қоятын талғамы өте жоғары кемелденген маман. Г.Қыпшақова қоғамдық жұмыстан да қол үзген емес. 1987-1989 жылдары қалалық мәслихат кеңесінің депутаты, көркемдік кеңес мүшесі, «Қазақстан театр қайраткерлері Одағы» жергілікті бөлімшесінің төрайымы болды. Қосымша «драма», «тіл мәдениеті», «мәнерлеп оқу» үйірмелерінде жұмыс істейді, жас ұрпақтың әсем де рухы биік азамат болып қалыптасуына атсалысуда. Бұл еткен еңбегі үшін ол облыстық білім басқармасының, «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталды. 1999 жылы Бішкек қаласында өткен «Ш.Айтматов және Театр» атты халықаралық театр фестивалінде «Сократ түні» спектаклінде ойнаған үш рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесіне ие болды. Ал, 2003 жылы Н.Сацтың 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде «Құлыншақ пен Бөлтірік» спектакліндегі Ана Дала рөлі үшін фестиваль лауреаты және 2011 жылдың театр өнеріндегі айырықша шығармашылық табыстары үшін жылдың «Ең үздік актрисасы» атанып, Қазақстан театр қайраткерлері Одағының «Еңлікгүл» кәсіби сыйлығының лауреаты атанды. Г.Қыпшақова – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
22.02.2013 11:19 4932

Қыпшақова Гүлшат Нүсіпжанқызы

Г.Қыпшақова 1958 жылы 23 желтоқсанда Хантәңірі баурайында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының драма және кино актрисасы бөлімін бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1979 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Республикалық және Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты. Дебюті В.Шекспирдің Дездемонасымен басталған Г.Қыпшақова бір спектакльде бірнеше рөл сомдай білетін (Ә.Таразидің «Қыл көпірінде» әке ролін, жас қызды және кәрі кемпірді, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түнінде» Айсұлу, Махаббат, Ду Дау ханшаны; Ғаппаровтың «Қиямет қайым – Киотосында» Зылиқа, актриса, Гауһар қыз рөлдері) шеберлігімен қандай рөл болмасын кейіпкердің жан-дүниесі мен жасына, шыққан тегіне тән мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, тіпті дауыс тембрын дөп басып, біте қайнасып кететін қабілетті, ерекше сезімтал, сергек әрі өте еңбекқор актриса. Ол – сан қырлы, жан-жақты. Образдардың өміршеңдігіне, қарапайымдылығына үлкен мән береді. Әнші, биші және шығармашылық ұйымдастыру қабілеті аса зор және ұлағатты ұстаз-актриса. Шәкірттерінің алды түрлі фестивальдердің лауреаты атанып, өзімен бірге және өзге театрларда жемісті қызмет етіп келеді.
Актриса Г.Қыпшақова В.Шекспирдің Дездемонасынан (1979 ж.) кейін, Офелиясын (1985 ж.), Титания (1986 ж.), Леди Аннасын (2004 ж.) және қазақ арулары Баянды (1979 ж.), Еңлік (1984 ж.), Айман (1991 ж.), Құртқа (1997 ж.), махаббат пен сұлулық пірі атанған Айша бибіні (1987 ж.), қасиетті анамыз – Домалақ ана Нүрилланы (2009 ж.) және символиялық бейнелердің шебері: Ай, Жаз, Махаббат, Ана Дала, қырық шілтендер падишасы Титанияны және Жер Ана (2011 ж.) т.б.; ал ертігілерде: түлкі (1994 ж.), ақтышқан Машенька (1995 ж.), Боз бие (1999 ж.), Сұлу бикеш (1998 ж.) т.б. рөлдерді тамаша ойнады. Тағдыры да, жасы да, ұлты да әр түрлі, әр қилы 60-қа жуық образдар жасап, халықтың сый-сияпатына, ризашылығына бөленіп жүрген табиғи дарын иесі. Өзіне де, өзгеге де зор талап қоятын талғамы өте жоғары кемелденген маман.
Г.Қыпшақова қоғамдық жұмыстан да қол үзген емес. 1987-1989 жылдары қалалық мәслихат кеңесінің депутаты, көркемдік кеңес мүшесі, «Қазақстан театр қайраткерлері Одағы» жергілікті бөлімшесінің төрайымы болды. Қосымша «драма», «тіл мәдениеті», «мәнерлеп оқу» үйірмелерінде жұмыс істейді, жас ұрпақтың әсем де рухы биік азамат болып қалыптасуына атсалысуда.
Бұл еткен еңбегі үшін ол облыстық білім басқармасының, «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталды.
1999 жылы Бішкек қаласында өткен «Ш.Айтматов және Театр» атты халықаралық театр фестивалінде «Сократ түні» спектаклінде ойнаған үш рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесіне ие болды. Ал, 2003 жылы Н.Сацтың 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде «Құлыншақ пен Бөлтірік» спектакліндегі Ана Дала рөлі үшін фестиваль лауреаты және 2011 жылдың театр өнеріндегі айырықша шығармашылық табыстары үшін жылдың «Ең үздік актрисасы» атанып, Қазақстан театр қайраткерлері Одағының «Еңлікгүл» кәсіби сыйлығының лауреаты атанды.
Г.Қыпшақова – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға